
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу ҚР 1995 жылғы 17 – сәуірдегі «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және бөлімшелер мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асыралады. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар ішін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрыллды деп саналады.
Мемлекеттік тіркеу - бұл кәсіпкерлік құрудың заңдылығын дәлелдейтін және оған кәсіпкерлік қызмет атқаруға құқық беретін мемлекеттік құзырлы органның билік актісі. Оның мақсаты - кәсіпкерлік құру кезіндегі заң бұзушылық мүмкіндіктерін жою және жаңа салық төлеушінің орнын анықтау.
АҚ құру туралы шешімге келу үшін және құрылтайшылардың құжаттырн дайындау үшін құрылтайшылар жиналысқа шақырылады, сонда осы құжаттар бекітіледі.
Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі:
1. орнатылған тәртіп бойынша өтініш 2. құрылтай жиналысымен бекітілген мемлекеттік және орыс тіліндегі 3 данадағы жарғысы 3. құрылтай жиналысының хаттамасы 4. тіркеу алымын төлеу түбіртегі (7600 тенге). 5. орналасу орнын растайтын құжат 6. құжатты үшінші тұлға ұсынған кезде сенімхат қажет
22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
Салық кодексінің 2008 жыл 10 желтоқсанында №99- 4 редакциясында бірреттік талонның негізінде арнайы салық режимін қолдану қаралмағанымен, Заңның 8-9, 36-41 баптарында бірретік талонның негізінде арнайы салық режимін қолдануды енгізу туралы 2013 жылға дейінгі аралықта сақталынған делінген. Сонымен күшіндегі заңнамаларға сәйкес бірреттік талонның негізінде арнайы салық режимі 2013 жылға дейін әрекет етеді.
Бірреттік талон арнайы салық режимін қолдану құқығы және төлем көздерінен ұсталынатын жеке табыс салығынан басқа жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растаушы құжат. Бірреттік талонның негізінде арнайы салық режимін екі санаттағы тұлғалар қодана алады:
ҚР азаматтары, сондай-ақ эпизодтық сипатқа жататын белгілі бір қызмет түрлері бойынша оралмандар;
ҚР-ның азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, базардың территориясында, дүңгіршіктерде, тұрақты бөлмелерде (оқшауланған блоктарда) сатудан басқа базарда тауар сату, жұмыс орындау, қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асырушылар.
Бұл ереже жоғарыда аталған Салық төлеушілерін, олардың жалпы белгіленген тәртіпке не басқа да арнайы салық режиміне қарамастан таратылады.
Эпизодтық сипатқа жататын кәсіпкерлік қызмет деп күнтізбелік жылы жалпы қосындысы 90 күннен аспайтын, жүзеге асырылған келесі қызмет түрлерін айтамыз. Жеке кәсіпкерлік қызметпен эпизодтық сипатта, яғни анда-санда айналысатын тұлға мемлекеттік тіркеуден босатылуы керек. Бірреттік талонды жергілікті атқарушы орган анықтаған орган қызметін жүзеге асыруға дейін береді. Бірреттік талон салық төлеушінің қалауы бойынша 1 күнге немесе одан да ұзақ мерзімге (90 күннен жоғары емес) беріледі. Бірреттік талонның құнын салық органы жүргізілген орташа күндік мәліметтеріне хронометраждық бақылау және зерттеу бойынша жергілікті өкілетті органның шешімімен бекітіледі. Бірреттік талон 1 күннен жоғары мерзімге берілген жағдайда құнын жергілікті өкілетті органның шешімімен белгіленген құнын талонның әрекет ету күнінің санына көбейту арқылы анықтайды.
Бірреттік талон алу үшін салық төлеушінің куәлігін көрсету керек (2013 жылға дейін). Бірреттік талон сол бірреттік талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды. Бірреттік талонның жарамдылық мерзімі бітпей тоқтатқан жағдайда, талонның құнына төленген сома қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды. Бірреттік талонның формасы ҚР-ның Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Арнайы салық режимі таратылмайтын салық төлеуші табыстар мен шығыстардың жеке жүргізуге салық есептеу мен төлеуді жалпы белгіленген тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Егер бірреттік талонның негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері сияқты басқа да тауар сатқан, жұмыс орындаған және қызмет көрсетуден табысын анықтаған кезде көрсетеді.
