Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
729.6 Кб
Скачать

18.Эссе Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек пе деп ойлайсыз ба?

Standard & Poor'sтің 1-інші сәуір 2010 жылда несиелік рейтинктік бақылау орталығының бағалауынша Қаз банк жүйесі 2009-2010 жылдадан ауыр қаржылай-экономикалық дағдарыстан кейін ақырын, бірақ нәтижелі қалыпты жағдайына қалпына келе жатыр. Оны дәлелі- рейтингтің 11 орынға өсуі. Бiрнеше қадымдарға Қазақстан банк жүйесi әлсiздеу ТМДның тағы басқа мүшелердiң және Ресей банк жүйесiн озады.15 млрд халық үшін 36 ЕДБ банктер саны көп болып табылады.Қаз банктерін анықтайтын келесі факторлар:

Позитивті:экспорттық көмек көрсетудi үлкею жедел перспективадағы елдiң экономикасының қалпына келтiруi жақсы мүмкiндiк туғызады;iрi бiрлескен депозиттердiң үлестiрiлуiне үкiметтiң ықпалы қор базасының тұрақтануы елдiң iшi мүмкiндiк туғызады;қазақстандық банктер көбiнесе негiзгi банктiк кәсiпкерлiктермен шұғылданады, алыпсатарлық емес операциялармен.

Негативтi факторлар:жалғасып жатқан дағдарыс банктiк Қазақстан секторын айтарлықтай баяулатты;рекапитализации бойынша шаралар және қайта қаржыландыруға активтердiң сапаның нашарлауын мәселенiң шешiмi үшiн жеткiлiксiз;жеке қарсы уәкiлдер және салаларда кәсiпкерлiктiң биiк шоғырландыруы, сонымен бiрге банктердiң операцияларының долларизациясы жеткiлiксiз құнсызданатын экономика шарттарындағы орнықты сипаттар алады;банктерге негативтi ықпал тәуекел аласа деңгейлерде болады - менеджмент және бiрлескен басқару;реттейтiн органдар күрделi шарттардағы қызметтерi өз есептерiмен әрдайым қарап анықтады.

19.Қр ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті.

