Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
88.73 Кб
Скачать

2. Экологиялық факторлар

Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.

Абиотикалық факорлар – бұл тірі емес табиғи факторлар, ең алдымен климаттық: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, жел, қысым және тағы сондайлар және жергілікті: рельеф, топырақ қасиеті, тұздылығы, радиация және т.б.

Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама түрде әсер етуі.

Антропогендік факторлар – адамның қоршаған табиғи ортаға тура немесе жанама түрде іс-әрекеттік әсері.

3. Экологиялық пирамида

Экологиялық пирамида – продуценттер консументтер рецуденттер арасындағы қатынастар, ол үш түрлі болады:

  1. Сан пирамидас, жеке ағзалар саны;

  2. Энергия пирамидасы, яғни бір азық тобынан екінші азық тобына беріліп отыратын энергия мөлшері;

  3. Биомасса пирамидасы, яғни олардың құрғақ биомассасы, калориясы және жинақтаған энергиясы.

  4. Тропикалық деңгейлер санының өте көп болмайтыны түсінікті, себебі биомасса пирамида ұшына қарай нөлге ұмтылады.

Билет №23

1. Табиғи ресурстардың классификациясы

2. Биосфераның пайда болуы

Биосфера биос – өмір және тіршілік, «sphaira» (сфера) – шар, қоршған орта деген сөздерінен алынған. Яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биофера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50%-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су түріндегі), литосфера (қатты) қабаттар.

Жалпы, биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн. жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым түрлері тіршілік еткен. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн. жыл бұрын басталып, 300 млн. жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті. Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады. Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 115 млн. жылдан астам уақытқа дейін созылған. Кайназой эрасы бұдан 70 млн. жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Биосфера – белсенді өмідің аумағы, Жер қабатының құрамы, құрылымы және энергетикасы өткен заман мен қазіргі кезде ағзалардің тіршілігімен байланысқан. Ғалымдардың басым көпшілігі бойынша жердегі өмір дамуы үш этаптан тұрады:

  1. биологиялыққа дейінгі - Жердің пайда болғанынан өмір пайда болғанға дейінгі аралық.

  2. Биосфераның пайда болуы.

  3. Ноосфераның құрылуы – ақыл ой сферасының пайда болуы (эволюция негізінде адам пайда болды).

Биосфера жердің ерекше қабығы, сондықтан біз жердің құрылысымен танысуымыз керек.