Бұндай жағдайда есептелген жеке табыс салық сомасы бірретік талон бойынша төленген жеке табыс салық сомасынан төмен болмауы тиіс.
Базарда жалдамалы жұмыскерлер арқылы тауар сатуды, жұмыс орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асырған жағдайда оларға сенімхат беріледі.
90 күннен жоғары емес, базарда сатуды жүзеге асырушылар Декларация тапсырмайды. Яғни, жеке табыс салығы бойынша Декларация тапсырмайды. Бірреттік талонның негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші енгізу туралы Заңның 36-бабының 12 тармақшасына сәйкес, сатып алушының талап етуі бойынша берілген құжатқа базардың аталуын, бірретік талонның сериясын және номерін, берілген күнін көрсетуге міндетті. Актіге базардың мөрі басылады.
Салық кодексінде бірреттік талонның негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға салық есебін жүргізу қаралмаған.
Жеке кәсіпкер бірреттік талонды сатып алу шығындарын Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге алуға құқығы бар. Бұндай жағдайда, Салық алынатын табыс шегерімнен кейін 0-ден жоғары болатын болса.
Жеке тұлғаның салық агенттерінен алған, төлем көздерінен салынған жеке табыс салықты табысында көрсетілмейді. Арнайы салық режимін қолданушы жеке тұлға міндетті зейнетақы жарнасын өзінің пайдасына төлеуші болып табылады.
23. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері.
Кезеңдер |
Компания атауы |
Құрылу жылы |
Негізгі сипаттамалар |
Бірінші кезеңі 1994 – 1999 ж.ж. |
Coca Cola |
1994 |
|
Рахат Палас |
|||
Adidas |
1995 |
||
Сеймар |
1996 |
||
Кодак |
1997 |
||
Дока |
1999 |
||
Анкара |
|||
Рамстор |
|||
Екінші кезеңі 2000 – 2004 ж.ж. |
1 С |
2000 |
|
Баскин 31 Роббинс |
|||
Қазақстан франчайзинг қауымдастығы |
|
||
ҚР «кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы» заңы |
|||
Патио, Планета суши |
|||
«World Class» |
|
||
«Business Consult», «Scot Holland Estates» |
2003 |
||
«Пятерочка» |
2004 |
||
«Max Mara», «Sela» |
|||
«Три толстяка» |
|||
Үшінші кезеңі 2005 ж. басталып осы уақытқа дейін |
«English First» |
2005 |
|
«Алма -TV» |
|||
«Tiffany Marble» |
|||
«Ромат» |
2006 |
||
«Umex Reality» |
|||
«Сбарро» |
|||
«Finn Flare» |
2007 |
||
«Aquatoria of Luxury Life» |
2008 |
24.Франчайзинг мәні, түрлері, қолдану сферасы. Франчайзинг 1) ірі кәсіпорынның өзініің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге, қызмет көрсетуге лицензиясын белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта фрачейзерлерге беру; 2) кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын (лицензиясын) шектеулі сауда кәсіпорнына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі; 3) ноу – хау, технология, белгіленген сауда белгісі келісілген нарыққа дейінгі қолданылған басқа бір фирманы тапсыруды, екі компания арасындағы болжамды ұзақ мерзімді келісім. «Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, арықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасуы және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болуы мекені – АҚШ – та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларғ сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьютерлік желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donalds» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған. Франчайзингтің экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
Франчайзингтік қарым –қатынастардың терминологиясы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
25.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері: 1) дара кәсіпкерлер үшін: дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 2) заңды тұлғалар үшін: қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді. Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. 2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге жатады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады. 3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
