Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать

63.Ұлттық есептеу жүйесі

Макроэк/қ көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.

Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі.

2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX

Мұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;

I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа;

P – пайда

R – рента

I – пайыз

T- салықтар

A – амортизациялық аударымдар

64. Ұлттық байлық және оның құрылымы

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.

Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.

Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.

Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.

Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.

Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.

ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]