Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

55.Қауіпті жүкті тасымалдау кезіндегі қауіптілік шаралары

56.Күшті әсерлі улы заттектің және уландырғыштар заттектердің адам ағзасына әсері

КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛАҒЫШ ЗАТТАР – (КӘУЗ) бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар

Улағыш заттар хим-қ қарудың негізін құрайды. Хим-қ қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болуы аумақ хим-қ зақымдану ошағы д.а.

УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарда жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана месе, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу-газ тәріздес күйде, тұман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ заұымдағыш әсерінен бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалараы мен кілегейлі қабықтары арқылы, УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен орг-ге өткен кезде адамдарды зақымдайды.

Осы заманғы УЗ орг-ге тек терінің зақымдалған бөліктері ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зқымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы орг-ге түскен УЗ-ң улағыш қасиеттері мен санына, УЗ-ң түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ орг-ң жәй-күйіне байланысты.

УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ БОЙЫНША ТОПТАСТЫРЫЛУЫ

Жүйке жансыздандыр-атын әрекетті Улағыш заттар-Ауыз темір татып, ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, көздің тұсы шаншиды, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Одан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, қарашық үлкейеді, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданушы есінен танып, сіңірлері тартылып, паралич басталады. Дем алуы тоқтап адам өлуі мүмкін.

Тері – іріңдік әрекетті Улағыш заттар-Көздің кілегей қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылады, жүрек айниды /құстырады/. Зақымданушы зақымдану ошағынан шыққан соң 4-6 сағат бойы бұл белгілер жоғалады. Содан соң тыныс тарылып, қызу көтеріледі, су ағып жөтелтеді, бас ауырады, ентікпе байқалып, жүрек соғуы жиілейді.

Тұншықтырғыш әрекетті Улағыш заттар-Түкірік тоқтамайды, қарашық таралады /миоз/, тыныс қиындайды, жүрек айниды, құсады, іш өтеді, паралич болады, қорқыныш және естен тану сезімі пайда болады, бірнеше сағатқа сіңірлері тартылады. Тұншықтыратын улағыш заттар тыныс жолдарына әсер етігі, тамақты күйдіріп, жөтелтеді, кеудені қысады. Бірінші кезекте өкпе альвеолы мен ұсақ тамырларының қабырғалары зақымданады. Ол қатты зақымданғанда өкпе қабынады., сөйтіп дененің оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады. Тұншықтыратын улағыш заттардың сонымен қатар жалпы улағыш әсері де бар

Жалпы улы әрекетті Улағыш заттар-Көз, кеуде қатты ашып ауырады, жас парлайды, көз жұмыла береді, түшкіртеді, мұрын бітеді (кейде қанайды), ауыз, мұрын жолы, жоғарғы тыныс жолдары ашиды, жөтелтеді

Тітіркендіргіш әрекетті Улағыш заттар-Тыныс жолы құрғақсып ашиды, одан әрі кілегей қабық қатты ісіп іріңдейді. Қатты уланғанда өкпе қабынып, 3-4 күннен соң тұншығып өледі. Оның буы көзге зиянды. Көзге бірдеңе түскендей бо-лып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, одан әрі көз бен қабақ ісініп қатты былшықтанады. Ол асқазан-ішекке түссе, 30-60 мин. соң асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.

Психохимиялық әрекетті Улағыш заттар-Оның әсері 0,5-3 сағат кейін білінеді. Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірілік қарекет бәсеңсиді, ал көп концентрацияларда – бірнеше сағат ішінде жүрек соғуы жиілейді, тері, ауыз құрғақсиды, қарашық үлкейіп, өмірлік қарекет бәсеңсиді. Келесі 8 сағат ішінде мелшиіп, тіл күрмелу басталады, одан әрі өрекпіп, ол 4 тәулікке дейін созылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]