
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •21. Еңбек бағасының теориясы
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
- •29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
- •32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •33. Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Кәсіпорын шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •63.Ұлттық есептеу жүйесі
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
- •77.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
- •80 Кәсіпкерліктің әлеуметтік –экономикалық мәні,оның сипаттық белгілері
- •82 Қр жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы.
- •86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары.
- •88. Тұк және ұлттық экономика
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, өдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1) нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтермейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, фирма бұндай кәсіпкерлікпен кез-келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталарының дәмінің химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар, фирмалардың сату марқалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасау да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
Кәсіпкерлік – пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеті. Кәсіпкерлік – меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс(инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады,бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге және нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Қ-н заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік –таарлар ме қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі – ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен(жеке, ұжымдық,қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда ол пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік үш түрге бөлінеді:жеке тұлғалар, серіктестік(жолдастық), корпорация(акционерлік қоғам). Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті атайды. Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады.