Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

82.Қан кету түрлері, олардың ерекшелік белгілерін сипаттаңыз.

Қан кету — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес: артериялык, веналык, капиллярлык жөне паренхиматозды қан кету деп бөлінеді. Артериядан қан кету ірі артерияньщ зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді. Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне өкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды. Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жара-лануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады. Паренхиматозды органдардыц (бауыр, көк бауыр) зақым-дануыкезтде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді. Қан ағу (құйылу) орынға байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін. Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді. Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан көп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады. Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:

* Жараны қысыңыз;

* Зақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;

* Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз;

* Қысатын таңғышпен байлаңыз;

* Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.

- Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықтар таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз.

- Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды дәкемен орау қажет болмаса, саусақтарын ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз.

- Пяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтатудың тиімді тәсілі болып табылады.

Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады

83.Жарақат (жаралар) түрлері, олардың ерекшелік белгілері. Алғашқы көмек көрсету ережелері.

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.  Жарақаттар–бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды. Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз. Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақым-дануытдэа^атдепаталады, мысалы: согып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін. Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, ітп жөне бас сүйегі ішіне еніл кеткен жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.

Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бүзылуы сипатына байланысты жаралардың темендегідей түрлерін ажыратуға болады:

кесілген(пышақпен,алмаспен,өйнек,шыны жарышақтарымен жаралану-жара шеті ажырап, каттықанайды);

шабылған (балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);

шаншылған,түйрелген ж.(пышақ,шеге,біз,қанжар,айыр,сүңгі-найзамен-кейде терең болуы мүмкін,ішкіоргандар,мысалы,кеуде не іш қуысы зақымдануы ыктимал);

соғылған жөне зақымданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары жөне т.б.) өрекеті өсерінен мылжаланған жөне жұлын-ған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді жөне айналасындағы тіндердің едөуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады. Жаралар ок тиген (оқтык, жарыкшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіл етіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қальш койса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін.

Тірек-қимыл аппараты құрылымының бүтіндігінің бұзылуы.

Тірек-қимыл аппараты жарақатының 4 түрі бар: 1)Сынықтар (сүйек, сүйек үсті, шеміршектер); 2)Буынның шығуы; 3)Бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы;4)Бұлшық еттер мен сіңірлердің жыртылуы. 

Алғашқы көмек: - Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету. - Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсеңіз, дененің зақымданған бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммоблизация). - Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек. 

Имоблизация үшін келесі құралдар пайдаланылады: - жұмсақ (көрпе, орамал т.б.); - қатты (картон, тақтай, кітап және т.б.); - анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына); - дайын шиналар. Алғашқы көмек: - Жедел жәрдем шақырыңыз: - Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз. - Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз. Сыртқы қан кетуін тоқтатыңыз. - Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз. - Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі киіліп тұрса, оны шешпеңіз. Қорғаныс шлемін зардап шегуші деп алмаған жағдайда ғана шешіңіз. 

84.Қол-аяқ сүйегінің сыну түрлері және алғашқы медициналықкөмек көрсету ережелері.

Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалык күш өсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сыныктарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынык екі жарықшакты болса, онда ол: 1)Жабық (бейбіт уақытта — терінің закымдануынсыз); 2)толық (сүйектің бүкіл түтастығының бөлігі бүзылуы),толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы) болып бөлінеді. Сынық белгілері:

—сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы);

— аяқ-кол функцияларыньщ бүзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық емес сыну кезінде жөне шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

—аяк-кол сүйектерінщ кыскаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);

аяқ-қол сүйектері формасының езгеруі (деформация-майысу);

зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (силалап көру кезінде);

кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);

кейде дене қызуыньщ көтерілуі (алғапгқы күндері —38°С-қа дейін);

бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек жөне басқаларының закымдану белгілері айқындалады.

Толық сынық түрлері:

келденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына келденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);

қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзьшдығына көлденең (аяк-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);

бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығьша параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяк-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында);

бұранда төрізді сыну сызығы — бұранда төрізді сызық түрінде (үзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);

аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—төрізді,Ш—төрізді, сына төрізді жөне т. б.) сызығы. Көбінесе ішкі жөне буын айналасы сүйектерінің сынуы;

шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді. Сүйек тұтастығының бұзылуы саныбойынша жекеленген жөне көптеген, жарыкшақты болады (сүйектің үш жөне одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда).

Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқкиім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердіц ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері

Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жөрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері

АМЖК кезінде сыныктардың аскынып кетпеуіне (жаракатты шок, қансырау жөне т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан кан кету кезінде (аз уақытка жгут салынады) жөрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас жөне т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу жөне ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дөрілер (промедол, морфин жөне т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас жөне т.б. сынуы кезінде колдануға болады.

