Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
88.73 Кб
Скачать

3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері

//Балықтар қорының азаюы мен теңізд ортасын қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы қатардағы мәселеге мұхит жағалауындағы ластану жағдайы мен оған антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Теңіз бен мұхиттардың қорын пайдалану мен оны сақтау экономкалық сараптамадан өткізуді талап етуде. Барлық теңізбен шектесетін елдер бірлесе отырып осы мәселелерді шешуге жұмыла кірісулері керек.\\

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3 көлемін алып жатыр. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етеіп Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды тереңдік 11022 м. Жердің басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км3-ге тең.

Мұхит орасан зор табиғи буланушы ретінде әрі құрлықты тұщы сумен қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді. Өзендегі ағынды суды қабылдап алғаннан кейін мұхит сандық жағынан жаңғырып, сапа тұрғысынан қалпына келеді. Планетаға түсетін жауын-шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км3/жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын шашыннан 47000 км3/жылына артық. Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Әлемдік мұхит – таусылмайтын су қоры. Алайда, теңіз суындағы тұз оны алдын ала тұщы суға айнадырмаса ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз етеді. Теңіз суында 3,5% тұз ерітіндісі бар және ерітінді газ бен органикалық қосындылардың аздаған мөлшері кездеседі. Теңізден алынатын тұщы судың шегі жоқ мөлшерін ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Алайда, теңіз суын ауыл шаруашылығы үшін пайланудың ауқымы тұщы судың бағасына тәуелді. Өкінішке орай, ащы суды осы заманғы тұщы суға айналдыратын құрылғымен суды өңдірудің бағасы өте қымбат. Жер астындағы тұщы теңіз – жер қойнауын қоректендіретін таусылмайтын мұхиттың тіршілік жоқ бет жағындағы жұп-жұқа қабыршақ. Адамның араласуының нәтижесінде тұщы және ащы жер асты суларының арасынағы қалыптасқан табиғи тепе-теңдік бұзылып отыр.

Билет №4

1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?

«Экология» терминін ғылымға 1866 ж неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.(ойкос-үй, туратын жер,логос-ілім). Э.Гекель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық н/е қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз». Мақсаты-Қазақстандағы ж/е шет елдердегі экологиялық жағдайдың дамуы ж/е қазіргі кездегі жағдайы туралы білім бері,табиғатты пайдаланудағы жаңа әдістер мен технологияларды ойлап шығарудағы негізгі халықаралық бет алыстармен таныстыру. Экология-қоршаған орта мен тірі организмге керек жағдайларды өзгертудің ж/е оңтайластырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін, тірі организмдер мен олардың жүйелерінің қоршаған ортамен өзара қатынасы, олардың бір-біріне әсері мен өзара сіңісуі туралы ғылым. Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды. 60-70ж-на дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі,оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептелінген. Шындығындада адамның биосф-ғы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иеерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады.осыған байланысты,ол бұрын пайдаланбаған кен,мұнай, ағаш ж/е т.б. қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар,табиғатқа,оған тән емес қалдықтар-пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.Ауаның,судың,топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен ауантүрлігінің кемуі, адамдардың денсаулығының ж/е өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.