Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 экзамен 40 балл).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары

Кәсіпкерліктің екінші ұйымдық - құқықтық формасы – шаруашылық серіктестіктері мен қоғамдары. Шаруашылық серіктестіктері мен қоғамдары болып салымдар негізінде , өндіріс процесінде жиналған және бірігіп қызмет ету негізінде өндірілген серіктестіктің немесе қоғамның жеке меншігі болып табылатын қатысушылардың салымдарына бөлінген жарғылық капиталы, мүлкі бар коммерциялық ұйымдар табылады.

Шаруашылық серіктестіктері екі формада құрыла алды: толық серіктестік ретінде және сенім серіктестігі ретіінде. Сенім серіктестігінде жеке кәсіпкерлер немесе коммерциялық ұйымдар толық серіктестіктің қатысушылары және толық серіктестер бола алады. Шаруашылық қоғамдары акционерлік қоғам, шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар қоғамдар ретінде құрыла алады. Шаруашылық қоғамдардың қатысушылары және сенім серіктестіктердің салымшылары жеке және заңды тұлғалар бола алады. Белгілі бір жағдайларда жалғыз адам болып қоғам құруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік органдар және сенім серіктестіктерінің салымшылары бола алмайды.

5.2. Жарғылық капиталының құрылымы және құрыл у.

Шаруашылық серіктестер және акционерлік қоғамдардың түрлері

Ең кіші есептік көрсеткіштің мөлшері(ЕЕК)

Құрылу тәртібі

Ерекшеліктері

Толық серіктестік

25 ЕЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Құрылтайшылар тек жеке тұлғалар болып табылады

Сенім серіктестігі

50 ЕЕК

Құрылтай құжаттарымен анықталады

Салымшылар үшін 50% -дан жоғары емес

ЖШС

100 ЕЕК

Тіркеу сәтінде – жарғылық капиталының 25 % , бірақ ең кіші мөлшерден кем емес , жыл бойыына -қалған бөлігі

Серіктестік жалғыз өзі қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шарушылық серіктестігі бола алмайды.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

100 ЕЕК

Тіркеу сәтінде – жарғы капиталының 25 %, бірақ ең кіші мөлшерден кем емес, жыл бойына - қалған бөлігі.

Қатысушылардың жауапкершілігі жарғы арқылы енгізілген каптиалдың еселнген мөлшерімен анықталады.

8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аса маңызды құралы технопарктерді құру болып табылады. Технопарк – бұл жер мен жылжымайтын мүлікке ие ұйым және ол өз кезегінде:

  • Ғылым және білім орталықтарымен ресми қарым – қатынаста болады.

  • Негізгі мақсаты ретінде білім беруге көмек көрсетуді және ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялық компаниялар мен фирмаларды дамытуды қарастырады.

  • Басқару функциясын атқарады және технопарк аумағындағы орналасқан ұйымдарға технологилар мен бизнес білімдерінң трансферті процесіне қатысады. Технопарктердің қызметі ғалымдардың, өнертапқыштардың, жаңашылдардың, инженерлердің, студенттердің, магистранттардың жаңа идеяларды игеру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Технопарктердің құрылтайшылары көбінде университеттер, ғылыми орталықтар, ғылми-зерттеу институттары, өндірістік кәсіпорындар, іскер топтар, шағын және орта кәсіпорындар, өнертапқыштар, инвесторлар болып келеді.

Технопарктердің алдына қойған мақсаты елдің, әсіресе аймақтардың инновациялық әлеуетін анықтау және дамыту, сондай-ақ инновациялық өнімдерге деген ел экономикасының қажеттілігін қанағаттандыру. Технопарктер алдына қойылатын басты міндет бұл инновациялық жобалардың бастаушыларға өндірістік орындар мен ұжымдық бизнес-қызметтер көрсету арқылы ғылми әзірлемелерді коммерциазациялау үшін оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ету.

Қазақстанда технопарктерді құру процесін 2 деңгейде жүзеге асырылуда:

1. Ұлттық технопарктер

2. Аймақтық технопарктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]