
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Тұтыну несиесі
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •18.Ақшаның номиналдық теориясы.
- •20. Несиенің қайта бөлу қызметі
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •16. Несиелік серіктестік
- •19. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •21. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •22. Несие ақшалардың түрлері
- •24.Ақшаның айналыс құралы қызметі
- •25. Несиелік қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •26. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •28. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •29. Құн формаларының дамуы
- •31. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •33. Инфляцияға қарсы саясат
- •34. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •39. Металл ақша айналысы.
- •40. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •41. Инвестициялық операциялар
- •1) Мемлекеттің бағалы қағаздары:
- •2) Корпоративтік бағалы қағаздар:
- •43. Несиенің айналыс шығынын үнемдеу қызметі.
- •44. Төлем талабы және төлем–тапсырмасы арқылы есеп айырысу.
- •42. Депозиттік операциялар
- •45. Қор биржасы.
- •46. Банктің қаржылық операциялары.
- •47. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •48. Бағалы қағаздар нарығы.
- •49.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •50. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •51.Ақша-несие саясатының типтері.
- •57. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •1.Эссе. Қазақстанның қор нарығын дамытуда қандай іс – шаралар жасалып жатыр.
- •3. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •5.Қазақсандағы банк жүйесінің даму преспективасы
- •6. Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны
- •7. Эссе.Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі
- •8.Едб несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері.
- •9. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны.
- •13.Эссе.Қазақстан қор нарығындағы негізгі мəселерді атап өтіңіз
- •14. Күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсет етеді деп ойлайсыз?
- •16. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы.
- •17.Эссе.Айналыстағы ақша массасының өсуі неге əкеледі, оның салдары
- •18.Эссе Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек пе деп ойлайсыз ба?
- •19.Қр ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті.
- •23.Қазіргі таңда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары
- •24. Қазақстанда қор нарығының дамуы ж/е қазіргі жағдайы.
- •26.Эссе. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы.
- •27.Эссе.Қр-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ экономикамызға қалай əсер етеді
- •29.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
- •21. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама беріңіз.
50. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
Ақша массасы- ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне жатады. Ол жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін стып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемін білдіреді. Ол ақша агрегаттарының көмегімен анықталады.
Ақша агрегаттары-белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналымының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуімен көлемін реттеуге байланысты шаралар жасау үшін пайдаланатын көрсеткіштер.
Қазақстандағы қаржы статистикасында келесідей агрегаттардың есептері жүргізіледі:
М0- айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар мен монеталар)
М1-М0+заңды тұлғалардың есеп айырысуы, ағымдық және чектік шоттардағы қаражаттары, коммерциялық банктердің салымшылыарының ақшалары, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.
М2- М1+халықтың банктегі мерзімді салым ақшалары.
М3-M2+мемлекеттік қарыз облегациялары, депозиттік сертификаттар.
51.Ақша-несие саясатының типтері.
Ақша несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша- несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша несие саясаты 2 типке бөлінеді:
1 рестрикциялық
2 экспанциялық
Рестрикциялық ақша несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай- ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша- несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
52. Инвестициялық,инновациялық қорлар
Инвестициялық қор (инвестициялық компания) – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Акционерлермен өзара қатынастарына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрлерге бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор
Инвестициялық бактерден басқаларының басқарушы қызметін атқаруға құқығы жоқ.
7 шілде 2004ж. ҚР “Инвистициялық қорлар туралы” №576- 11заңына сәйкес инв/қ үлестік жарна н/е акционерлік қоры құрылған болатын.ҚР инв. қордың екі түрі бар:
–акционерлік инв.қор
–үлестік жарна инв.қоры(ҮЖИҚ);олар келесі формада болуы мүмкін: ашық,аралас,жабық.
Ашық ҮЖИҚ ҚР “Инвистициялық қорлар туралы” заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иеміне үлестік жарнасынан сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады.Осы инв.қордың ережесіне сай екі аптада бір рет,ал ҮЖИҚ аралығында ұзартпай жылына бір рет сатып алу ұсынылады.Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Жабық ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзінен жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуе құқығы жоқ.
Басқарушы компания –бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы ,инв/қ қоржынды лицензияның негізінде басқаруға,ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.
Инв/қ декларация–сақтандыру жағдайында ж/е қор аутивтерін әртараптандыру.Инв/қ кіріс– оларды инвистициялау нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.
1)Инв/қ акционерлік қор ҚР “Инвистициялық қорлар туралы” заңына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықща қызмет түрі б.т.АИҚ жай ақшадан басқасын шығаруға ,алтын акцияны енгізуге ,еншілес ұйым құруға ешқандай құқы жоқ.АИҚ активтерінің сақталуы мен есепке алынуын кастадион жүзеге ас.Компания басқарушысы ,кастадион мен тіркеуші өзара үлестес болмауы тиіс.АИҚ акциялары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді.Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.