Теңгенің девальвациясы ұлттық экономикамызды әлемдік дағдарыстан қорғап, еліміздің одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.Ұлттық банктің теңгені девальвациялауы тағы бір маңызды қадам болды. Ұлттық валютаның құнсыздануы сөз жоқ жанға батады, алайда бұл дағдарысқа қарсы қажетті шара. Осы орайда Президент одан әрі теңгені жасанды түрде ұстап тұру қауіпті болғанын айта келе, «біздің көршілеріміз Ресей, Украина, Қытай ұлттық валюталарын құнсыздандырды. Егер біз теңгенің бағамын одан әрі ұстап тұра берген болсақ, онда Қазақстан экономикасының нақты секторы аталмыш және басқа да елдердің өндірісшілерімен бәсекеге түсе алмас еді», деді. Мемлекет басшысы теңгенің девальвациялануы басқа да мақсаттарға ауадай қажет, еліміздің алтын- валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік бергенін атап көрсетті.Төмендегі Г.марченконың сұқбатын мысал етіп келтіруге болады: Девальвация қажеттілік болды. Ресейде девальвация басталғаннан кейін Қазақстан экономикасында күшті  девальвациялық жағдай туындады. 2009 жылдың қаңтарында ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары мен еуроның  қолда бар сатылымы 2 миллиард долларды құрады. Бұл бір айдағы Ресей сататын 25 миллиард долларға балама еді. Ал Ресей соншама алып мемлекет бола тұрып, бір айда тек 12 миллиард доллар сатты. Бір сөзбен айтқанда, 2 миллиард доллар Қазақстан үшін бір айға өте көп болатын. –Заңды және жеке тұлғалардың 3,8 миллиард доллар депозиттері теңгеден долларға айналдырылды. Бұл шамамен  олар банкіге орналастырған жалпы қаражаттың 10 пайызын құрайтын еді. Осы бағытта доллардың  конвертациясы  жүріп жатқан, бұл үдеріс қаңтар айында тіптен айталықтай күш алып кетті. Қандай да бір жолмен болсын осы девальвациялық толқуларды жүйеден алшақтату қажет болды. Біздің көзқарасымыз бойынша, жалғыз жол  ол ақша бағамын тіркеп, орташа мерзімге дәліз орнату еді. - Осы қолданылған іс-шаралардың тиімділігі қандай? - Сәуір айында біз валюталардың нетто-сатып алушылары атандық. Әрине, көлемі онша көп емес-тін  бүкіл сәуір айында – 150 миллион доллар. Бұл біздің дәлізді дұрыс таңдағанымызды көрсетті. Әрі резервке қысым болған жоқ. Ақпан айы біз үшін өте ауыр ай болды. Өйткені теңге девальвациясының екінші толқыны Ресейдегідей 48 пайыз деңгейінде қайталап соғатындығы туралы алып-қашпа сөздер халық арасында жан-жаққа таралып жатқан. Бұл дегеніңіз, кеше ғана доллардың дәлізін жасап, алып-қосуы 5 теңге деп жариялаған  Қазақстан үшін әр доллардың деңгейін  180 теңгеге көтеру қажеттігін туғызар еді.  Біз бұл өсек-аяңның жалған екенін барымызша дәлелдеп, халықты сендіруге тырыстық. Қазір адамдар біраз сабасына түсті. Көптеген кәсіпорындар мен тұрғындардың доллар бағамының жаңа деңгейіне бойлары үйрене бастады. Сонымен қатар, біздің мәліметтеріміз бойынша, ІЖӨ өсімі байқалады. Ақпан айымен салыстырғанда ол наурызда 2,8%. құрады. Ал қаңтар айында үлкен құлдырауға ұшыраған-тын. Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда 2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2,2 % пайыз азаюы болжанған болатын (болжам расталды – ред.). бұл заңдылық еді. Өйткені қаңтар айы девальвацияға дейінгі кезең, ақпан айы буырғанған девальвация шағы. Бізде сол бір сәтте доллардың  бағымы 117 теңге жеткен қауырт кезең-тін. Ал 2002 жылдың соңы мен  2003 жылдың басында доллардың 156 теңгеге жеткендігін еске алсақ та болатын сияқты. Негізінен, баға туралы алғашқы сұраққа қайта оралсақ, дағдарысқа қарсы қолданылған іс-шаралардың тиімділігін экспорттың өзіндік жүйесінен, инвестициялық және тұтыну тауарлары бойынша импорттың қаншама қысқартылуынан, сәуір, мамыр, маусым айларындағы салымдардың қалай өзгергендігінен,  теңгедегі салымдар қалай өсті, валютадағы салымдар қалай өсті, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақшалар қалай жеткізілетін болады, осының барлығын – екінші тоқсанның қорытындысымен бағалауға болады. Көмектің ең тиімді тәсілі,  ол – тікелей ақшалай көмек.  Қашанда бөлінген ақшаның  өте баяу жететіндігіне шағым көп. Алайда қаражат бөлінген ол игеріліп жатыр. Алғашқы айда 16 пайыз иегерілсе, қазір нақты секторды қолдау үшін екінші деңгейлі банктерге жалпы бөлінген көлемнің 70 пайызынан астамы игеріліп үлгерілді.  Қыркүйектің басында нақты есептерді шығарып, салыстырмалы талдауларды бір жүйеге келтіріп,  қандай нәтижеде жұмыстар атқарылғанын түпкілікті айтуға болады. - Қазіргі уақытта Қазақстандағы алтынвалюта қорының мөлшері қандай? - Ұлттық банктің валюталық активі 20 миллиард долларды құрайды. Бұған  22,5 миллиард доллар Ұлттық қордың валюталық компонентін қосыңыз.  Адамдарда кейбір түсінбеушілік бар. Ұлттық қордың бұрын барлық қаражаты шет елде валюта активімен салынды. Ал қазір оның белгілі бір бөлігі, атап айтқанда, 5 миллиард доллар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен екінші деңгейлі банктер арқылы нақты секторларға жеткізілуде. Олар кредиттер түрінде ұзақмерзімді теңгелік активтерге конвертация жасалуда. Дегенмен, олар бұрынғысынша Ұлттық қордың активтері ретінде қалады, тек басқа валютада, басқа түрде, өзгеше мерзімге сақталады.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, теңгенің девальвациясы отандық өнім өндірушілерді дамытуға көмектеседі. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Қазақстандық өнім өндірушілер теңгенің арзандауына байланысты импортпен салыстырғанда артықшылыққа ие болды. Олар объективті түрде барлығы да тендерлерде жеңуге тиіс, біздің өнім бүгіннен бастап бәсекелестік қабілетке ие болады", - деді премьер-министр. Осы орайда Кәрім Мәсімов вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке тауар айналымындағы Қазақстандық өнім мәселесіне бақфлау қоюды тапсырды. "Қазақстандық өнімнің сатылу мәселесін қадағалау - сізге жүктелетін тапсырма, сонымен бірге облыс әкімдері үшін басты мәселе - жұмыссыздыққа жол бермеу", -деді үкімет басшысы.

