Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 экзамен 40 балл).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.

Бизнес-жоспар – бұл жоспарланып отырған бизнестің қысқа, нақты, қол жетімді және түсінікті мінездемесі, тиімді шешім қабылдау үшін және оған жету үшін құралдарды анықтау жолында әр түрлі көптеген жағдайлардың ішінен маңызды құралдарды таңдау болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сондықтан оны стратегиялық жоспарлаудың бөлінбейтін элементі ретінде және орындалу мен бақылау басшылығы ретінде қарастыруға болады.

Бизнес-жоспар мақсаттары:

Бизнес-жоспар 3 негізгі мақсатта жүзеге асырылады:

1)Ол инвесторға мына сұраққа жауап береді: « бұл инвестициялық проектке ақша салуға тұра ма?»

2)Жоба жүзеге асырып жатқан тұлғаларға ақпарат көздерімен қамтамасыз ету үшін қажет.

3)Банк несие беру үшін шешім қабылдарда жүзеге асырылып жатқан бизнес туралы және оның несие алғаннан кейінгі дамуы туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспардың міндеттері:

1)Фирма қызметінің нақты бағыттарын анықтау;

2) Мақсатты нарықтар және фирманың осы нарықтардағы орны.

3)Фирманың ұзақмерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын, стратегиясы мен тактикасын белгілеуге мүмкіндік береді.

4) Стратегиялардың жүзеге асырылуына жауапты тұлғаларды анықтау.

5) Фирма тұтынушылары тарапынан ұсынылатын қызметтер мен тауар көрсеткіштерінің құрамын таңдау.

6)Фирманың кадрлар құрамының талапқа сай келуін, қойылған мақсаттарға жету таалаптарына сай олардың еңбегінің мотивация шарттарын белгілеу.

7)нарықты зерттеу, реклама, сатуды реттеу, баға белгілеу, жылжыту каналдары және т.б. фирманың маркетингтік іс-шараларының құрамын анықтау.

8) Фирманың қаржылық жағдайын бағалау.

9) Бизнес-жоспардың практикалық орындалуына кедергі келтіретін қиындықтарды қарастыру.

28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Келісім затты – франчайзердің шектелінген територияда өз тауарымен қаржылай премия үшін жұмыс жасап отырған операторларды немесе франчайзиді жабдықтау, оған франчайзердің сауда маркасы бойынша өнім өндіру мен өткізуге право беруге міндетті.

     Франчайзг немесе оператор үнемі нарықта аты мен сауда маркасын пайдалану хұқы үшін тұрақты төлем беруге міндетті.

     Франчайзер  оператордың ағымдық сату көлемінен  аударылатын төлемнің шамасын да тағайындайды.

     Экономикалық әдебиеттерді келісімдік  қарым – қатынастың 2 типін бөліп  қарастырады:бірінші типі сауда  сперасына кеңінен қолданылып  отыр, оның мәні фирма франчайзи  тауардың бір ғана түрін өткізуге  мамандандырылған, және өткізудің жалпы көлемінен тұрақты үлесін алып отырады. Екінші типі күрделірек,  үсақ фирма – франчайзи жәй ғана франчайзердің сауда маркасымен емес, ірі корпарацияның толық цикліне ене отырып, соған тең деңгейде технологиялық процестің, сапасы, кадрды оқыту, оперативтік есепке алу талаптарына жауап береді.

Франчайзингтің артықшылықтары мынандай:

      1.франчайзи- фирма өзінің өмір  сүруіне кепілдік береді.

      2.маркетингтік зерттеулерге, кеңестерге  қаржыны үнемдейді.

      3.шикізат, материал, жартылай фабрикаттарды жеткізуге праволы.

      4.аз тәулікпен өз жұмысын аша  алады.

      5.үнемі өзінің серіктесі ірі  фирмадан кеңестер алып отырады.

       Франчайзингтің кемшіліктері:

1.ірі  компаниялар мен акцияны иеленушінің  көзқарастарын есепке алу

2.тұрақты  төлемнің пайдадан емес, өткізу көлемінен аударылуы лицензияны иленушіні қиын жағдайларға ұшыратады.

3.қаржылық  құжаттарды лицензияны сатушының  тексеруге хұқының болуы.

4.бизнесті  жүргізу тәсілдеріне сүйену міндеттемелері 

5.қажет  қондырғылар мен материалдарды сатып алу.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]