Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

57.Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлар

58.Радиациялық және химиялық барлау құралдары

Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын және т. б. жақтарын анықтау АҚ-ң, Төтенше жағдайдың үйымдарының барлау құрылымдырының негізгі міндеттері. Бүл жүмысты АҚ-ң, Төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары үйымдастырып, жүргізеді.

Барлау органдарыныц жұмыстары:

1)Ауаның, судың, топырақтың, өсімдіктердің және басқа да обьектілердің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап, лабораториялық талдаудан өткізіп отыру;

2)Табиғат дүлейіне не ірі апатқа үшыраған аймақтың көлемін, қолайсыз эпидемиялық не эпизодтық жағдайға үшыраған аудандарды анықтайды;

3)Елді мекенді көшіретін жағдайда жолдың, жол бойғы қүрылымдардың жәйін, апатқа ұшырау қауіпі бар обьектілерге жол-қатынас мүмкіндігін зерттейді.

4)Барлаушылар соғыс сипатын, жаппай қырып-жою қаруларын және қарудың түрін, апат ошақтарын, хим-қ қару жарылған орындарды анықтайды: (радиациялык, хим-қ зақымдану-дың бар-жоғын, деңгейін, улы заттардың түр-түсін анықтайды).

Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.

Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді.

Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі

Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады.

Химиялық барлау аспаптары — ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны — ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос), индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады. Сонымен бірге құрал жиынтығына сынама алуға арналған қалақша, залалданған бөлікті көрсететін таспа, қалта электр фонары, жазбаларды түсіріп отыратын конверт пен нұсқау кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]