
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
Бизнес-жоспар — бұл бизнес-операцияларды, фирма туралы, тауар туралы және оның өндірісі туралы, жылжыту нарығын, маркетинг жүйесі туралы ақпараттарды қамтитын және оның орындалуы мен тиімділігі туралы бағдарламалар жоспары.
Бизнес-жоспар түсінігі . Бизнес-жоспар – бұл жоспарланып отырған бизнестің қысқа, нақты, қол жетімді және түсінікті мінездемесі, тиімді шешім қабылдау үшін және оған жету үшін құралдарды анықтау жолында әр түрлі көптеген жағдайлардың ішінен маңызды құралдарды таңдау болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сондықтан оны стратегиялық жоспарлаудың бөлінбейтін элементі ретінде және орындалу мен бақылау басшылығы ретінде қарастыруға болады.
Бизнес-жоспар мақсаттары:
Бизнес-жоспар 3 негізгі мақсатта жүзеге асырылады:
1)Ол инвесторға мына сұраққа жауап береді: « бұл инвестициялық проектке ақша салуға тұра ма?»
2)Жоба жүзеге асырып жатқан тұлғаларға ақпарат көздерімен қамтамасыз ету үшін қажет.
3)Банк несие беру үшін шешім қабылдарда жүзеге асырылып жатқан бизнес туралы және оның несие алғаннан кейінгі дамуы туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың міндеттері:
1)Фирма қызметінің нақты бағыттарын анықтау;
2) Мақсатты нарықтар және фирманың осы нарықтардағы орны.
3)Фирманың ұзақмерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын, стратегиясы мен тактикасын белгілеуге мүмкіндік береді.
4) Стратегиялардың жүзеге асырылуына жауапты тұлғаларды анықтау.
5) Фирма тұтынушылары тарапынан ұсынылатын қызметтер мен тауар көрсеткіштерінің құрамын таңдау.
6)Фирманың кадрлар құрамының талапқа сай келуін, қойылған мақсаттарға жету таалаптарына сай олардың еңбегінің мотивация шарттарын белгілеу.
7)нарықты зерттеу, реклама, сатуды реттеу, баға белгілеу, жылжыту каналдары және т.б. фирманың маркетингтік іс-шараларының құрамын анықтау.
8) Фирманың қаржылық жағдайын бағалау.
9) Бизнес-жоспардың практикалық орындалуына кедергі келтіретін қиындықтарды қарастыру.
Бизнес-жоспар құрылымы:
Бизнес-жоспар құрылымы UNIDO стандарттарына сай келесі параметрлерге сай келуі керек:
Резюме
Ұсынылып отырған жоба идеясы:
Жалпы мәліметтер мен шарттары
Жаңа тауар мінездемесі
Фирманың қызметтер тәжірибесін бағалау.
Жылжыту нарығын бағалау
Жаңа тауар тұтынушыларынның мазмұны.
Бәсекелестерді бағалау.
Өзінің бәсекелестерге қарағанда күшті және әлсіз жақтарын бағалау.
Маркетингті жоспарлау
Маркетинг мақсаттары.
Маркетинг стратегиясы.
Маркетинг жоспарының қаржылық қамтамасыз етілуі.
Өндірістік жоспар
Жаңа тауарды дайындаушы
Бізде бар, талап етілетін өндіріс қуаттары.
Өндірістің материалдық факторлары.
Өндістік процестің мазмұны.
Ұйымдастырушылы жоспар
Фирманың меншігінің ұйымдық-құқықтық формасы
Фирманың ұйымдық құрылымы.
Жауапкершілікті бөлу.
Серіктестер туралы ақпарат
Бизнестің сыртқы факторларын бағалау.
Фирманың еңбек ресурстары
Басқарушылар құрамының мүшелері туралы ақпарат
Қаржылық жоспар
Пайда және зиян жайлы жоспар.
Есеп айырысулар мен келіп түскен ақшалар туралы жоспар.
Фирманың активтері мен пассивтері балансы
Зиянсыздыққа жету графигі.
Қаржыландыру стратегиясы
Тәуекелді және сақтандыруды бағалау.
Ескертулер.