Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
122.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

53.Уландырғыш заттектердің сипаттамасы және жіктелуі.

Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді.

Улағыш заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік кышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикага өсері (BZ), тітіркендіру әсері (CS — адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар үзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге өкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл жөне басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (адам ағзасына әсері тыныс органдарына және теріге тигенде (мыс., кәгерткіш кышқыл, зарин және т.б.) бірден сезілетін ұлагыш заттар (V), жай әсер ететіндер ( әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты жөне күкіртті иприттер, фосген, ди­фосген.

5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

6. Басқалары жатады.

Жүйке жансыздандыр-атын әрекетті Улағыш заттар-Ауыз темір татып, ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, көздің тұсы шаншиды, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Одан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, қарашық үлкейеді, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданушы есінен танып, сіңірлері тартылып, паралич басталады. Дем алуы тоқтап адам өлуі мүмкін. Анықталады: ХБӘА аспабының үш жасыл шеңбері бар индикаторлық түтікшесі арқылы. Қорғаныш құралдары: Противогаз және пана

Тері – іріңдік әрекетті Улағыш заттар-Көздің кілегей қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылады, жүрек айниды /құстырады/. Зақымданушы зақымдану ошағынан шыққан соң 4-6 сағат бойы бұл белгілер жоғалады. Содан соң тыныс тарылып, қызу көтеріледі, су ағып жөтелтеді, бас ауырады, ентікпе байқалып, жүрек соғуы жиілейді. Анықталады: ХБӘА аспабының үш жасыл шеңбері бар индикаторлық түтікшесі арқылы. Қорғаныш құралдары: Противогаз және пана

Тұншықтырғыш әрекетті Улағыш заттар-Түкірік тоқтамайды, қарашық таралады /миоз/, тыныс қиындайды, жүрек айниды, құсады, іш өтеді, паралич болады, қорқыныш және естен тану сезімі пайда болады, бірнеше сағатқа сіңірлері тартылады. Тұншықтыратын улағыш заттар тыныс жолдарына әсер етігі, тамақты күйдіріп, жөтелтеді, кеудені қысады. Бірінші кезекте өкпе альвеолы мен ұсақ тамырларының қабырғалары зақымданады. Ол қатты зақымданғанда өкпе қабынады., сөйтіп дененің оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады. Тұншықтыратын улағыш заттардың сонымен қатар жалпы улағыш әсері де бар. Анықталады: ХБӘА –ның қызыл шеңбері мен нүктесі бар түтікшесімен және газ сигналдағышы арқылы. Қорғаныш құралдары: Противогаз, қорғаныш киім, пана.

Жалпы улы әрекетті Улағыш заттар-Көз, кеуде қатты ашып ауырады, жас парлайды, көз жұмыла береді, түшкіртеді, мұрын бітеді (кейде қанайды), ауыз, мұрын жолы, жоғарғы тыныс жолдары ашиды, жөтелтеді. Қорғаныш құралдары: Противогаз және пана

Тітіркендіргіш әрекетті Улағыш заттар-Тыныс жолы құрғақсып ашиды, одан әрі кілегей қабық қатты ісіп іріңдейді. Қатты уланғанда өкпе қабынып, 3-4 күннен соң тұншығып өледі. Оның буы көзге зиянды. Көзге бірдеңе түскендей бо-лып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, одан әрі көз бен қабақ ісініп қатты былшықтанады. Ол асқазан-ішекке түссе, 30-60 мин. соң асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді. Анықталады: ХБӘА аспабының бір сары шеңбері бар түтікшесі арқылы. Қорғаныш құралдары: Противогаз, қорғаныш киім және пана

Психохимиялық әрекетті Улағыш заттар-Оның әсері 0,5-3 сағат кейін білінеді. Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірілік қарекет бәсеңсиді, ал көп концентрацияларда – бірнеше сағат ішінде жүрек соғуы жиілейді, тері, ауыз құрғақсиды, қарашық үлкейіп, өмірлік қарекет бәсеңсиді. Келесі 8 сағат ішінде мелшиіп, тіл күрмелу басталады, одан әрі өрекпіп, ол 4 тәулікке дейін созылады. Анықталады: ХБӘА аспабының бір сары шеңбері бар түтікшесі арқылы.

Қорғаныш құралдары: Противогаз, ФВУ-мен жарақтанған пана

Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін. Химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90 пайызға дейін болады.Бұл улағыш заттың қолдану тәсілі мен түріне ,халықтың орналасу тығыздығына ,химиялық оқ-дәрі

тығыздығы,ауа райы, географиялық жағдайларға, халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі ,шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты.УЗ таза түрде ,бейтарап заттармен қосылып және радиоактивті қалдық заттармен бірге қолданылуы мүмкін.УЗ – дың агрегаттық күйі – сұйық ,аэрозольды,бу түрінде,газ түрінде,сондай ақ құрғақ қалдық зат түрінде болуы мүмкін. УЗ адам ағзасына :

1.тыныс алу органдары арқылы бу ,азрозоль, газ түрінде ;

2.тері мен шырышты қабық арқылы – тамшы – сұйық күйде;

3.асқазан – ішек жолдары арқылы- тамшы – сұйық күйде ;

4.жара беті арқылы – аэрозоль, тамшы – сұйық күйдеәсер етуі мүмкін

54-79.Күшті әсерлі заттектерден жеке қорғану құралдары.

ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сактау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін. ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс кирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін томендейді. ӘКУЗ - қайнайды (қайнау to +20°С) жөне атмосферага газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Хим-қ зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сүйық түсуі және бумен демалу нөтижесінде болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті обьектідегі апат туралы дабыл жарияланганда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:

1)улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген сон тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану қуралдарын пайдалану керек;

2)жақын жсрдсгі панаханаға немесе арнайы жасыры-натын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;

Зақымдалған аумақпjен жүрген кезде мына тәртіп-терді мүлтіксіз сақтау қажет:

1)жүгірмей және шаңдатпай тез жүру;

2)төтенше жағдай үйымдарының өкілінің бүйрығына дейін қорғаныс қүралдарын шепшеу керек, жыраларды, шүңқырларды, батпақтарды, тонельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;

3)зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетін-ше қозғалмайтын қарттар мен балаларға қажетті көмек корсету.

ӘКУЗ төгілген кезде көсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер;

Хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орын­дарды көтерілу қажет:

а) егер сіз төменгі қабаттағы потерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;

ә) егер сіз кошеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.

Аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни томен жерлерді таңдау қажет (жертөле).

Химия л ық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке корғаныс қүралын тез киіп, өзіңіз түрған ғимаратты қымтаңыз:

1)есік пен терезені жақсылып қымтаңыз;

2)ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.

Егер дабыл сізді кошеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағанан шығып, желге қарсы жүріңіз.

Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайгын противогаз кию керек.

Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі).

Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак тегілген кезде) ертіндісімен шайылған кез келген матаны пайда-ланыңыз.

Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сүйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.

Халықты ӘКУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бүлт жақындағанға дейін жүргі-зіледі.

Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк түнбасын, кальциленген соданың ертіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті қүяды (шамамен 2 л. ертіндіге 1кг хлор) суды немесе ертіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады

Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидранттың көмегімен буды жүту үшін суды шашыратады.

Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады. Оларды дайындау жолдар ол үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата кабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің үшын екі байлау жүбы шығатындай етіп қияды.

Таңғыш ауыз бен мүрынға қойылады. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жорға жағының қүлақ үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды. Таңғыш пен беттің арасындағы саңылауларды мақтамен тығыздайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]