Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать

38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.

Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

39. Рыноктық инфрақұрылымы. Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Рынок инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік- есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: несие жүйесі және коммерциялық банктер; тауар, қор, валюта биржалары; жәрмеңкелер, аукциондар; мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары; ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; сақтандыру жүйесі; кеден жүйесі; коммерциялық- көрме кешендері; кеңес беруші және аудиторлық компаниялар; қоғамдық және мемлекеттік қорлар; еркін арнайы экономикалық аймақтар. Жәрмеңке ол белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен миспозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Аукцион- рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату мақсат б. т. Мәжбүрлі аукцион қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады. Биржа сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]