
- •6. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз:
- •7. Қалай жеке кәсіпкер бола аламыз. Сұлбасын сызыңыз.
- •8. Толық серіктестіктің тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз
- •9. Мемлекеттік кәсіпорынның тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз
- •10. Сенім серіктестігін тіркеуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз
- •11. Шағын кәсіпкерлік субьект екенін қандай көрсеткіштер арқылы анықтаймыз
- •12. Орта кәсіпкерлік субьект екенін қандай көрсеткіштер арқылы анықтаймыз.
- •13. Ірі кәсіпкерлік субьект екенін қандай көрсеткіштер арқылы анықтаймыз.
- •14. Кәсіпкерліктің ұйымдық сызбасын сызыңыз.
- •15. «Жақсы кәсіпкердің» бейнесін сипаттаңыз.
- •16. Іскерлік сәтсіздіктің себебін атаңыз.
- •17. Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын құрыңыз.
- •1. Жалпы ережелер
- •18. Сенім серіктестігінің үлгі жарғысын құрыңыз. Сенім серіктестігінің үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер
- •19. Толық серіктестіктің үлгі жарғысы
- •20. Өндірістік кооперативтің үлгі жарғысы
- •21. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгі жарғысы
- •22. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгі жарғысы
- •23. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны
- •24. Қр салық түрлері
- •28. Мемлекеттік кәсіпорынның тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз.
- •29. Коммерциялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезеңінің құрылымын құрыңыз
- •30. Акционерлік қоғамның тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз.
1. Бизнес субьектілерінің құрылымын құрыңыз.
2. Қазақстан Республикасындағы тікелей және жанама салық түрлерінің сұлбасын сызыңыз.
Тікелей салық түрлерінің сұлбасын құрыңыз.
Тікелей салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
3.Коммерциялық
кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезеңінің
құрылымынқұрыңыз.
4.Инфляция деңгейін есептейтін формуланы жазып, төмендегі есепті шығарыңыз. Мысалы: Ұн өнімі 2011 жылы – 150 теңге, инфляция деңгейін есептеңіз.
Инфляция деңгейі=
P1=ағымдағы баға
Р0=базалық баға
5. 10-12%; 20-30%; 5-10% көрсетілген рентабельдік қандай қызмет түрі екенін анықтаңыз:қаржылық, қызметтік, коммерциялық, өндірістік қызмет.
Өндірістік кәсіпкерлік ең күрделі және ең маңызды кәсіпкерлік түрі болып саналады. Өндірістік қызмет кәсіпорынның 10— 12% рентабельділігін көрсетеді.
Коммерциялық қызметте 20—30% рентабельділігін көрсетеді. Ал қаржылық кәсіпкерлік кәсіпорынның 5-10% рентабельділігін көрсетеді.
6. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз:
1.Жеке куәлік көшірмесі (паспорт)
2.Салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (РНН)
3.Жалға алынған туралы келісім шарттың көшірмесі(егерде ғимарат өзіңіздің меншігіңіз болса, онда оның құжаттарының көшірмесі)
4.Іс қағаздардың тігіп қоятын пластикалық мұқаба
5.Тіркеу туралы алымдардың төленгені туралы түбіртек немесе төлем табытамасының көшірмесі
6.Сурет 2,5x3,5 (1 дана)
7.Куәлік алуға өтініш (белгіленген үлгідегі 3 түрлі)
8.Патент алу үшін №912 өтініш түрі керек.
9.Патентті алу үшін СИК тің көшірмесі, зейнетақы қорымен келісім шарт көшірмесі қажет.
7. Қалай жеке кәсіпкер бола аламыз. Сұлбасын сызыңыз.
Тұрғылықты жеріңізден салық комитетіне өтініш бересіз, оған мына құжаттарды қосып тіркейсіз: тіркеу үшін мемлекеттік алымның төленгені туралы (4 АЕК * 1092) түбіртек =4368
- 1 фотосурет(3*4)
- жеке куәлік
- жеке тұлғаның СТН – і
- үй – жайды жалға алу шарты
ҚР, басқа мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар
Салық комитетіті 2 күннің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді
-мөрді дайындайды
-банкте есепшот ашады
-қажет кезінде лицензия алады
-жұмысқа кірісесіз
- 6 айдан соң кассалық аппарат орнатасыз
8. Толық серіктестіктің тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз
Толық серіктестік деп толық серіктестіктің мүлкі жетіспеген жағдайда мойнындағы барлық мүліктің міндетемелеріне жауап беретін қатысушылары бар серіктестікті айтамыз.
Бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Қатысушылардың жалпы жиналысында бектілген жарғының қазақ және орыс тілдегі 3 данасы;
Қазақ және орыс тілдеріндегі құрылтайшылық келісім-шарттың барлық қатысушылар қол қойған 3 данасы немесе барлық мүшелерінің аты-жөні, туған жылы мен мекен-жайы көрсетілген кооператив мүшелерінің тізімі;
Орналасқан жері туралы құжат;
Тіркеуге байланысты төленетін төлем квитанциясы (7600 тенге).
Сенім-хат / құжаттарды үшінші бір тұлға ұсынса/.
9. Мемлекеттік кәсіпорынның тіркелуге қажетті құжаттар тізімін көрсетіңіз
Мемлекеттік тіркеу - бұл кәсіпкерлік құрудың заңдылығын дәлелдейтін және оған кәсіпкерлік қызмет атқаруға құқық беретін мемлекеттік құзырлы органның билік актісі. Оның мақсаты - кәсіпкерлік құру кезіндегі заң бұзушылық мүмкіндіктерін жою және жаңа салық төлеушінің орнын анықтау.
Әділет Басқармасында заңды тұлғаны тіркеуге қажетті құжаттар
Белгіленген үлгідегі өтініш
Мемлекеттік және орыс тілдерінде
Заңдық мекен – жайға құқық белгілейтін құжаттар
Тіркеу үшін мемлекеттік алымның төленгені туралы түбіртек
Жалпы жиналыстың шешімі немесе хаттамасы
Филиалдар мен өкілдіктерді есепке алып тіркеуге қажетті құжаттар:
1.Белгіленген үлгідегі өтініш
2. Мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек
3.Заңды тұлға бекіткен филиалды құру туралы заңды тұлғаның шешімі 3 дана мемлекеттік және орыс тілдерінде
4. Заңды тұлға бекіткен филиал туралы ереже
5. Филиал жетекшісі берген заңды тұлғаның сенімхатты бекіткен.
6. Заңдық мекенжайға құқық белгілейтін құжаттар