Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
729.6 Кб
Скачать

31. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.

Активтік операциялар-бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. А.о. өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың ең көп тараған түрлері: ссудалық, инвестициялық, депозиттік, қаржылық және басқа да опер-р. Банктің ссудалық опер-р негізінде ссудалық портфель құрылады. Ол келесідей болып жіктеледі: стандартты, күмәнді, шығынды. Инвестициялық опер-р негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді: мемлекеттік және корпоративтік. Мемлекеттік б.қ. табыстылығына қарай: дисконттық,купондық, аралас болып бөлінеді. Дисконттық-алғашқы нарықта инвестицияларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі. Купондық-номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Аралас-купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Корпоративтік б.қ. мыналар жатады: акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттары, ипотекалық куәліктер, депозитарлық қолхаттар. Депозиттік опер-р өтімділікті қолдау және банктермен корреспондеттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің қаржылық опер-ры несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік опер-ды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг опер-ры жатады.

32. ҚР ақша жүйесі

Ақша жүйесі –бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Қазақстан осы заманға ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған осы заманғы әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңына сәйкес жұмыс істейді. Оны осы заңға сәйкес былайша сиапттауға болады:

  • ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан тұратын теңге жатады;

  • теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;

  • қолма-қол ақшаны шығарудың айырықша құқығына Ұлттық банк ие, Қазақстан аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымын оларды алу да Ұлттық банктің мойнында. Ұлттық банк бұларды қолма-қол ақшасыз балама алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге асырады;

  • теңге мен суррогаттардан басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым салынған;

  • заңды төлем күші бар ақша түрреріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі ҚР Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады.

33. Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияға қарсы саясатқа келесідей формалар жатады: ақша реформасы, антиинфляциялық саясат жатады.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады.

- жаңалау;

- қалыпқа келтіру;

- деноминация .

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.

Таргеттеу (ағылшын сөзінде – target, қазақша мақсат) бұл реттеу ұйымның жауапкершілігіне жататын мақсатты көрсеткіштердің сандық бағдарына жетуге арналған экономикалық саясаттың құралдарын қолдануды білдіреді. Егер ортажлық банк ақырғы мақсатына қол жеткізе алмаған жағдайда, аралық көрсеткіштерді таргеттеуді қолданады. Халықаралық тәжірибеде таргеттеудің төмендегідей нұсқалары таралған: [15]

  • Инфляцияны таргеттеу

  • Валюталық бағамды таргеттеу;

  • Номиналдық табыстарды таргеттеу, яғни номиналдық ЖІӨ-нің өсімін болжау.

Инфляциялық таргеттеу орталық банктің инфляцияның сандық бағдарына қол жеткізу мақсатында ақша-несие саясатының құралдарын қолдануды білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]