Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
205.52 Кб
Скачать

33. Негізгі және айналмалы капитал.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнның әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал-бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал.

Айналмалы капитал-өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны,оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал материалдық және моральдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы.

Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

  • жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде

  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезеңде

  • техникалық-өндірістік-тұтыну құнның жойылуы

  • құндық-құнның жаңа өнімге көшуі

Моральдық тозу-бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, н/е олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнның бағалығының жойылуы.

Моральдық тозудың екі түрі болады:

  • еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі.

  • құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі,бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.

34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдыман жеңіске жететін болғандықтан, кпиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экон-қ көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капитал айналу шапшаңдығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі: П=О/Т, мұнда П-айналым саны, О-капитал айналымының өлшем бірлігі (1жыл), Т-берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни активтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу жүріп отыратынын көрсетіп отырады.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелінген бір айналыстаң орташа ұзақтығының көрсеткішін есептей аламыз (От): От=О/П немесе біздің мысалда:

От=360 күн/5=72 күн

Айналыстаң көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құралдардың ақша формасына айналу шапшаңдығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тіклей әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]