
- •1. Экологияның даму кезеңдері.
- •2. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
- •3. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары.
- •1. Экологияның негізгі ұғымдары.
- •2. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер
- •3. Тұрақты даму үшін байланыстар орнату.
- •1. Экологияның негізгі заңдары
- •2. Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?
- •2. Таусылмайтын табиғи қорлар
- •3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері.(56)
- •1. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы.
- •2. Таусылатын табиғи қорлар
- •3. Таза су мәселесі
- •1. Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты қолдану
- •3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •1. Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты тиімсіз пайдалану
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама(ноосфераны қарау керек)
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •3. Энергетика мәселесі
- •1. Биосфераның жалпы сипаттамасы
- •2. Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу, ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •1. Биосфераның жалпы құрылымы
- •2. Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3. Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •1. Биогеоценоз дегеніміз не? (толықтыру)
- •2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3. Антропогендік фактор
- •1. Атмосфераға анықтама бер
- •2. Гаузенің бәсекелестік негізінде жою заңы
- •3. Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз (пассивті) жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •1. Белсенді жол дегеніміз не?
- •2. Биоценоздың түрдік құрылымы
- •3. Атмосфераның ластануының салдары
- •1. Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.
- •2. Акклиматизация дегеніміз не?
- •3. Қышқыл жаңбырлар
- •1. Биоценоз, биотоп дегеніміз не?
- •2. Ластанулардың нормалау негіздері
- •3. Қалдықтар мәселесі
- •1. Биогеоценоз және оның құрама бөліктері
- •2. Бейімделу (адаптация) дегеніміз не?
- •3. Шаңұстаушы жүйелер
- •1. Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы
- •2. Шелфордтың толеранттылық заңы (1913 ж.) (немесе максимум заңы)
- •3. Құрғақ шаң ұстаушы жүйелер (23)
- •1. Қоршаған ортаның ластануы
- •2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
- •3. Экожүйе дегеніміз не?
- •1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?(закончить)
- •2. Тіршіліктің құрылымы
- •3. Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •1. Тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық факторлар
- •3. Экологиялық пирамида
- •1. Табиғи ресурстардың классификациясы
- •2. Биосфераның пайда болуы
- •3. Тұрақты даму принциптері
- •1. Синэкология (Бірлестіктер) экологиясы және экология салалары
- •2. Атмосфералық ауада шығарымдардың таралуы
- •3. Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
- •3. Атмосфералық ауаның қазіргі экологиялық жағдайы
3. Таза су мәселесі
Таза су- жоғары приоритеттік мәселе. Жалпы Жер шарын алып қарағанда су қоры өте көп. Мәселенің ең қиыны – су сапасы мен дамушы елдердегі су тапшылығы болып отыр. Суды ең көп қолданатын ердерге Азия құрлығында орналасқан елдер, солардан кейін Солтүстік Америка мен Еуропа жатады. Жиырма сегізден астам елде су тапшылығы сезіліп отыр, ал дамушы елдерде 1 млрд. астам адам су жетіспеушілігінен зардап шегуде. Соның кесірінен санитарлық – гигиеналық жағдай өте нашар. Суды ең көп қолданатын сала – ауылшаруашылық. Шешімін табу керек мәселелерге ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету, трансшекаралық мәселелер мен оларды шешу мәселелері жатады.
Билет №6
1. Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?
Аутоэкология - түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын да зерттейді. Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбір түр қоршаған ортамен өзінше байланыста болады. Биосфера аумағында негізгі төрт тіршілік ортасы бар, олар: су, жер беті, топырақ және тірі ағза құраған орта. Әрбір ортада өзінің биотасы (тірі ағзалар жиынтығы) бар, ол өз тіршілігің жасайды. Кез келген тірі ағза өзі тіршілік ететін ортаның экологиялық шарттарына ыңғайланады. Табиғи орта ұғымына тірі және тірі емес табиғаттың барлық жағдайлары кіреді. Табиғи орта тура немесе жанама түрде биотаның қасиеттері мен тіршілік жағдайына әсер етеді.
