
- •1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
- •2.Экономикалық ғылымның негізін қалаушы классиктер жұмысындағы “кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” түсінігі.
- •3. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы және мәні.
- •4. Өндірістік кәсіпкерлік.
- •5. Жеке кәсіпкерлік түсінігі мен түрлері.
- •6. Қазақстанда шағын бизнес дамуының негізгі кезеңдері:
- •7. Шаруашылық серіктестіктің негізгі түрлерінің сипаттамалары
- •8. Технопарктер түсінігі және басты мақсаты
- •9. Кәсіпкерліктің субъектісі және объектісі.
- •10. Корпоративтік кәсіпкерліктің мәні және негізгі нысандары.
- •11. Кәсіпкерлік қызметтерге қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар.
- •12. Венчурлық бизнестің мәні және ерекшеліктері.
- •13. Бизнес субъектілері.
- •14. Басқару саласындағы инновация туралы түсінік.
- •16.Рыногтық инфрақұрылым түсінігі.
- •17. Банкроттық туралы түсінік
- •18. Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсету (санация) түсініктері
- •19. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Бизнесті жоспардың түсінігі, мәні және негізгі құрылымдары.
- •21. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу уақытында талап етілетін құжаттар тізімі
- •22. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі
- •27. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті.
- •28. Франчайзингтік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •29. Франчайзинг жүйесін үдерісіндегі бес кезең
- •30. Инновациялық инфроқұрылым мәні және құрылымы
1.“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсініктері.
«Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас. Орыс тілінде «бизнес» - кәсіпкерлікті, ал бизнесмен – кәсіпкерді білдіреді. Батыс экономикалық әдебиеттерінде, онда олардың «кәсіпкер» және «бизнестің» жүйелі анықтамаларына сүйенетінін көре аламыз. С.Розенблатт, Р.Бонингтон, Б.Нидлдің берген анықтамалары.
Бизнес – іс жүргізу жүйесі. Бизнес біздің әлеуметтік экономикалық жүйеміз. «Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің ұқсастығымен қатар, олардың сөздеріне тән бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, «бизнес» «кәсіпкерлік» түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді,
«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ришар Кантиллом енгізген.(XVIII ғасырдан бастап).
Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн-Хальдун да(1336-1406 ж) кәсіпкерлікті (касб) осы тұрғыдан түсініп, оны адамдардың өз мүмкіндігі адал еңбегі арқылы молшылыққа кеңелу іс-әрекеті деп бағалаған.
Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.
Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.
Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды.