Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
88.73 Кб
Скачать

3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы

Металдарды қорыту мен балқыту процестері кезінде, мұнай шығарушы және өндіруші өнеркәсіптерден ауаға әртүрлі газдар бөліп шығарады. Сонымен қатар түтінмен бірге атмосфераға мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын, сынап және сирек кездесетін металдардың буы, олардың химиялық қоспалары мен түзілімдері де шығады және ауада тарайды. Тыңвйтқыш шығарушы өнеркәсіптен күкірт қоспалары шығарылып отырады.

Мұнай шығарушы және өндіруші өнеркәсіп. Мұнай шығарушы және өндіруші өнеркәсіптен шығатын түтін құрамында көмірсутегі, күкірттік сутегі және иістері жаман газдар бар. Синтетикалық каучук өнеркәсіп орындары атмосфераға стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен сияқты зиянды заттарды шығарып отырады.

Цемент пен құрылыс материалдарын ығарушы өнеркәсіп. Олар ауаны әртүрлі шаңмен ластайды және жел арқылы тасымалданады. Олардың зияны әсімдіктерге өте қауіпті.

Химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіп орындарынан шығатын зиянды заттар мен газдар түрлері өте көп және саналуан. Негізгілері көміртотығы, азоттотығы, күкірт ангидриді, аммиак, шаң, органикалық заттар, хлор қосылымдары, фтор қосылымдары әне т.б.

Билет №15

1. Белсенді жол дегеніміз не?

Белсенді жол – ортаның қолайсыздығына қарамастан ағзалар тіршілігін жалғастыра береді, себебі бұл жол олардың бойындағы қарсыықты күшейтеді, бейімделу процессін дамытады. Мысалы, жылы қанды ағзалар ортаның температурасының өзгермелілігіне қарамастан, өз бойларындағы температураны тұрақты ұстайды. Әрине, бұл жол ағзалардан көп мөлшерде энергия жұмсауын талап етеді және олар ол энергияны үнемі толықтырып отырулары қажет.

2. Биоценоздың түрдік құрылымы

Орта жағдайына байланысты түрлер көп те, аз да болуы мүмкін (тропикалық орман мен арктика).

Кейбір биоценозда доминанттар бар, мысалы қарағайлы орманда доминант қарағай, ал предоминаттар – тиіндер. Доминаттар тіршілікортасын құраушы, ол жойылса көптеген түрлер де жойылып кетеді.

3. Атмосфераның ластануының салдары

Жанармайдың барлық түрін қолдану себебінен ХІХ ғасырдан бастап атмосфераның тездетіп ластануы басталады. Ауа мұхиты өте үлкен болып көрінгенмен, жыл сайын шығарылып жатқан ластаушы заттардың әсерінен олардың жиналуы болып жатыр. Жер бетінде ластану концентрациясы әр алуан, мысалы кейбір мегаполистерде ластану барлық шекарадан шығып кеткен. Ал кейбір ластаушы заттардың аз ғана концентрациясының өзі қоршаған ортаға өте қауіпті.

Ауаның түтінденуі қаланың микроклиматын нашарлатады: тұман жиі түседу, атмосфераның өткізгіштігі төмендейді, жарық өтуі азаяды.

Ауаның ластануы адам денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, экономикалық зиян да келтіреді. Қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің бағалауы бойынша, АҚШта ауаның ластануынан болатын адам, жан-жануарлардың ауруы мен өлімдерден экономикалық жоғалтулар жылына 6 млрд. долл. Құрайды екен. Газдалынған, шаңдалынған ауа қала үйлерінің пайдалану уақытын азайтады: олары қалпына келтіру үшін жылына миллиондаған доллар қажет.

Қышқыл жаңбырлар. «Қышқыл жаңбыр» терминін ағылшын физигі А. Смит осыдан 100 жыл бұрын енгізген. Соңғы 10-15 жылда қышқыл жаңбырдың залалынан экологиялық жағдай нашарлап кетті. Кез келген отын түрін жаққан кезде шығатын газ құрамында әрқашан күкірт тотығы мен азот болады. Отын түріне байланысты ол көп не аз мөлшерде болуы мүмкін. Миллиондаған тонна күкірт тотығы атосераға шығып, қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі.

Билет №16