
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
13. Бизнес субъектілері.
Нарықта еркін қызмет ете алатын капитал иелері – жеке тұлғалар мен заңды тұлға болып табылатын кәсіпорындар – бизнес субъектілері болып табылады. Оларға: отандық және шетелдік коммерциялық ұйымдар, коммерциялық қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдар мен жеке кәсіпкерліктер жатады.
Жеке кәсіпкерлер жалдамалы еңбек күшін қолданбай жүзеге асырылады; бірақ қазіргі заңдар жұмысшыларды келісім шарт негізінде жалдауға рұқсат етеді.
Заңды тұлғалар салымдар негізінде , өндіріс процесінде жиналған және бірігіп қызмет ету негізінде өндірілген серіктестіктің немесе қоғамның жеке меншігі болып табылатын қатысушылардың салымдарына бөлінген жарғылық капиталы, мүлкі бар коммерциялық ұйымдар болып табылады. Оларға келесілер жатады:
Толық серіктестік
Сенім серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Акционерлік қоғамдар
Өндірістік кооперативтер
Мемлекеттік және муниципалды ұйымдар.
Аталған ұйымдар заңды тұлға ретінде меншігінде немесе бақылауында меншігі болуы тиіс және осы мүліктерімен жауапты болып табылады.
14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
Инновация интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокка тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім немесе технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Инновация инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, көрсетілген қызмет жаңа немесе жаңартылған үдеріс түрінде іске асырылған нәтижесі. Сондай ақ қоғамдық қатынастардың әр түрлі саласында өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына прогрессивті ықпал ететін ұйымдық технологиялық, қаржы экономикалық ж.б. да шешімдер; персоналды ұйымдастыру әдістемелерінінң жиынтығы, бірақ ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация аталуы үшін белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болуы шарт. Инновациялық пайдалылық эффектінің мынандай түрлері болады: эк/қ тиімділік, экологиялық тиімділік, ҒТ/қ тиімділік, әлеуметтік тиімділік. Қазіргі күнгі әдебиеттерге сай инновацияларды үш түрге жіктейміз: инновация – өнім – өнімдік инновация; инновация – технологиялық инновация; ұйымдастырушы – басқару саласындағы инновация.
Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқаруда ақшалай қаржаттарды басқару мен инновациялық мәселелері өзекті болады. Сонымен кәсіпорындағы инновацияның негізгі кезеңдеріне тоқтала кетсек:1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру.2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу.
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау.
4. Жаңа өнімді құру.5. Нарықта тестілеу.
6. Өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау. [3]
Экономиканың үнемі қарқынды дамуын қамтамасыз етуде өндірістің техникалық және технологиялық базасының ұдайы жаңаруын, жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді игеріп, оларды шығаруды, әлемдік тауарлар мен қызметтер рыноктарына тиімді кіруді қамтамасыз етуге қабілетті инновацияларды дамытудың маңызының артып отырғаны мәлім. Бұл үшін қоғам өмірінің барлық салаларын және ең алдымен экономика саласын реформалау қажет. Яғни бұл кәсіпорын жағдайына тікелей байланысты болғандықтан ондағы инновациялық процесcтерді тиімді ұйымдастыра білу қажет.
15. Тауар биржасын құру ж/е оның қызметі − Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, сауда саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы бол.таб.
Тауар биржасы сауда саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді. Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады тауар биржасының атауында «Тауар биржасы» деген сөздер болуға тиіс. Т.б/ң жарғылық капиталын қалыптастыру, ҚР/ң акционерлік қоғам туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тауар биржасының мүшесі – ҚР/ң заңнамасына сәйкес т.б/ң ішкі құжаттарда көзделген тәртіппен б/қ т/мен мәмілелерді жүз.ас/ға құқығы бар брокер ж/е диллер.
1) тауар биржасы мүше/ң саны үшеуден кем болмауға тиіс,
2) т.б/на мүшелік заңға сәйкес биржалық сауда саттыққа құқық береді.
Биржалық баға:
1.тауар/ға биржалық баға б/қ тауарлық бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2 тауар б/ры биржалық тауарларға баға белгілеуді баға белгілеуді БАҚ/на күн сайын жариялауға міндетті.
Тауарлық биржа түрлері.Биржалық тауар түрлері: Тауарлық биржалық, тауарлы шикізаттық, валюталық, қор биржалық, еңбек биржасы. Ұйым принциптері б-ша ашық құқықтық, жеке құқықтық ; құқықтық мәртебесі :АҚ.ЖШС, саудаға қатысу формасы: ашық биржалар, жабық биржалар; тауар номенклатурасы : әмбебап биржалар, мамандандырылған;әлемдік саудадағы биржалардың рөлі және орны: ұлттық, халықаралық.. Жабық биржалар:биржалық делдалдардың рөлін орындайтын тұрақты сатып алушылар, мамандандырылған жинау органдар жүйесінің және биржаға дейінгі тапсырмаларды жасаудың болуы.Ашық биржалар: тұрақты биржалық делдалдар, толық ашық биржалар, ашық биржаның аралас түрі, делдалда (өздері және клиент атынан), диллер (өз аттарынан жұмыс жасайды және шығындарды өздері төлейді); Халықаралық биржа-тұрақты көптеп сату нарығындағы биржаның ерекше түрі, белгілі бір тауарлық биржаларды сатып алу келісім шарттарын жүзеге асырады. Сипаттары: пайданы еркін ауыстырумен қамтамсыз ету, спекулятивті мәмілені жүзеге асырады.Ұлттық биржалар-сол мемлекетің материалдық ресурстарын, тұтыну, ндірістің даму ерекшеліктерін ескереді.