26.Патент негізіндегі арнайы салық режимі Патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдану және мынандай үш жағдайға сәйкес болуы тиіс:
Патент негізінде арнайы салық режимі үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл болып табылады.Патент 1 айдан төмен емес, 12 айдан жоғары емес мерзімге беріледі Патент – төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығынан басқа бюджетпен әлеуметтік салық және жеке табыс салығы бойынша есеп айырысуларды растайтын құжат. Патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған барлық табыс түрлерін қоса күнтізбелік жылдың табысы болып табылады.Бұндай жағдайда алынған табысты шеккен шығынға түзету енгізу қаралмаған. Патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған және төлемді жалпы бекітілген тәртіпте салым есептілігін ұсынуды жүзеге асыруға міндетті. Патенттін негізінде арнайы салық режимін қолдануға шешім қабылдаған кезде жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, белгіленген тәртіпте жеке кәсіпкердің куәлігін алуға тиісті. Көрсетілген арнайы салық режимін қолданудың алдында жеке кәсіпкер тұрғылықты жері бойынша салық органына өтініш берді. Патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға салық өтінішімен бір мезгілде, бекітілген формада патент алу үшін еы септеу ұсынады. Салық органдары патент беруді немесе беруден бас тартуды бір күннің ішінде жүзеге асырылады. Патент жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз жарамайды. Патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкер қажет болған жағдайда кәсіпкердің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Алдағы кезеңде қызметін тоқтату немесе ұзарту қайта жалғастыру, салық есептілігін ұсыну патенттің жарамдылық мерзімі біткенге дейін салықтық өтініш береді. Тоқтату мерзімі салық кодексінде көрсетілгендей бес жылдан жоғары болмауы керек. Патенттің құнына салық есептеу салық салынатын объектіге қолданатын 2% көлемінде және патенттің құны бюджетке мынандай түрде төленуге жатады:
Патенттің негізінде салық режимін қолданған кезде салық салу объектісін жеке кәсіпкерлердің қызметінің бағытына сұранысқа және табыс алу мүмкіндігіне байланысты өз еркімен анықтайды. Егер жеке кәсіпкер міндетті зейнетақы жарнасын төлеуші болып табылса, онда ол патенттің сатып алынған кезеңіне міндетті зейнетақы жарнасын төлеуге тиіс. Бұндай жағдайда хабарланған табыс төменгі еңбекақыдан төмен 75 еселенген төменгі еңбекақыдан жоғары болмауы керек. Әдетте патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу үшін ұсынған табысты 1 енбекақыдан төменгі көлемінде анықталады. Мұндай жағдайда сатып алған кезде, мысалы сегіз айға міндетті зейнетақы жарнасын төлеуге тиісті. 13952 (17439*10%)*8 ай Табысы бiр төменгі еңбекақы көлемінде бюджетте бекітілгенде 2012жылы әлеуметтік аударымның қойылымы есептеу объектісінен 5 % көлемінде әрекет етеді. (17439*5%)=872*8=6976 тг аудару керек. Егер патенттің әрекет ету мерзімі ішінде нақты табыс сомасын есептеуде көрсетілген көлемнен жоғары болса, онда жеке кәсіпкер 5 жұмыс күні ішінде жоғары сомаға қосымша есептеу ұсынып, осы сомадан салық төлеуді жүзеге асырады. Нақты алынған табыс салық кодексі белгіленген 200 еселенген төменгі еңбекақы шекті табыстан жоғары болған жағдайда патенттің әрекет ету күнің бекіткенге дейін патенттің құнының артуын басқа салық салу режиміне өткен күнге 2 пайыз қойылым бойынша алынады. Жеке кәсіпкер салық органына патенттің құнының төмендеген сомасына қосымша есептеу құқығы бар. Бұндай жағдайда артық төленген салық сомасы салық органына жүргізілген хронометраждық зерттеуінен кейін қайтарылады. Патенттің әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кәсіпкердің, қызметті тоқтатқан кезде жеке кәсіпкерлердің қабілетсіздігін тан-н жағ-дайын басқа жағ-да төмендетілген салық сомасы қайта есептеуге жатады. Патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп заңмен бух-к және қар-қ есеп
|