
- •3. Корпорацияның қаржылық ресурстары.
- •4. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің экономикалық табиғаты, құрамы және оларды бағалау әдістері.
- •7. Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының( жоспар) сипатттамасы
- •8. Ақшаның уақытша құнылығы жай және күрделі пайыздар.
- •10.Банкроттық нысандары
- •11. Өндірістік айналым қорларының құрамы,құрылымы ж/е арналымы
- •12. Компанияның эмиссиялық қызметі: қарыздық міндеттемелер мен облигациялардың әр түрлі нысандары.Қаржы құралдарын бағалау:акциялар,облигациялар.
- •13 Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының (жоспар) сипаттамасы.
- •14. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың рөлі
- •15. Ақшаның уақытша құндылығы. Жай және күрделі пайыздар
- •16. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары мен қаржылық стратегия мәселелері
- •17 Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •18. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
- •19. Банкроттық нысандары.
- •20. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері
- •22. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.
- •23. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері:
- •24. Корпорацияның меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау.
- •7.Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті ( к сдп )
- •28. Рентабельділік шегі және қаржы қорының беірктілігі. Операциялық талдау тұтқа.
- •29. Банкроттық мәні және негізгі сатылары мен оны іске асыру процедурасы.
- •31.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жоспарлауының мақсаттары мен міндеттері.
- •32.Кәсіпорынның пайдасын (табысын) жоспарлау әдістері
- •33.Рентабілділік коэффициенттерінің экономикалық мәні
- •34. Корпороцияның жоспарлы табысын есептеу мен жоспарлау әдістері
- •36. Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны
- •37. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен маңызы
- •38. Корпорацияның қаржылық коэффициентінің сипаттамасы
- •39. Ақ бағалы қағаздарының түрлері мен олардың айналыс реті.
- •40. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері
- •41. Стратегиялық, ағымдық және жедел қаржылық жоспар
- •42.Қарыз капитал және банк капиталын тарту құнын бағалау
- •43.Корпорацияда қалған таза табыстың маңызы.
- •44. Арнайы мақсаттағы қорлар (компанияның жиынтық қоры, тұтыну және резервтік қор), олардың қалыптастыру көздері және оларды пайдалану бағыттарры.
- •46. Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық-құқықтық негіздері
- •47. Компания капиталының құны мен құрылымы арасындағы өзара байланыс
- •48.Қаржы тұтқасының әсері
- •49.Корпорация шығыстарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның ақша шығыстарының жіктелуі.
- •50.Қосымша капитал негізгі қорларды, компанияның эмиссиялық қызметінінің және т.Б қайта бағалаудың нәтижесі ретінде.
- •51.Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті қаражатының негізгі алғашқы қалыптасу көзі.
- •Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
10.Банкроттық нысандары
Бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканың объективті үрдісі болып: неғұрлым табыстылығы жоғары салаларға капиталдың тұрақты ағыны, тиімсіз шаруашылық субектілерден тиімді субъектілерге мүлікті қайта үлестірілуі. Мұндай қайта үлестірілу банкроттық арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кез келген өркениетті, экономикалық жүйесі дамыған мемлекеттің нарықтық қатынастарды реттеу механизмінің негізгі элементтерінің бірі болып банкроттық процедурасы табылады.
Банкроттық – бұл біздің экономикамызда салыстырмалы түрде, нарықтық экономика жағдайында зәру қажеттілікке ие жаңа құбылыс. Қазіргі уақытта, біздің экономикамыз нарықтық қатынастардың бастапқы сатысында орналасқаны белгілі. Бұл жағдайда төлемқабілетсіз кәсіпорындардың пайда болуы айқын. Осыған орай банкроттық туралы заңдарды одан әрі жетілдіру және олардың тәжірибеде қолдану қажеттігі туады. Банкроттық – бұл құқықтық үрдіс деп сенімді айтуымызға болады. Негізгі мақсаты – кәсіпорын активтерін тарату. Барлық елдерде тарихи қалыптасқан банкроттықтың мақсаты - борышқорды қаржылық жазалау ғана емес, сонымен қатар дәрменсіз кәсіпорындарды өзге ұйымдық-құқұқтық нысанада қайта ұйымдастыру.
