Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
88.73 Кб
Скачать

2. Тұрақты дамуға көшу кезеңдері

3. Топырақтың адамзат үшін маңызы

Топытақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топытақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер ыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінің көзіне айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В. Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірістің негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

Түсім көлемі еңбек өнімділііне тікелей байланысты болғпндықтан, топырақ құнарлығы да қоғадық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.

Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты айтады. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

Кез келген топырақ, онда жақсы өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлер кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз.

Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сіңіреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп және ол көп жылға жетеді. Н.П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім ағанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.

Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.

Топырақ құнарлығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталады. Тиімді құнарлылық жасалады.

Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі, сонымен қатар тиімді құнарлылық адамзат қоғамының дамуына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты.

Билет №11

1. Биогеоценоз дегеніміз не? (толықтыру)

Биоценоз биотоппен бірігіп, биологиялық микрожүйені құрайды – ол биогеоценоз№

Әрбр биогеоценозды экожүйе деуге болады, ал әрбір экожүйені биогеоценоз деуге бола бермейді. Себебі биогеоценоз – бұл экжүйенің бір бөлігі ғана.

2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары

Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары әр алуан. Соларды қарастырайық.

Жалғыз тіршілік ету көптеген ағзаларға тән. Мысалы, көбею кезеңінен басқа уақытта кірпілер, шортандар және жайындар жалғыз, жеке дара тіршілік жасайжы.

Топтанып тіршілік ету ағзаларда көптеген шартты белгілер қалыптастырады. Мысалы, қасқырларға топтанып қорек табу жеңіл, сондықтан олар өз тобының басшысын қабылдайды да, соның әрекетіне бағынады. Жылқылар да үйірімен бақпай ақ тіршілік ете алады, жыртқыштардан қорғанады және де үйір бастаушы жылқыға бағынады. Ғни топтық эффектісі қалыптасады. Тағы да бір мысал: егер де қойды өз отарынан бөліп алса, оның жүре қағысы мен тыныс алуы жиілеп, оны үрей билейді. Ал егер сол қойды қайтадан отарына, яғни өзіне ұқсастарға қосып жіберсе, ол жайбарақат қалыпқа түседі, бәрі қалпына келеді. Тіпті кейбір жануарлар мен жыртқыштар тобынан бөліа алса, көбею қабілетінен де айырылады. Осы мысалдардан топтық эффектіні айқын бақылауға болады.

Жанұялық тіршілік ету , бұл жағдайда ұрпақтар мен ата-ана арасындағы байланыс күшейе түседі. Мұның айғағы ұрғашы мен еркегінің жұмыртқа басуы не күшіктерін сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғап, бағуы. Мысалы, құстар балапаны қанаттанып ұшып кеткенше бағып қорғайды, тастап кетпейді. Жанұялық тіршілік ету кезінде жұптар өз территориясын белгілейді және оны қызғанышпен қорғайды.