2. Табиғатты қолдану
Табиғатты қолдану – бұл адамның өмірін қамтамасыз етуі үшін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын пайдалануы. Адамның табиғатты қолдануы төрт түрлі формада жүреді: өмірін қамтамассыз ету, шаруашылық-экономикалық, денсаулықты түзету, мәдени.
Ең негізгісі өмірін қамтамасыз ету, ол ауаны дем алу үшін, суды ішу үшін, өсімдіктер мен жануарларды азық үшін пайдалануы.
Адамның табиғатты қолдану формалары екі түрде жүзеге асады: жалпы және арнайы табиғатты қолдану.
Жалпы табиғатты қодану ешқандай рұқсатты талап етпейді (суды, ауаны пайдалану).
Арнайы табиғатты қолдану мемлекеттік рұқсатты талап етеді.
Ал шаруашылықты жүргізу нәтижелері негізінде табиғатты қолдану тиімді және тиімсіз деп бөлінеді.
3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
Глобалды экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер мен мұхиттар, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт,радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуф, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл залалар.
Әрқайсысының жағдайы мынандай мәселелерге алып келіп отыр: Таза су – жоғары приоритеттік мәселе.Глобалды қарағанда су қоры өте көп. Мәселенің ең қиыны су сапасы мен дамушы елдердегі су тапшылығы болып отыр. Жиырма сегізден астам елде су тапшылығы сезіліп отыр, ал дамушы елдерде бір млрд астам адам су жетіспеушілігінен зардап шегуде. Соның кесірінен санитарлық– гигиеналық жағдай өте нашар. мен теңіздер. Балықтар қорының азаюы мен теңіз қоршаған ортаны қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы қатардағы мәселеге мұхит жағалауындағы ластану жағдайы мен оған антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Теңіз бен мұхиттардың қорын пайдалану мен оны сақтау экономикалық сараптамадан өткізуді талап етуде. Барлық теңізбен шектесетін елдер бірлесе отырып осы мәселелерді шешуге жұмыла кірісулері керек. Ауылшаруашылығы мен ормандар. Азық түлік шығару жерді құнарлануды қажет етеді, бірақ көп жағдайда тыңайтқышты қолданудан астық өнімінің артуы байқалмайды. Азық түлікпен қамтамассыз ету барлық елдерде бірдей біркелкі емес. Дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдердегі халық пайдаланатын азық калориясы төмен. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр. Энергетика. Дүниеде энергияға деген сұраныс жылдан жылға өсіп келеді. Ал энергияны өндіру қайта толмайтын қорларды жағу арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе осы қорлардың азаюы, ал екіншісі қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны. Бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы дәстүрлі емес (күн, жел, су) энергия көздерін пайдалануды енгізу және энергияны аз мөлшерде пайдаланатын құрылғыларды тұрмыста және өнеркәсіпте қолдану.Транспорт. Әлемдегі елдерде транспорт түрі мен саны күрт көбейіп отыр. Соның әсерінен атмосфераға шығатын улы және зиянды заттар мөлшері артып отыр. Тарнспорт қолданатын жанар май сапасы да жақсармай отыр. Осы мәселерді шеу жолдары – жанар май сапасын арттыру, экономды және шағын тарнспорттарды шығарып пайдалану, кейбір жанар майды көп мөлшерде жағатын автотранспорттан бас тарту, электр және күн энергиясы арқылы жүретін автомобильдерді барлық елдерде пайдалану. Атмосфера. Ең басты мәселе ауаға шығарылып жатқан зиянды заттардың мөлшерін күрт азайту жолдарын қарастыру, барлық сүзгіш әдістерді жүзеге асырып, өнеркәсіп орындарында пайдалану. Бұл мәселе барлық елдерге тән. Қалдықтар. Өнеркәсіп орындарының өалдықтарымен қатар муниципалдық қалдықтарда көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді. Қалдықтар мәселесінің шешілу жолдары – қалдықсыз өндіріс санын арттыру, қалдықтарды өңдеуші заудтарды көптеп салу, қалдықтар полигондарын жабдықтау, өалдықты аз шығарушы текхнологияларды қолдану.
Билет №7