Заңды тұлғалар мен азаматтар бір-бірімен көптеген шаруашылық қатынастарға түседі, мемлекетпен соның ішінде салықтық органдармен, банктермен және басқа да ұйымдар арасында. Бұл шаруашылық қатынастардан заң және келісімшарттармен анықталған ақшалай міндеттемелер пайда болады. Осы міндеттемелердің ақшалай мөлшері белгіленген шектерден асып түсіп, борышқордың мүлкінен міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі айқын болған жағдайда, заңды тұлғалар дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Сонда олардың коммерциялық әрекеті тоқтатылып, кредиторлардың талаптарын орындау үшін мүлкі сатылады, ал қалған талаптар өтелген болып саналады. Осылайша борышқордың нақты коммерциялық және өзге де қызметінің тоқтатуын білдіретін шегі болып банкроттық табылады.
Борышқордың төлемқабілетсіздігі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Ол жіберілген тауарлар бойынша қаражаттың келіп түспеуі, өндірістің өтпейтін тауарлармен толуы, қаржылық қызметтің тиімсіздігі. 21.01.97жылғы №67-1 «Банкроттық туралы» ҚР-ның Заңына бірнеше рет енгізілген өңзгертулер мен толықтырулар, ел экономикасының жетістіктерінің нарықтық экономиканың барлық талаптарына сәйкес келетін, мұқият құрастырылған заңдар негізіне тәуелділігін көрсетеді. Банкроттық процедурасысыз экономика икемді бола алмайды. Жүзеге асу нысанасы банкроттық болып табылатын, экономикалық жауапкершілік, шаруашылық жүргізуші субъектілерді тиімді жұмыс істеуіне мәжбүрлейді. Өзге жағдайда қаражат, еңбек және материалдық ресурстар нарықтық инфрақұрылым арқылы тиімсіз салалардан тиімді жұмыс жүргізуші кәсіпорындарға ауысады. Осыдан экономикалық үрдістерді нарықтық құралдар арқылы реттеу қатаңдығы көрінеді.
Әлемдік тәжірибеде банкроттық процедурасы келесідей, кредиторлар осы кәсіпорын-банкротты қалпына келтіруді немесе таратуды көздейді. Кәсіпорын иеленушілері өздерінің меншік құқынан айрылады, ал кредиторлар жиналысы кәсіпорынның тағдырын шешеді. Мұнда екі нұсқа қолданылуы мүмкін:
- кәсіпорынның таратылуы;
- қалпына келтіру (санация).
Банкроттықты тану:
1. Банкроттықты тану еркін және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.
2. Банкроттықты еркін түрде тану қарыз болған субьектінің сотқа
арызы негізінде жүргізіледі.
3. Банкроттықты міндетті түрде тану кредитордың сотқа берген арызы
негізінде, егер ол заң актілері басқа тұлғалармен қарастырылған болса
жүргізіледі.
Банкроттықтың кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
- таратылушы кәсіпорынның жұмысшыларының жұмыс орындарын
жоғалтуы, осымен байланысты қоғамда әлеуметтік жағдайдың шиеленісуі;
- банкротқа ұшыраған кәсіпорынға салынған кредиторлардың
(банктер, инвестициялық компаниялар, қорлар, мемтекеттік бюджет т.б.)
елеулі қаражаттарының жоғалуы;
- таратушылардың өтпейтін мүлікке сатып алушыларды таба
алмауына байланысты, ол мүлікті жою.
Банкроттықтың артықшылықтары:
- рентабелді емес өндірістің жабылуы, қоғамдық өндірістің тиімділігін
жоғарылату мен шығындардың төмендеуіне әкеледі;
- босатып алынған ресурстарды бәсекелестікке қабілетті өндіріске
тарту;
- біліктіліктің өсуін қамтамасыз ететін менеджерлік қызметкерлердің
алмастырылуы, кәсіпкерліктің күшеюі, басқару аппаратының қызметкерлері
мен жұмысшалардың өз жұмыстарының қортындысына мүдделілігі;
- инвестициялық ұйымдардың тиімді инвестициялық саясатты құруы
және тәжірибе жинақтауы және т.б.