
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
Рыноктық инфрақұрылым- тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің рыноктағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы: ұйымдық база — биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.; несие-есеп айырысу базасы — банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері. Оның түрлері: әрекет етуші заңнамаға сәйкес: заңды және көлеікелі; нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық мағынасына қарай: қаржы нарығы, валюта нарығы, тұтыну н, капитал н, еңбек күші н, ақпарат нарығы, т.б; нарықтың аймақтық көлемі бойынша: жергілікті, мемлекеттік, халықаралық, әлемдік. Оның 4 негізгі құраушысы: инстиутуционалды; ақпараттық; нормативтік; менталитеттік.
Рыноктық инфрақұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.
Рыноктық инфрақұрылым элементтері: тауар және қор биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда - өнеркәсіптік палаталар, кедендік мекемелер, түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.
17. Банкроттық туралы түсінік
Банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Банкрот деп тану негізінде 2түрде болуы мүмкін:ерікті және мәжбүрлі. Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырады. Мәжбүр ету тәртібімен банкроттық деп тану несие берушінің, ол заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа беруі негізінде жүзеге асырылады.
Банкроттық туралы іске қатысушы адамдар мыналар болып келеді:
Борышкер
кредиторлар
кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі
прокурор
борышкер мүлкінің иесі немесе ол уәкілдік берген Организация
уәкілетті Орган
Дәрменсіздік – борышкердің-жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғалардың ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарын еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі.
Санация- оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады.
Оңалту рәсімін жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиіс. Оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға құқылы, бірақ ол 6 айдан аспауға тиіс.
Конкурстық іс жүргізу –кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім. Конкурс жүргізуге қатысушылар: сот, кредиторлар комитеті, банкрот, конкурстық басқарушы уәкілетті орган және басқа да мүдделі адамдар конкурс жүргізуге қатысушылар болып табылады.