
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •21. Еңбек бағасының теориясы
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
- •29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
- •32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •33. Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Кәсіпорын шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •63.Ұлттық есептеу жүйесі
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
- •77.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
- •80 Кәсіпкерліктің әлеуметтік –экономикалық мәні,оның сипаттық белгілері
- •82 Қр жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы.
- •86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары.
- •88. Тұк және ұлттық экономика
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
Индустриалды–инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту шеңберінде, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005-2007ж.ж.) өзіне Ұлттық инновациялық қорды, Ғылыми қорды, технологиялар инжинирингі және трансфертті орталықты, 8 аймақтық технопарктерді, 11 отандық және шетелдік венчурлық қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылған.
Жоспарланатын кезеңде Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 4 аймақтық технопарк, Технологиялардыкоммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау болмақ.
Инновациялық инфрақұрылымның қосымша элементтері ретінде 2010-2011 ж.ж. Шығыс-Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылатын болады, 2011-2012 ж.ж. ұйымдастырылатын Каспийлік энергетикалық хабаның негізінде Мұнай-газ технологиялар орталығы құрылатын болады. Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады. Энергиялық тиімділік өзіне негізгі қорларды жаңғырту, өндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа мамандырылған түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады. Энергия үнемдейтін технологиялар мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік секторына ендіру көптеген пайда алуды кепілдейді. Жүргізілген зерттеулер энергия үнемдеуші технологияларға салынатын қаражаттар бірнеше айдан 5-7 жылға дейінгі мерзімде орнын қайта толтыратындығын көрсетеді. Генерациялайтын жаңа қуаттарды енгізген кезде бұл 2-3 есе көп уақытты алады. Сондай-ақ, энергия үнемдеумен энергиялық тиімділікті арттыру Қазақстанға 2011-2015 ж.ж. кезеңде шартты отының 20-30миллион тоннадан бастап отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді бере алады.
Кез-келген өнімнің өзіндік құнындағы үлкен энергетикалық құраушы оның қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің азаюына, ал егер өнім ішкі нарықта өткізілетін болса халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкелетіндігін айта кеткен жөн.
Электрлік және жылылық энергияны тиімсіз және ұтымсыз пайдалану оны ЖЭО, ГРЭС шығаруды артуына және сәйкесінше, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі. 75.Ақша жүйесінің эвалюциясы.Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын , тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны,мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып ,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында , айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта- 5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ). Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады Ақша барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің келісімдерінен туындаған өнім емес, сол сияқты заңдар актісінің нәтижесі де емес. Ақша — халықтардың ойлап тапқан жаңалығы емес. Себебі ақша — адами шаруашылықтың табиғи өнімі, бір халықтың өзіңде әр түрлі уақытта және әр түрлі халықтарда бір уақытта әр түрлі игіліктер айналымда айрықша маңызға ие болады. Ақша әр халықтардың әр экономикалық жағдайының бір уақыттағы, бір халықтың әр мезгіл кезеңіндегі табиғи өнімі.
76.ҚР-дағы Инфляция және жұмыссыздық проблемасына талдау.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді. Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым. Елiмiзде “Кедейлiк және жұмыссыздық” проблемасы толастар емес, болар ең басты мәселелердiң бiрi болғандықтан 2003 жылы Үкiмет қаулысымен 2002-2003 жылдарға арналған кедейлiк және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын бекiттi. Алға қойған мақсатқа жету үшін жұмыс бастылық және табысты азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң белсендi саясаты iске асырылды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 – 2003 жылдарға арналған Бағдарламасының басымды бағыттарының бiрi қоғамдық– саяси тұрақтылық және елдiң әлеуметтiк – экономикалық тұрақты дамуының негiзiнде ел халқының өмiр сүру деңгейiн арттыру болып табылады. Бағдарламада кедейлiк көлемiн қысқарту, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, зейнетақы мөлшерiн арттыру, зейнетақы жүйесін жетiлдiру көзделедi. Тұтастай алғанда мемлекеттiк бюджеттен ѕстiмiздегi жыл әлеуметтiк қамтамасыз ету, әлеуметтiк көмек мәселелерiне 205,3 млрд. теңге бөлiндi. Бұл бұрын бөле алмаған орасан қаражат. Елдiң әлеуметтiк экономикалық әл – ауқатын жақсарту үкiмет үшін басты мiндеттердiң бiрi. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 12 пайызға арттырылды. Елбасының тапсырмасы бойынша ең төменгi зейнетақы мен жалақының мөлшерi 5000 теңге болды. 2003 жылы мѕгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi арттырылады. Президент Н.Ә.Назарбаев “2003 – 2005 Ауыл жылы” бағдарламасын бекiттi. Яғни экономикалық даму ауылдан бастау алады. Ауылдағы халықтарға барынша қолдау көрсету, әлеуметтiк жағдайда жақсарту мәселесi белсендi сипатқа ие болады. Ауылдағы жастарды жұмысқа тарту, оларды жұмыспенен қамтамасыз ету әлеуметтiк экономикалық жақсаруына , артуына алып келедi. Тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық мәселелерi өзгермелi, көп сипатты болғандықтан әлеуметтiк сфераның халықтың жұмысбастылығы, өмiр сүру деңгейi, әл – ауқаты сияқты аса маңызды мәселелерге курстық жұмысымда тоқталып өтейiк.