Зақымданған кол-аяқты иммобилизациялау керек (уакытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің козғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:

ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға ;

жаракаттық бүлінудің (жұмсак тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;

ашық сынық кезінде жара жүщіасы пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;

4) сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.

Егер ашық сынык болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны еңдеп, стерильді тащыш салу керек. Жараға жүкпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.

Зақымданған ошақта стандартты жақтаулардан басқа жасаңды (колда бар) жақтаулар (ағаштан, шыбықтан, ағаш қабығынан, кабықшадан, сабан байламынан, картон қағаздан, қолшатырдан, күректен, сүңгі пышактан, мылтықтан жасалған) колдануы мүмкін.

АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек: металдан жасалған (мысалы, Крамер сатылы жақтаулары) ағаштан жасалған (Дитерихс типті жақтаулар), кейде пластмастан жасалған (кол-аяқты ыстык суға түсіргеннен соң оларды реттейтін).

Жақтаулар — алдын ала мақта немесе баска матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе кыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.

Дененің ашык жерлерін де мактамен орауға болады. Мақтамен оралған жақтау үстіңгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны кол-аяқ формасы мен көлемі бойынша бүгіл салу керек (ол үтттін өзіне немесе баска сау адамға салып көру қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүгіліп, мақтамен оралған) дөкелі бинтті ал ол колда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-арқанды, бау-белдікті ңолданумен жүзеге асырылады. Бұл кезде кол-аяқ физиологиялык жағдайға келтіріледі. Аяқтың сынуы кезінде жаңтау (тасымалдағыш) аяктың түзетілген жағдайында салынады.

Жактауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатңан екі буьш оралатындай етіл жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік жөне төмен).

Мысалы:

балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе жөне аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;

иык сүйегінің сынуы кезінде — иык, шынтак жөне көрі жілік білезік буындарын орап алу;

жамбас сүйегінің сынуы кезінде — жамбас, тізе жөне аяқ басы, балтыр буындарын орап алу.

Қол немесе аяқ басы саусактарының ұштарын (егер олар закымданбаса) таңғыштан бос калдырады (кол-аяктың кан айналымьш тексеру үшін);

Қолды иммобилизациялау үшін сым томір Ішмпгс* сатылы жактаулар (Крамер), фанер жөне картоп жнк таулар, үшкіл орамалмен байлау жөне т.б. колданмлнды; аяқ үшін — Дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтаулпрып (ағаш) немесе бірнеше үлкен сатылы Крамер жактауы қолданылады.

Қол сынғанда: жақтау салу кезінде келесі ережелерді сақтау керек:

зақымданған колды созуға болмайды;

ашык жара мен катты қан кету кезінде, алдымен,таңғыш пен жгут салынады, сосын қолдың екі жағынан жақтау қойылады;

екі жақтау да сынык орнынан төмен жөне жоғары орналасқан буындарды камтуы керек;

—жактауды салар алдында жұмсак мата немесе мактамен орау қажет.Тасымалдағыш жактауды салу кезіңде колды белгілі бір жағдайға қояды:

кол иык буьшында біраз алға беріліл, тік бұрыштап шынтакта бүгіледі;

көп жағдайда алақан ішке карай қысылады;

кол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліл, саусақтар жартылай бүгіледі, ол үтігін аурудьщ алаканына бинт немесе дөкеге оралған тығыз мақта түйіншегі салынады. Зардап шегуші оны саусақтарымен қысып алады.

Стандартты сым темірлі жақтауларды (Крамер) пайдаланған дұрыс, ал олар колда болмаған жағдайда — фанер, картон немесе басқа жактаулар колданылады, ен болмағанда — зақымданған қолды үшкіл орамалмен асып қою керек (қол коспасы мен білек сынуы кезівде) немесе оны денеге бинтпен орап тастайды (иық сынған кезде).

Иык сынған кезде жақтауды бүгілген колдың сырт жағьша салады: саусақ түбінен бастап, козғалмайтын қодцың иық буынына дейін. Жақтаудың үзындығы келмеген жағдайда оньщ үштарына фанер тақтайшаны бинтпен орау аркылы ұзартуға болады.

Білек сүйектер сьшған кезде жақтаушаны тікелей білекке салады, ал бинтпен оралған білекті үшкіл орамалмен асып кояды.

Қол қоспасы мен саусак сүйектерінің сынуы кезінде жактаушаны алаканының бетіне салып, мыктап бинтпен орайды, ал қолды үшкіл орамалмен асып қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]