Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать

35. Инвестицияға капиталдық салымдар.

Қазір әрекет ететін капитал-бұл айналмалы қордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы. Негізгі және айналмалы қорлардың қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:

1)Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.

2)Сыйымдылық (қор сыйымдылығы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіні қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік қорлардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады. Фо=27 мың теңге/ 600 мың теңге=1,544

36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынады өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экон-қ қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экон-қ іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелдуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экон-қ бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:

  • тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі.

  • ынталандыру қызметі.

  • өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі.

  • реттеу қызметі.

  • шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі.

37. Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері. Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады: 1. Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа: -тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады. – қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет). – тұрғы үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады. 2. Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы: - жылжымайтын мүліктер рыногы; - еңбек құралдарының рыногы; - шикізаттар мен материалдар рыногы; - пайдалы қазбалар рыногы; 3. Қаржы рыногы. Оған: -капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок; - несие рыногы; - бағалы қағаздар рыногы; -валюта- ақша рыноктары жатады. 4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары). 5. Еңбек рыногы; 6. Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық). Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері:- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; - рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; - өндіріс факторларының мобилділігі жоғары; - рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; - ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері: 1. Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда. 2.Монопсония- белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопльдық пайда алады. 3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті. 4. Монополистік бәсеке- дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты: 1. Көтерме сауда нарығы; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. 2. Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]