
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ришар Кантиллом енгізген.(XVIII ғасырдан бастап).
Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн-Хальдун да(1336-1406 ж) кәсіпкерлікті (касб) осы тұрғыдан түсініп, оны адамдардың өз мүмкіндігі адал еңбегі арқылы молшылыққа кеңелу іс-әрекеті деп бағалаған.
Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.
Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды.
4. Өндірістік кәсіпкерлік.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады. 1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек. 2. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат материалдар, энергия тағы басқа жабдық – тұтынушылармен ара қатынасты орнату. 3. Келесі кезек өндіріс факторлары. а) Негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) Өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі. 4. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз – бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады. 5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек. 6. Қажетті информация – ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу. 7. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау. 8. Бастапқы капитал: 1) жиналған қор; 2) несиеге ақша алу; 9. Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда – жалпы түсім алудағы өндірістік және комерциялық шығындар. Жалпы пайда-бұл салық төлегенге дейінгі пайда. 10. Барлық салықтарды, айыптар мен баждарды төленгеннен кейін қалған пайда – таза пайда деп аталады. 11. Кәсіпкерліктің финанс жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады. Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер х100%.