Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2 (3).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
658.43 Кб
Скачать

9. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны.

Қаржы рыногы бұл,ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің ж/е халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді ж/е қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы.функциялық тұрғыдан қаржы рыногы бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыруды ж/е қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген эк/қ, әсіресе инвестициялық үдерістерді ретке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қаржылық құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді. Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақшалай эмиссияны пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады ж/е олардың бағасы сұраныммен ж/е қамтамасыз етумен анықталады. Қор нарығы қаржы нарығының бағалы қағаздардың эмиссиясы мен оны сату сатып алу жүзеге асырылатын бөлігін білдіреді. Қор нарығына бағалы қағаздар қарыз берумен байланысты кредиттік қатынастар мен бағалы қағаздар меншікке қатысу титулы болғанда бірге иелену қатынастары кіреді. Дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар мен оның нарығы бос ақшалай қаражатты кәсіпорындар мен мемлекеттің мұқтажы үшін жұмылдыруда өте маңызды роль атқарады. Экономикалық өсуге көшу үшін мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі мақсатты саясат жүргізуге тиіс. Елдің қаржы нарығында 86 брокер - дилер, 12 тіркеуші, 11 банк-кастодиан,14 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды (ЗАИБ) жүзеге асыратын ұйымдар, 54 инвестициялық портфельді басқарушылар, 3 трансфер агент жұмыс істейді.

10.ҚР ҰБ-ң банк секторын реттеуде алатын орны

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы – пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» Ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

  2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;

  3. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

  4. Өтімділік коэффициенті;

  5. Ашық валюталық позиция лимиті;

  6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу 2004 жылға дейін Ұлттық банктің Банктік қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асты. 2003 жылы шілде айында қабылданған «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңына сәйкес, елімізде банктік қадағалауды 2011 жылдың сәуіріне дейін – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі жүзеге асырып келді. 2011 жылдың сәуір айынан бастап, Қаржылық бақылау агенттігі мен Алматы өңірлік қаржы орталығы Ұлттық банктің құрамына кірді. Қаржылық Бақылау Агенттігі – Қаржылық Бақылау Комитеті болып құрылды.

Қаржылық Бақылау Комитетінің Төрағасы Қуат Қожахметов өзінің берген сұхбатында Қаржылық Бақылау Агенттігі мен Алматы өңірлік қаржы орталығының Ұлттық банктің құрамына кіру себебін атап өтті. Олар өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқара алмаған болса керек.

Комитет құрыла салып, өз жұмысына кірісті. Оның алғашқы қадамы – 4 қазақстандық банктерді – «Сенім», ТАИБ Қазақ банкі», «Al Hilal», «Кредит Алтын» уақытша лицезияларынан айырды.

Соңғы уақыттағы қолданылған санкциялар мен ықпал ету шараларына тоқталатын болсақ, 01.08.2011 – 30.09.2011 кезеңде «Қазкоммерцбанк» АҚ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу бойынша тексеру кезінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі жəне ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі №275 қаулыға сәйкес әкімшілік жазаға тартылды. Ол 1508500 теңге көлемінде айыппұл төледі. Сондай –ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі жəне ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жəне "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсан № 152 қаулысы бойынша әкімшілік жазаға тартылып, 1510205,94 теңге көлемінде айыппұл төледі.

11-30.Әлемдік дағдарыстың коммерциялық банк қызметіне қалай әсер етті

Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны 2008 байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.

