Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 экзамен 40 балл).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.

Жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту бұл мемлекеттік қолдауды талап етеді. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту: мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру; орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру; жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру; бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн ұйымдастыру; жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды ҚазақстанРеспубликасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.

«Венчурлік бизнес» термині және «Венчурлік бизнес» түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «тәуекелшіл кәсіпорын» немесе «тәуекелге ұшырауы мүмкін сома». Бұл кәсіпкерліктегі жаңа өнімге деген жоғарғы тәуекел салдарлармен, дұрыс есептелмеген инженерлік шешімдермен, кепілдігі жоқ нашар өнімдерді нарықпен, бәсекелік нарықпен т.б. мен тығыз байланысты. Бірақ, инновациялық бизнеске жоғары көңіл бөлу, жаңа технологиялар мен өнімдерге бәрінен бұрын олардың жқғары табыстылығымен байланысты. Венчурлық бизнеске қосымша кіріс алады, яғни И.В. Емельянова мне С.Б. Байзакованың пікірлерінлегі аталған қосымша табыс негзгі әрекеттен түсетін табыстан едәуір көп.

Венчурлық бизнестің ерекшелігі болып : біріншіден мүліктік кепілдіктің міндетті еместігінде. Мұндайда бар акция үлестерінң келісілгендігі немесе жаңадан венчурлық фирманыңқұрылуы болып табылады; екіншісі коммерциялық банктер инновациялық жлбаларды қаржыландыруға қуана бармайды, яғни олар көбінесе өздеріне бастапқы пайданы 3-5 жылдың ішінде жоғарғы тәуекелмен алуы мүмкін. Бұдан басқа, венчурлық бизнесте жобаны басынан аяғына дейін қаржылық басқаруға қатысуға мүдделі; және үшінші соңғы ерекшелігі : кәсіпорынның жоғары табысына қол жеткізі үшін венчурлық капиталистер технологиялық жарылысқа себепші ғылым сіңіргіш зерттеулерге өз қаржы салымдарын салуға туекелге қуана барады. Бірақ венчурлық қаржыландырудың басқа бір ерекшелігі тәуекелдің өсу жағдайы үшін әлемдік тәжірибеде дәлелденген кезең-кезеңімен қаржыландыру болып табылады. Мұндай әдіс қаржылық тәуекелді төмендетіп қана қоймайды және жобаның сәтті жүргізілу щеңберінде қосымша ақша қаражаттарын иеленуге мүмкіндік береді. Венчурлық қаржыландырудың келесідей кезеңдері ажыратылады: 1-стартқа дейін; 2- старттық; 3-бастапқы кеңею кезеңі; 4-жедел кеңею; 5-дайындық кезеңі және 6- салымдардың тәуекелін жоюды қамтамасыз ету кезеңі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]