2) үлестік жарна инв.қоры(ҮЖИҚ) –заңды тұлға болып саналмайды,ол шексіз мерзімге құрылады.Үлестік жарна–құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы,үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді.Үлестік инв.жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық елу мың еселік көрсеткішін құрайды.Үлес жарнасын алғаш рет кезеңдегі ҮЖИҚ орналасуы қор ережесінде барлық инвесторлар үшін белгіленген атаулы бірыңғай құны б/ша орналастырылады. ҮЖИҚ қызметі “Инвистициялық қорлар туралы” заңмен реттеліп отырады.Қаз/да алғашқы үлестік инв/қ жарна қоры 2004ж соңына таман п.б.Ресейде бірінші ҮЖИҚ тіпті 1996ж п.б.
ҚР 6 тамыз 2004ж №575-11 заңға сәйкес Қаз/да акционерлік қоғам нысанындағы коммерц.ұйым “ Қаз/ң инв.қоры құрылды ”.Қор қызметінің мақсаты ҚР индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу б.т.Сонымен қатар эк/ң шикізаттық емес секторларына жеке меншік сектордың бастамасымен қаржылық қолдау көрсету,болашақ ұйымдардың жобаларына инвестицияны тарту мен сол арқылы жүзеге асыру
53. Ақша жүйесі және оның элементтері.
Ақша жұйесі –бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің мынадай типтері бар:1. металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады.2. несиелік және қағаз ақшалар айналысы. Яғни алтын айналыстан алынып тасталынып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді: 1. Биметализм –жалпыға балама рөлі екі бағалы металға негізделген ақша жүйесі. Биметализмнің 3 түрі болған:
қос валюталы жүйе –мұнда алтын мен күмістің арасындағы шектік қатынас олардың нарықтық құнына негізделген
қатар жүретін валюталық жүйе –мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген
ақсақ валюталық жүйе-мұнда алтын мен күміс монеталары заңды төлем құралы ретінде пайдаланылған, бірақ бірдей негізде емес. Себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасау жабық түрде жүргізілді.
2. монометаллизм –бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл қызмет ететін ақша жүйесі. Ол мына түрлерге бөлінеді:
- алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, несие жүйесінің, өндірістің, дүниежүзілік сауданың, капиталды сыртқа шығарудың дамуын қалады. Белгілері: алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды. Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді. Толық құнды емес ақшалар айналыста бола отырып, еркін мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды. Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға болатын болды.
-алтын құйма стандарты – мұнда айналыста монета болмайды, алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар алтын құймасына тек олардыі сомасы көрсетілген жағдайда ғана айырбасталды.
-алтын девиз стандарты –Австрия, Германия, Дания, Норвегия елдерінде бекітілді. Мұнда да айналыста алтын монета еркін жүрмеді. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді.
Ақша жүйесінің элементтері: ақша бірлігі, ақша түрлері, эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Қазақстанда ақша бірлігі – теңге.
Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын несиелік және қағаз ақшалар жатады.
Эмиссиондық жүйе – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді.
54. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
Ссудалық пайыз негізінен несиенің төменділігі принципіне байланысты.
Несиенің төлемділігі дегеніміз несие беруші, қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомманың өсіп қайтарылуын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдалану үшін сыйақы пайыз түрінде беріледі.
Қарыз пайызы неиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома д.а. Фоаманың иррационалдылығы , біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да қашалай формада екінші бағаны алғандай болады;екіншіден , пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді.Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде п.болды.Қарыз пайызы, демек , қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған икезде п.б. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды. Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
Қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық құқықтық айырмашылық;
Қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
Несие және қарыз пайызының ұдайы өндірі процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы
55. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтіру әдістерін қолданды. Оған келесілер жатады.
1. нуллификация – ол құнсызданған ақшаны жойып, оның орнына жаңа валютаны енгізу.
2. ревальвация – ол ақша өлшемдерінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі.
3. девальвация – ол ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету.
4. деноминация – бұл «нөлдерді сызу әдісі», яғни баға масштабын ірілендіру.
56. Мамандандырылған банктер
Коммерциялық банктер операцияларының түріне қарай былай бөлінеді:
- әмбебап – яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер.
- мамандандырылған – яғни 1 ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
Мамандандырылған банктерге келесілер жатады:
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»,
«ҚазАгро»,
Кастодиан банктер, т.б. жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі 364-ші қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды. Банктің Құрылтайшысы және акционері – ҚР-ң Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы ҚР Үкіметі.Банк алғаш рет «ҚазПошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралыы келісім жасады. 2004 ж 19 наурызда ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды. Негізгі мақсаты – халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу.
Кастодиан банк клиенттердің қаржылық активтерін және бағалы қағаздарды сақтаумен және басқарумен айналысатын банктер.кастодиан банк мынадай қызметтерді көрсете алады – клиринг, мәмлелер бойынша есеп айырысу, валюталық операциялар және т.б.
Ал «ҚазАгро» ауыл шаруашылығы салаларын несиелеуге байланысты құрылған маманданған банк. Ислам Даму Банкі 2011 жылы 10 млн доллар көлемінде несиеледі. Оларға қойылған талап – жасалатын жобалардың бәрі шариғат заңдарына сәйкес болуы керек. Холдигтің мақсаты – жұмыссыздықты төмендету, ауылды аймақтардағы жағдайды көтеру.