Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

87.Үсік шалу және алғашқы көмек көрсету.

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалардың, мүшелердің зақымдануы үсік шалу деп аталады. Күйіктерден айырмашылығы үсік шалу әртүрлі температурадан пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен, қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі . Үсікке шалдыққан кезде денедегі қан айналымы бұзылады. Өйткені, суықтың әсерінен тері қатты тітіркенеді де қан тамырлары жиырыла бастайды. Айналымдағы қан үйып, тамырлар бітеліп қалады, осыдан дененің тіндері көріктене алмай, тіршілігін жоя бастайды. Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі температураның созымдылығы мен төменгі температураның ықпалының дәрежесіне байланысты. Алғашқы медициналық көмек кезінде зардап шегушіні, әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерлерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру қажет.

Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде мұны ұзақ уақыт жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлшегінде сезімталдық, қызару және жылыну пайда болған кезде тоқтатады. Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40 градусқа дейін біртіндеп арттырған жөн. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп, таза таңғышпен орап, жылы ұстаған дұрыс.

Сырқатқа жылы шай, кофе, сүт, жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді. Қан айналымын жақсарту шаралары, буындардың қозғалысы бақыланады. Үльтракүлгін сәуле және т. б. физиотерапиялық емдер қолданылады. Науқасқа ауруды сездірмеу үшін промедол, омнопон дәрілер беріледі, сіреспеге қарсы егіледі.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқатарды емдеу амбулаториялық тұрғыдан, яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі. Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсіккке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

Үсікті емдеу кезіндегі негізгі міндет, ылғалды гангренаның дамуын ескерту болып табылады, ал ол пайда болған кезде ылғалды гангренаның құрғақ гангренаға ауысуы үшін барлық шараны жасау қажет. Алғашқы көмек:

- Егер дене температурасы 35 гр С-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз.

- Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз.

- Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.

- Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 гр С жылы суға салыңыз және қызарып, жылығанша ұстаңыз.

- Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.

- Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.

- Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз

88.Зардап шегушіге жасанды дем салу арқылы көмек көрсету ережелері.

Реанимация, лат.сөзі, тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған не тоқтап қалған адам организмінің жұмысын қалпына келтіруді айтады. Бұл шара клиникалық өлімде, тыныс алу тоқтаған, қан айналымы бұзылған жағдайда дереу қолданылады. Адам ауыр жарақаттанып, есін жоғалтқан кезде, клиникалық қаза жағдайына түсетін болса, онда оған дереу қолдан демалдырып, жүрегіне жанама массаж жасау керек. Жасанды демалдырудың бір түрі “ауыздан-ауызға” әдісі кеңінен тарған. Бұл әдісті қолданғанда трубка арқылы талып жатқан кісінің аузына үрлеп, демалуға көмектеседі. Ол үшін адамды шалқасынан жауырына жатқызып, аузын кең ашып, ішін салфеткамен тазалайды. Содан кейін бір слой салфетка /орамал/ аузына жауып, мұрнын қысып тұрып, өз ерніңді оның ерніне тығыз қойып, күшпен ауа айдау керек. Айдаған ауа әсерінен өкпесі көтеріліп, оның нерв жүйелеріне әсер беріп, мидағы демалыс орталығын оятады. Минутына 16-18 дүркін үрлегенде не тіршілік пайда болады не қаза болғаны байқалады. Егер аузының төменгі жағы сынған болса ауаны мұрын арқылы айдайды. Бір танауына трубка кигізіп, сол арқылы ауа айдап, екінші тануын және аузын жабық ұстау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]