2007 жылдың тамызында АҚШ ипотека жүйесінен бастау алған қаржы дағдарысы

Екінші дең­гейдегі банктеріміз сырттан «қорлана» (фондирование) алмайтын жағдай қалыптасты. Керісінше бұрын алған несиелерін қайтаруға тура келді. Сондықтан да Қазақстанның ипотекалық жүйесі біраз ақсады. Ипотекалық несие арқылы «май шелпекке кенелеміз» деген топ та­қырға отырып қалды. Халыққа үлес­тірілген несие қайтарымы іркіліске ұшырады. Жылжымайтын мүлік құны екі еседен астамға түсті. Тұрғын үй бағасының түсуі әлі де жалғасады. Өйткені ол Қазақстан халқының нақ­ты табысына шақталмаған, алыпсатарлардың қолдан жасаған бағасы еді. Солай бола тұрса да, өзегемендігіналған 18 жылдың ішінде ауқымды істер тындырып үлгерген мемлекет басшылығы қазынамызға Ұлттық қор мен Ұлттық банктің тұрақтандыру қорындағыны қоса есептегенде 50 миллиард доллардыңсыртында мол қаржыжинақтағанболатын. Оныңүстіне Қазақстанның бағасы төмендемеген шикі­заттық экспортынан түсетін валюталық кіріселден бұрынғы алынған несиелердің қайтарымы ретінде шетелдергешығарылатын валюталық шығысты толық жабатындай деңгейден де артық. Міне, осы екіжағдай Қазақстанның қарқында дамуын сақтапқалып отыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нарықтық дүниенің құ­былмалы мінезін жетік білетін көреген тұлға болыпшықты. Кейбі­реу­лер кезінденешетүрлінаразылықпікірлерінбілдірсе де, Елбасымыздыңтікелейнұсқауыменқұрылғанжоғарыдааталғанқорларбұлкүн­деріотандықэкономиканыдамытудыңқайнарбұлағынаайналғандай. Үстіміздегіайдың орта шенінде Президент Назарбаев Үкіметтіңкең­ейтілгенмәжілісінөткізіп, ондаҚа­зақстанРеспубликасыдамуыныңбүкіләлемдікқаржыдағдарысыке­зіндегістратегиясынбелгілепберді. Мемлекеттікекіүлкенқұрылым «Қа­зына» тұрақты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттікактивтердібасқарухолдингібіріктіріліп, қандайдауылға да болсақарсыжүреалатыналыпжәнеқуаттыүлкенбірқұрылымөміргекелді. БұлқұрылымҚазақстанныңқаржы-экономикалықжүйесінелокомотивтікқызметатқарып, бүкіләлемдікдағдарыстыжағдайдыңөзіндееліміздіңырғақтыжәнеқарқындыдамуынжалғастыраберудеүлкенқызметатқарарысөз­сіз.

12.ҰБ-ң нарықтағы ақша айналысын реттеу құралдары.

Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдістері

  1. Аукциондық әдіс, яғни алғашқы агенттердің өтініштерінде көрсетілген дисконттау бағасы бойынша қысқа мерзімді ноталарды орналастыру, яғни ең жоғарғы дисконттау бағасынан бастап аукционның шарттарында хабарланған шегінде сатып алушыларды қанағаттандыру бағасымен аяқтау.

  2. Толық орналастыру әдісі (аукциондағы қалыптасқан орташа өлшемді дисконттау бағасында эмиссиялауға сәйкес қысқа мерзімді ноталардың қосымша көлемін орналастыру).

  3. Алғашқы агенттермен келісілгендей дисконттау бағасында ҚҰБ шығарған қысқа мерзімді ноталарын сату әдісі.

2009 жылғы тамызда ақша-кредит саясатының кейбір құралдарына өзгерістер енгізілген болатын. 2009 жылғы 10 тамыздан бастап Ұлттық Банк айналыс мерзімі 1 ай қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды тоқтатты.

Енді 3 жəне 6 айлық айналыс мерзімдерімен мақсатты түсімділігі тиісінше 2,9% жəне 3,3% (+/-0,1%) ноталар шығарылады.

Қа Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.

Қысқа мерзімді нота эмиссиялық мемлекеттік дисконтталған құжаттамасыз бағалы қағаз болып табыладыСондай-ақ ҰБ айналыстағы ақша массасын реттеу үшін ашық нарықтағы операциялар, валюталық интервенция құралдарын пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]