- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Тұтыну несиесі
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •18.Ақшаның номиналдық теориясы.
- •20. Несиенің қайта бөлу қызметі
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •16. Несиелік серіктестік
- •19. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •21. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •22. Несие ақшалардың түрлері
- •24.Ақшаның айналыс құралы қызметі
- •25. Несиелік қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •26. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •28. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •29. Құн формаларының дамуы
- •31. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •33. Инфляцияға қарсы саясат
- •34. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •39. Металл ақша айналысы.
- •40. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •41. Инвестициялық операциялар
- •1) Мемлекеттің бағалы қағаздары:
- •2) Корпоративтік бағалы қағаздар:
- •43. Несиенің айналыс шығынын үнемдеу қызметі.
- •44. Төлем талабы және төлем–тапсырмасы арқылы есеп айырысу.
- •42. Депозиттік операциялар
- •45. Қор биржасы.
- •46. Банктің қаржылық операциялары.
- •47. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •48. Бағалы қағаздар нарығы.
- •49.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •50. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •51.Ақша-несие саясатының типтері.
- •57. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •1.Эссе. Қазақстанның қор нарығын дамытуда қандай іс – шаралар жасалып жатыр.
- •3. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •5.Қазақсандағы банк жүйесінің даму преспективасы
- •6. Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны
- •7. Эссе.Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі
- •8.Едб несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері.
- •9. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны.
- •13.Эссе.Қазақстан қор нарығындағы негізгі мəселерді атап өтіңіз
- •14. Күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсет етеді деп ойлайсыз?
- •16. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы.
- •17.Эссе.Айналыстағы ақша массасының өсуі неге əкеледі, оның салдары
- •18.Эссе Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек пе деп ойлайсыз ба?
- •19.Қр ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті.
- •23.Қазіргі таңда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары
- •24. Қазақстанда қор нарығының дамуы ж/е қазіргі жағдайы.
- •26.Эссе. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы.
- •27.Эссе.Қр-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ экономикамызға қалай əсер етеді
- •29.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
- •21. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама беріңіз.
28. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы мынадай:
Басқарма-Директорлар кеңесі
Төраға-Төрағаның
орнбасарлары
Ұлттық банкінің орталық аппараты
Департаменттер, дербес
басқармалар және бөлімдер(облыстық және қалалық филиалдар; ҚР ҰБ – ның Ресейдегі өкілдігі; ҰБ – ның дербес бөлімшелері: мем-ң алтын қоры, банкнот фабрикасы, монеталы фабрика, өлшемді қадаға- лау мемл-к инспекциясы, Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орта лығы, банкаралық есеп айырысу және қаржы телекоммуникациялар орталығы, банктердің сервис бюросы).
ҰБ – ның басқармасы 9 адамнан тұрады. Құрамына: ҚР ҰБ Төрағасы және 5 лауазымды тұлғалар, ҚР Президенттігінен 1 өкіл, ҚР Өкіметінен 2 өкіл кіреді. Ұлттық банк тек қана ҚР Президенті алдында ғана есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҰБ Төрағасын 6жылға сайлайды және қызметінен босатады;
ҚР ҰБ Төрағасының орынбасарларын ҰБ Төрағасының ұсынуымен 6жылға сайлайды және босатады;
ҰБ жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
ҰБ Президенттің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпаратты беріп отыруға тиісті.
ҰБ жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол ҰБ төрағасымен басқарылады. Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. ҰБ орталық аппараттарында келесідей басқармалар бар: ақша-несие операциялары, банктің қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және басқармалар бар.
Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
ҰБ шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
ҚР валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін бекітеді;
Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
ҰБ жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
ҰБ турады Ережені, ҰБ құрылымын бекітеді және ҰБ департаменттерінің директорларын тағйындайды;
Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
29. Құн формаларының дамуы
Тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынандай формаларының қалыптасуына себеп болған:
1. алғашқы формасы өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құннын жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған.
2. Бұл құнның толық немес жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар басқада көптеген балама тауарлардың айырбасында жүрген.
3. Бұл құнның жалпылама формасы әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасына жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металда: алтын мен күміс атқарды.
Ақшаның қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез-келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді.Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т. б.айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауарда (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнның білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы (относительді) формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші)құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез-келген әр түрлі тауарлар атқарады.
Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды.Егіншіліктен мал шруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т с.с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.
Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айрықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, аттұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.
Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды.
30. Электрондық ақшалар
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка-банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға,сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Онлайндық және офлайндық болып бөлінеді.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
ҚР – дағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын – сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
