- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Тұтыну несиесі
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •18.Ақшаның номиналдық теориясы.
- •20. Несиенің қайта бөлу қызметі
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •16. Несиелік серіктестік
- •19. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •21. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •22. Несие ақшалардың түрлері
- •24.Ақшаның айналыс құралы қызметі
- •25. Несиелік қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •26. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •28. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •29. Құн формаларының дамуы
- •31. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •33. Инфляцияға қарсы саясат
- •34. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •39. Металл ақша айналысы.
- •40. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •41. Инвестициялық операциялар
- •1) Мемлекеттің бағалы қағаздары:
- •2) Корпоративтік бағалы қағаздар:
- •43. Несиенің айналыс шығынын үнемдеу қызметі.
- •44. Төлем талабы және төлем–тапсырмасы арқылы есеп айырысу.
- •42. Депозиттік операциялар
- •45. Қор биржасы.
- •46. Банктің қаржылық операциялары.
- •47. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •48. Бағалы қағаздар нарығы.
- •49.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •50. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •51.Ақша-несие саясатының типтері.
- •57. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •1.Эссе. Қазақстанның қор нарығын дамытуда қандай іс – шаралар жасалып жатыр.
- •3. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •5.Қазақсандағы банк жүйесінің даму преспективасы
- •6. Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны
- •7. Эссе.Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі
- •8.Едб несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері.
- •9. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны.
- •13.Эссе.Қазақстан қор нарығындағы негізгі мəселерді атап өтіңіз
- •14. Күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсет етеді деп ойлайсыз?
- •16. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы.
- •17.Эссе.Айналыстағы ақша массасының өсуі неге əкеледі, оның салдары
- •18.Эссе Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек пе деп ойлайсыз ба?
- •19.Қр ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті.
- •23.Қазіргі таңда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары
- •24. Қазақстанда қор нарығының дамуы ж/е қазіргі жағдайы.
- •26.Эссе. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы.
- •27.Эссе.Қр-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ экономикамызға қалай əсер етеді
- •29.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
- •21. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама беріңіз.
19. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
Ссудалық % тауарлары өндіріс жағдайда қоғамда несие қатынастары дамығанда п.б. несие жоқ болс, ссуда да жоқ.. ссудалық % несие сияқты-ссудаға уақытша пайд-ға берілген құнның бағасын білд-н объективті эк-қ категория.
Ссудалық пайыздың мәні-ссудаға берілген құнды пайд-ны үшін төленетін төлемнің, несиеге қосылатын үстеменің, несие берушінің шығындарынығ орнын толтыру әдістерінің жиынтығымен сипатталады.
Ссудалық пайыз мәні:
а) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін төлемді
ә) несиеге қосылатын үстемені
б) несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыз несие формалары б/ша:
1.коммерц пайыз.2.банк пайызы.3.тұтыну пайызы.4.лизингтік мәлім б/ша пайыз.5. мемл/к пайыз б/ша пайыз болып бөлінеді.
Жай % - бұл ссудалық бөлшектің (депозиттің) сомасына есептелген %
I=iPn/360*100%
i- пайыздық жылдық мөлшерлемесі
P- берешек («депозит) қалдығы
n- ссуданың (салым ақшаның) барлық мерзімі үшін есептелген кезеңдегі күндер саны
күрделі %- ccудалық депозит табысының сомасына ғана емес, есептелген %дар табысының сомасына есептелетін %
I= P[(1+i/1200)n-1]
P- cсуданың (салым ақшаның) бастапқы сомасы
I- cсуданың барлық мерзімі үшін есептелетін % сомасы
n- бір айдағы ссуданың ұзақтығы
21. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер)-нағыз ақшалардың өкілдері, олар бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылады, металл ақшаға ауыстырылмайды, сондай – ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құндық белгілері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, сонымен бірге оларды сақтау, тасылмалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз болды. Осыған байланысты қағаз ақшалар пайда болды. Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың көптеген кемшіліктері бар.
Қағаз ақшалардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Олар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне : айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
22. Несие ақшалардың түрлері
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілумен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелік операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты – ақша айналымын икемді ету, нағыз ақшаларды үнемдеу, қолма – қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель – (ағыл.сөзінде «Bill note» аударғанда «міндеттеме шоты») белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай (соло) және аудармалы (тратта). Вексельдің түрлеріне «ҚР – дағы вексель айналысы туралы» 28.04.97ж. ҚР заңында мынадай түсініктеме берілген:
А) жай вексель – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Ә) аудармалы вексель – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Банкнота (ағыл.сөзінде “Bank-note” аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Банкнота классикалық және жай болып екіге бөлінеді.
А) классикалық банкнота- бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Ә) жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Ұлттық банк билеті.
Классикалық банкнотаның жай банкнотадан айырмашылығы:
Жаратылысына қарай қағаз ақшалардың айналым құралы ретінде қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен туындайды.
Эмиссиялау әдісі бойынша қағаз ақшаны қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Ұлттық банк шығарады.
Қайтарылуына байланысты классикалық банкнота вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. Чектің түрлері:
Ақшалай чек – банктен қолма – қол ақша алуға арналған төлем құралы;
Атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
Мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
Есеп айырысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма – қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
Жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
Біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
Екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
Үшіншіден, ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.
23. Толық құнды және толық құнсыз ақшалар.
Ақша өзінің даму барысында материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес екі түрге бөлінеді:
Толық құнды ақша - номиналды құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың құнына сәйкес келеді. Оларға алтын, күміс монеталар, яғни металл ақшалар жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс, жаны – гурт деп аталады. Алғашқы монеталар VIIғ. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
Алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
Алтын стандарты,жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы небары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақша – номиналды құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
Құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий, т.б.монеталар;
Құнның қағаздан жасалған белгілері. Ол екіге бөлінеді: қағаз ақшалар, несиелік ақшалар(вексель, чек, банкнота).