Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2 (3).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
658.43 Кб
Скачать

39. Металл ақша айналысы.

Металл ақша айналысы- мұндай ақша тауарлы айналыста бола тұрып, ақшаның барл қызметтерін атқарады. Металдық айналым-ға ақша жүйесінің биметализм және монометализм д аталатын 2 түр

Биметализм- баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл- алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметализмнің 3 түрі болған:

- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді;

- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол- екі жақты валюта жүйесі;

- «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

Монометализм- ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометализмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда- 1871-1873жж., Жапонияда- 1897ж., АҚШ-та- 1990ж. белгіленді. Ал, Ресейде күміс монометализм жүйесі 1839-1843жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болды.

Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометализмнің 3 түрі болады: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты.

Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, кредит жүйесінің, әлемдік сауда- саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:- толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.

Алтын құйма стандартына мынадай белгілер тән:

- айналымда алтын монеталар мен олардың еркін шығарылуы болмайды; - толыққұнды емес ақша банкноты тек алтын құймаларына айырбасталады.

Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады.

40. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшарқа сәйкес шоттағы қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

ҚР екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға: “Eurocard”, “Master Card”, “Visa”, “ALTYN” және тағы басқа.

Пластикалық карточкалардың иелерітауарларды сатып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады,олардың ішінде банктік және саудалық карточкалар өте кең таралған.

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алулардыжүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]