
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға ҚР – ның азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық – құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік қөрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Мыналарды:
Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
Акцизделетін өнімді өндіруді және көтерме сатуды;
Астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
Лотереяларды өткізуді;
Ойын және шоу бизнес саласындағы қызметтегі;
Сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;
Мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу знергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
Радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
Банк қызметін және сақтандыру нарығындағы қызметті;
Аудиторлық қызметті;
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.
Жеке кәсіпкерліктің түрлері:
Жеке кәсіпкерлік – табыс табу мақсатында жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделіп, өздерінің тәуекел бел бууымен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын жеке бастамашылыұ іс - ірекет
Дара кәсіпкерлік – жеке меншік құқығымен өзіне тиесілі мүліктің негізінде, сондай –ақ мүлікті қолдануға немесе иемденуге жол бберетін өзге құқыққа сәйкес жеке тұлғаның бір өзінің әрекет жасауы
Ортақ кәсіпкерлік - жеке меншік құқығымен өзіне тиесілі мүліктің негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп қолдануға немесе иемденуге жол беретін өзге құқыққа сәйкес бір топ жеке тұлғалардың іс – әрекеті(жалдамалы жұмыскелері 250-ге, жылдық активтері 325 мың АЕК – ге дейін). Түрлері:
Ерлі зайымтылардың кәсіпкерлігі – ерлі – зайыптылардың бірлескен жеке меншігінің негізінде жүзеге асырылады.
Жанұялық кәсіпкерлік - шаруа қожалығының (ортақ) бірлескен меншігі негізінде немесе жекешелендірілген мүлікке бірлескен жеке меншіктің негізінде жүзеге асырылады.
Жай серіктестік – ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылады.