Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
88.73 Кб
Скачать

1. Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?

Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді. Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері және таралу аймағы ареал деп аталады.

Популяция сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық деп бөлінеді. Белгілі түрдің аса көбейіп кетпеуін реттейтін физикалық және биологилық факторлардың жиынтығы ортаның қарсылығы деп аталады. Олар: азық тапшылғы, су тапшылығы, тіршілік ортасының тапшылығы, қолайсыз ауа райы, жыртқыштар, аурулар, паразиттер және бәсекелестік. Ал тіршілік ету қабілеттілігі биотикалдық потенциалымен анықталады, олар – көбеюі, таралу қабілеттілігі, жаңа жерлерді тртып ала алу қабілеттілігі, қорғану механизмдері, қолайсыз жағдайларға төзу қабілеттілігі. Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар: биотикалық, абиотикалық және антропогендік.

2. Табиғатты тиімсіз пайдалану

Табиғи қорлардың азаюына, экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына, ал ең соңында экологиялық дағдарыс пен катастрофаға алып келеді.

Бұның бәрі басшылардың қызықпаушылығынан, экологиялық мәдениеттің төменділігімен, экологиялық процесстерді жете білмеуінен, қоршаған ортаны қорғаудың принциптерін білмеуден туындайды.

3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері

Азық түлік шығару жерді құнарлануды қажет етеді, бірақ көп жағдайда тыңайтқышты қолданудан астық өнімінің артуы байқалмайды. Азық түлікпен қамтамассыз ету барлық елдерде бірдей біркелкі емес. Дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдердегі халық пайдаланатын азық калориясы төмен. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр.

Билет №8

1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама(ноосфераны қарау керек)

Биосфера биос – өмір және тіршілік, «sphaira» (сфера) – шар, қоршған орта деген сөздерінен алынған. Яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биофера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50%-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су түріндегі), литосфера (қатты) қабаттар.

2. Табиғатты тиімді пайдалану

Табиғатты тиімді пайдалану мына ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Табиғат қорларын пайдалану оны толықтырып отырумен бірге жүруі керек (орны толатын қорлар үшін);

  2. Табиғат қорларын кешеді пайдалану;

  3. Табиғат қорларын қайталап пайдалану;

  4. Табиғатты қорғайтын шаралар жүргізу;

  5. Қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсерді азайту үшін жаңа технологияларды енгізіп отыру.