Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 экзамен-есеп 40 балл).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
604.16 Кб
Скачать

24. Қр салық түрлері

Салықтар – мемлекеттің бір тарапты тұрғыда заңмен бекіткен, белгілі бір мөлшерде төленетін, қайтарымсыз және өтеусіз ерекшеліктегі бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдері.

Төлем жасау,  қабілетіне  байланысты салықтар  тікелесі және жанама  болып  бөлінеді.   Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады.  Осыған жататындар:

  • Корпоративтік табыс салығы

  • Жеке табыс салығы

  • Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

  • Әлеуметтік салық

  • Көлік құралы салығы

  • Жер салығы

  • Мүлік салығы

  • Экспортқа рента салығы

  • Ойын бизнесі салығы

  • Тіркелген салық

 Жанама салықтар  - бұл  белгілі  тауарлар  мен  қызметтерге  салынатын салықтар. Жанама  салықтар  бағаға  үстем жасалып алынады ( мысалы  акциздар). Бұлар жарым -  жартылай немесе толық тауар қызметтер  бағасына адарылады.  Жанама салқтардың негізгі  түрлері:

  • Қосылған құн салығы

  • Акциздер

25-тапсырма. Тікелей салық түрлерінің сұлбасын құрыңыз.

Тікелей салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

26-тапсырма. Жанама салық түрлерінің сұлбасын құрыңыз.

Жанама салықтар –бұл баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.

27-есеп. Өз кәсібімен айналысушы аяқ киім жөндеушінің орташа айлық табысы 30 мың тг құрайды,егерде оның жылдық орташа табысы 360 мың тг болса (30*12=360 мың тг.) Кәсіпкер патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдана алады ма?

ҚР-ның салық кодексінің 429-бабында патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін кәсіпкерлер қолдана алады деген:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Ең соңғы белгіленген ең төменгі еңбекақы сомасы 17439тг.

200*17439=3487800тг болады.

Ал, біздің мысал бойынша кәсіпкердің орта жылдық табысы 360000, яғни 3486400›360000. Кәсіпкер патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдана алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]