Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
729.6 Кб
Скачать

3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:

  • НОСТРО шотын ашу және оны жүргiзу, корреспоненттiк банкке ком-лық банктiң атына ағымдық шот ашумен байл операциялар;

  • ЛОРО шоты коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары

4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:

СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.

ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бір валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн жасалған контакт. Форвард операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:

СВОП мәмiлесi - бір валюта қарсы екiншi валютаны сатып алу, сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле.

Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма – қол және қолма қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма- қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.

17.Ақшаның металдық теориясы.

Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезіндегі меркантилистер жатады. Ақшаның металл теориясы 15-17ғ.ғ ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда- У.Стэнфорд,Т.Мен, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлініуіне қарсы шықты.

Бұл теорияның қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металдар болса, екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ayысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуіне деп есептейді.

Бірінші метаморфозасы- неміс экономистері ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

Екінші метаморфоза- бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын- дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Үшінші метаморфоза- екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Оның өкілдері халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

18.Ақшаның номиналдық теориясы.

Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің метализмге қарсы іс-әрекет ьолып табыоады. Өкілдері: Дж Беркли мен Дж Смит.

Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне байланысты метал монеталарды вексел, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады. Номинализмнің негізгі ережелері келесідей:

  • ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;

  • бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.

Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. А.Смит ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

  • қандай да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;

  • басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнаптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері былай құрылды:

  • ақша – құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;

  • ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жаслған төлем белгілері;

  • ақшаның негізгі қызметі төлем құралы.

Қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған толық құнды ақшалардың орнын алмастырушы тәрізді әсер етеді деген ой туады. Олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есесінен пайда болды. Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен;

  2. Монеталар тез тозбайды және бүлінбейді;

  3. Мемелекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың бұзуы;

Мемлекет шығындарды қағаз ақшалар мен жабу үшін шығарылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]