22.ҰБ-ң ақша-несие саясатын жүзеге асыра отырып, экономикада қандай мәселелерді шешеді

Инфляцияның төмен қарқынын және тұрақты айырбастау бағамын қамтамасыз ету Ұлттық банктің аса маңызды міндеттерінің бірі болды. Ұлттық валюта енгізілген алғашқы күндерден бастап-ақ бас банк теңгенің орнықтылығына қол жеткізу және қолдау көрсету үшін қатаң ақша-кредит саясатын жүргізді. Дәл осы саясат 5 жылдың ішінде инфляцияны төрт таңбалы саннан бір таңбалы: 1993 жылғы 2165 пайыздан 1998 жылы 1,9 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ұлттық банктің ақша-несие саясаты біртіндеп жетілдірілді және оның құралдары кеңейтілді. Ақша-несие саясатының теңге енгізілген сәттен бастап пайдаланылатын, қайта қаржыландыру ставкасы, міндетті резервтердің нормалары және ішкі валюта нарығындағы интервенциялар сияқты құралдарына жаңа құралдар қосылды. Бас банк меншікті бағалы қағаздар – қысқа мерзімді ноттарды шығарып, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, банктерден депозиттер тарта бастады. «Ақша-несие саясатын жүргізу тиімділігіне «ҚР Ұлттық банкі туралы» 1995 жылғы Заң ықпал етті,– дейді Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко. – Заңға сәйкес ҰБ өз қызметінде тәуелсіз болып, Президентке ғана есеп беретін болды. Саяси қысымнан босаған соң ұлттық банк тиімді банк жүйесін құру жөніндегі ауқымды жұмысқа кірісті. Коммерциялық банктерді қадағалауды күшейтуге және олардың сенімділігін көтеруге баса назар аударылды. Банк жүйесін реформалаудың бірнеше бағдарламасы орындалды».

Жаһандық экономикадағы ахуалдың оңала қоймауына орай осы күзде Халықаралық валюта қоры елдің экономикалық билігіне банк секторындағы проблемаларды шешумен қатар әлемдік дағдарыстан туындайтын салдарларға дайын болуға кеңес берген болатын. Бұл орайда, бас банкирдің айтуынша, ХВҚ-дың ұсынымдары іс жүзінде Қазақстан билігі қолданған шараларды қайталаған екен. Ал үкімет пен ұлттық банк әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайға қол қусырып отырған жоқ, дайындық үстінде. 2012-2015 жылдары тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шараларды әзірленуде. Оның ішінде ұлттық валютаның нақты бағамының айтарлықтай ауытқуына жол бермеу, төлем балансының орнықтылығын көтеру жөнінде шаралар алынбақ. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты қысқа мерзімді кезеңде айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. Басты мақсат – елдің қаржы секторының және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қала береді. Инфляция орта мерзімдік жылдық көрсеткіші 6-8 пайыз шегінде болжанып отыр. Ақша-несие саясатының сипаты ішкі және сыртқы экономикалық ахуалға байланысты болады. Тұтастай алғанда, бас банктің жүргізіп ақша-несие саясаты елде макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуына және ішкі жалпы өнімнің жыл сайын 7 пайыз деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, дейді Г. Марченко.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]