Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
729.6 Кб
Скачать

48. Бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығы-қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған механизмнің бірі. Бағалы қағаздар нарығының мәні- нарық қатысушыларының бағалы қағаздарды шығаруымен және бағалы қағаздардың айналысымен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі- бағалы қағаздардың нақты түрлерімен байланысты:

Корпоративті б.қ. нарығы: ақция және аблигация

Мемлекеттік б.қ, нарығы: эмитенттері ҰБ, Қаржы министрлігі болып табылады.

Туынды б.қ. нарығы: яғни бұл бағ.қағаз.нарығы келесідей түрде эмиссияланады:

  • Келісімшарт нысанында: фьючерс, форвард, опцион, своп;

  • Кепілдік нысанында: варрант, коноссамент,

  • Куәлік нысанында: депозиторлық қолхаттар, банктік сертификаттар, ипотекалық куәліктер;

Бағалы қағаздар нарығының рөлін 2 позиция тұрғысынан бағалауға болады:

  1. Әртүрлі көздерден ақша қаражаттарын тарту тұрғысынан;

  2. Бос ақшалай қаражаттарды қандай да бір нарыққа орналастыру тұрғысынан.

Б.қ. нарығының атқаратын қызметін 2 топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық, өзіндік ерекшелігі бар.

Б.қ нарығының жалпы нарықтық қызметіне:

-коммерциялық қызметі: яғни б.қ. н. операциялардан пайда алу;

- баға белгілеу қызметі: сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық бағаның қалыптасуын қамтамасыз ету;

- ақпараттық қызметі: нарық өздерінің қатысуш-н сауда объектілері мен нарықтың қатыс- ры туралы әртүрлі ақпартаттармен қамтамасыз етеді.

- реттеуші қызметі: нарық сауда – cаттықты ұйымдастыру және оған қатысу ережесін қалыптастырады, нарыққа қатысушылар арасындағы дау-дамайды шешу тәртібін бекітеді.

Бағалы қағаздар нарығының өзіндік ерекшелігі бар қызметіне:

  • Ақша қаражатын қайта бөлу;

  • Қаржылық және баға тәуекелін сақтандыру немесе хеджерлеу қызметі;

Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөліктеріне келесілер жатады:

  1. Айналым кезеңіне қарай: алғашқы нарық, қайталамалы нарық;

  2. Реттеу деңгейіне қарай : ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған;

  3. Сауданың жүргізу орнына қарай: биржалық, биржадан тыс;

  4. Сауданы жүргізу тәсіліне қарай: дәстүрлі, компьютерленген

  5. Б.қ. жасалған мәм-ң орындалу мерзіміне қарай: кассалық, мерзімді

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары: брокерлер, диллерлер, тіркеуші, б.қ. нақты ұстаушы, кастодиандар, орталық депозитарий, инв.портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушылар, сауда-саттық ұйымдастырушылары, трансфер агенттер.

Б.қ.нарығының инфрақұрылымы келесідей топтарға жіктеледі: реттеушілік, функционалдық, техникалық, ақпараттық.

49.Коммерциялық банктердің жіктелуі.

Коммерциялық банктер тікелей кәсіпорындарға, ұйымға, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін екінше деңгейлі банктер болып табылады.

1 Меншік сипатына қарай:

  • Мемлекеттік

  • Акционерлік

  • Жеке

  • Пай қосу арқылы(мысалы ЖШС)

  • Аралас (шетел капиталының қатысуымен)

  • Кооперативтік

2 Операциялардың түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер

  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсетеді

3 Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық

  • ұлттық

  • аймақтық

4 Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер

  • Сауда банктері

  • Ауылшаруашылық банктері

  • Құрылыс банктері

  • Басқа да

5 Филиалдар санына қарай:

  • Филиалсыз

  • Көп филиалды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]