Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать

40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері

Нарық қатынастарын зерттеуін экономикалық теория классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды. (Liberalis – еркін деген латын сөзі.) К.Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-тепеңдігі мәселесі үш деңгейде қараған: микродеңгей – көпсалалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі. Мысалы, К.Маркс «Капиталдың» екінші томында рыноктык тепе-теңдіктің схемасын экономиканың әр түрлі аясындағы өндіріспен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. К.Маркс схемасында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі пайдаланылады. (І-өндіріс құрал-жабдығының ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының өндірісі) және өзара айырбастың болуы қарастырылады. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамның өнімінің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі І мен ІІ бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанында ғана жүзеге асу мүмкіндігін К.Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы прапорцияның бұзылуы әр түрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К.Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы рыноктык тепе-теңдік швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910жж.) осы тектес теориясына дөп келеді. Италия экономистері Вальфредо Паретто (1848-1923жж.) мен Энрико Баронне (1859-1924жж.) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориясының салдарын жасады.  Нарық дегеніміз – экономикалық категориядағы қатынастар Социалистік лагердегі қоғамдық меншікті дамытудағы экономикалық қатынастардың кесапаты жеке адамдардың мүмкіншілігіне қатаң тыйым салу салдарындағы білімсіздік, ең кедей мемлекеттер қатарына қосып кетті. Ал қазіргі қоғамның түпкі даму мақсаты – сондағы әркімнің өзіндік қабілет мүмкіндігіне байланысты құқықтық қатынастарды құру. Қандай бір қатынастар болмасын, оның ішіндегі ең өзектісі егелік экономикалық қатынастар. Экономикалық қатынастар дегеніміз өзі ақша, тауар, қарыз, несие, құнды қағаздар, т.б. барлық категориялардың қатынастары. Тек экономикалық қатынастар арқылы әркім өзін және өзіндік, өзгенікі және өзге материалдық және рухани әлеуметтік байлықты жасай алады. Экономикалық категориялар қызметтерінің тәртібі мен мақсатының нәтижесінде жарату, болу, қайта болу, тұтыну, жинау заңдылығы орындалады. Сонымен нарық дегеніміз – әрбір экономикалық қатынастардың жүру келісімді бағасын өлшеу арқылы анықтау. Экономикалық қатынастардың орындалуы алдымен нарықтық бағаны есептеу, нарықтық бағаға келісу, нарықтық келісім бағасымен есептесу процестерінен өтеді. Ал бұл процестердің толық орындалуы үшін оның заңды және жеке тұлғалар арасындағы сұраныстар мен ұсыныстардан құралған екі жақтық құқықтығы болады. Сұраныстар мен ұсыныстары жоқ жердегі экономикалық қатынастардың жүру нарығы болмайды. 

41. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы. Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған.

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды. Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

42. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері. Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:Qs=a+b*Р

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.

43. Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы. Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.Тут график!

в- тауарлардың артықшылығы.

Е - сүраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.

а - тауарлардың жетіспеушілігі.

РЕ - тепе-теңдік баға.

QE - тепе-теңдік тауар көлемі.

l)Qd = Qs =>Е=>РЕ

2) P↓=>Qd > Qs => a =>Р↑ => Qd = Qs =>E =>PE. Тауарлардың жетіспеушілігі бағаны жоғары өсіріп, оны тепе-теңдік нүктеге ығыстырады.

3) Р↑=> Qd < Qs => в=> Р↓=> Qd = Qs =>Е =>РЕ. Тауарлардың артықшылығы бағаны төмен ығыстырып, сұраныс пен ұсынысты бір нүктеде теңестіреді.

Кез-келген ауытқуды (Qd > Qs немесе Qd < Qs) жаңа рыноктық тепе-теңдік жағдайға экелетін қызметті баға атқарады.

Егер сұраныс өссе, онда жаңа жоғары тепе-теңдік баға мен жоғары үсыныс көлемі қалыптасады жэне керісінше, сұраныс төмендесе, онда тепе-теңдік баға мен ұсыныс мөлшері төмендейді

Ұсыныс өзгермелі, сүраныстұрақты жағдайды да график арқылы көрсетуге болады. Егер ұсыныс өссе, онда тепе-теңдік жаңа бага төмендейді, тауарлардың көлемі артады жэне керісінше, үсыныс төмендесе, тепе-тендік бага өседі, тауарлар колемі азаяды.

44-60.Натуралды шаруашылық,оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.

Натуралды шаруашылыққа қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс Натуралды шаруашылықтың өнімі өндірушінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналады. Натуралды шаруашылық тұйық және жеке шаруа төңірегінде шоғырланады Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын Натуралды шаруашылық өндірісі, өндірушіоер шығарған өнімін рынокқа сату.

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның Натуралды шаруашылықтың белгілері Натуралды шаруашылық Сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы Қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды. Феодал поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ пен құрал-саймандарды өздері жасады. Шаруалар да, олардың қожайындары да еш нәрсені сатып алмады, «бәрі өзімізде бар» деген үрдісте өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. VI-X ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

45. Икемділік түсінігі. Икемділік коэфиценттері. Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.Ed=% ∆Q / %∆PИкемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1). Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1). Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1). Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.2. Тұтынушының табысы.3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.5. Тұтынушының күтуі.

Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.Ed=∆Q/∆P Бір тауардың багасына байланысты екінші тауар сұранысының икемділігі қиылысқан икемділік деп аталады. Қиылысқан икемділік коэффициенті і-ші тауар сұранысына өзгерістің j-ші та¬уар багасының өзгерісіне қатынасы арқылы анықталады: Eij = % AQi / % APj

1. Алмастырушы тауарлардың қиылысқан икемділік коэф¬фициент! 0-ден жогары болады (мысалы, кофенің багасы өссе, шайга сүраныс артады).

2.Толықтырушы тауарлардың қиылысқан икемділік коэффи¬циент! 0-ден томен болады (мысалы, шайдың бағасының өсуі, қанттың сұранысын азайтады).

3.Тәуелсізтауарлардың қиылысқан икемділік коэффициент! 0-ге тең болады (мысалы, нан бағасыныц өсуі дәптердің сүранысын өзгертпейді).

Сұраныстың көлемі тұтынушыныц табыс деңгейіне тэуелді. Табыс өзгерісі сүранысқа әртүрлі эсер етеді. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі- табыстагы өзгерістіц сұраныстың өзгерісіне эсері. Азық-түлік тауарларына қарағанда өнеркэсіп тауарларына сұраныстыц табыс бойынша икемділігі жогары болады.

Табыстың сұранысқа эсерін икемділік коэффициент! анықтайды.

Ed I = AQ / АІ

Ed I - сұраныстың табыс бойынша икемділік коэффициент!.

AQ - сүраныс көлемініц өзгерісі.

АІ - тұтынушылардың табысының өзгерісі.

Үсыныстың икемділігі - баға өзгерісіне байланысты рынокқа үсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісініц көрсеткіші.

Ұсыныстың икемділік коэффициент! (Ed) үсыныстың өзгерісінің бага өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.

Ed = AQ / АР

Ұсыныстың икемділігі тэуелді факторлар: шыгындырдьщ қүрылымы, өндірістік күштердің қарқыны, бос жұмыс күштерінің болуы, капиталдың қайта қүйылу жылдамдыгы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]