
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •3. Экономикалық теория қызметтері.
- •5. Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •6.Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •7.Өндіріс және оның факторлары.
- •8.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •9. Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •10. Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары. Трансформация қисығы.
- •13. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •14. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық категориясы.
- •19. Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •21. Еңбек бағасының теориясы
- •22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
- •23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •24. Ақша функциялары.
- •25. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •28.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы..
- •29.Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер
- •31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі және толық жұмысбастылық. Оукен заңы
- •32. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •33. Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •35. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •36. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •38. Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •40.Рыноктың артықшылыктары мен кемшіліктері
- •46.Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері
- •47.Монополия және бәсеке.
- •48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
- •49.Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Дискриминация.
- •50.Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны
- •51. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •52. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •53. Кәсіпорын шығындар теориясы.
- •54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •55. Пайда теориясы және оның түрлері
- •56. Жалақының мәні және оның формалары.
- •57.Еңбек-құн теориясы
- •61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •62. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері
- •63.Ұлттық есептеу жүйесі
- •64. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •65. Жұмыссыздық және оның түрлері
- •69. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері
- •72. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •73. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •74.Индустриалды – инновациялық бағдарлама
- •77.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
- •78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы
- •80 Кәсіпкерліктің әлеуметтік –экономикалық мәні,оның сипаттық белгілері
- •82 Қр жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •83. Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •84. Адам Смиттің көрінбейтін қол нарығы.
- •86. Ақша реформасы,себебі,мәні және әлеуметтік салдары.
- •88. Тұк және ұлттық экономика
- •90.Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
22. Тауар бағасын құрудың альтернативті құрылысы
Көптеген сөздіктерде баға – тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. Баға- ақша соммасы.Осы үшін сатып алушы тауарларды сатып алуға, ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның ролі кез – келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады.Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады.Бағаның деңгейіне тәуелді болатындар:
1.Коммерциялық ұйымдардың пайда мөлшері
2.Ұйымдардың бәсеке жарамдылығы, оның өнімдері
3.Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы
Баға өзінің макро – микро экономикалық мағынасында обьекті фактормен өндірістің белгілі бір шарттарымен нарықта тауарларды өткізу жағдайымен анықталады және мемлекеттің экономикалық саясатын белгілейді.Баға белгілеудің маңызды қызметі барлық шығаратын шығындарды жоба отырып пайда табу.
Нарықтық экономикада тауарларда бағалар үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты.
Нарық экономикасына өтпелі кезеңде бағалар түрлері және алуан түрлілігіне байланысты сыныпталады.Тауар айналымы саласының қызмет көрсету бағасы бірінші немесе негізгі белгі бойынша сыныпталады. Баға негізгі түрлерге бөлінеді:
Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы.
Құрылыс өнімінің бағасы.
Ауылшаруашылық көтерме сатып алу бағасы.
Жүк және жолаушылар көлігінің тарифі.
Бөлшек сауда бағасы.
Тұрмыс және коммуникациялық қызметі көрсету трифі.
Сыртқы сауда айналымының қызмет көрсету бағасы.
Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы фирмаларының және ұйым, өнеркәсіптің, кәсіпорынның өнім сатып алу және өткізу бағасы екі түрге бөлінеді:
Кәсіпорынның көтерме бағасы(жіберу бағасы)
Өнеркәсіптің көтерме бағасы
Кәсіпорыннығң көтерме бағасы өнім дайындаушы баға бойынша кәсіпорында көтерме өткізу ұымдарға немесе басқа кәсіпорындарға шығарылған өнімді өткізеді.Негізгі көтерме баға кәсіпорында жоспарлау, талдау және есептеу арқылы анықталады.Кәсіпорында көтерме баға өзіндік құннан (өндіріс және өткізу шығындары) пайда акциздер және ҚҚС – нан құралады.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы кәсіпорындар мен ұйымдар өнім бағасын жабдықтау, өткізу арқылы ұйымдарға төленеді.Алуан түрлі өнеркәсіп көтерме бағасы тауар биржасының бағасымен мәміле бағасымен құрылады.
23. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. „Металлистерге“ сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. „Номиналистер“ ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теоричсының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты. Олардың көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.