Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корп шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
5.51 Mб
Скачать

39. Ақ бағалы қағаздарының түрлері мен олардың айналыс реті.

Нарықтық экономикада қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды элементi – бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрiнде шығарады.

Акция дегенiмiз, француз тiлiнен акционерлiк қоғам капиталына белгiлi бiр мөлшерде қаржы енгiзiлгенiн және дивиденд түрiнде табыс алып отыру құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Ал дивиденд – латын тiлiнен аударғанда бөлiнiске түсетiн деген мағынаны бiлдiредi.

Бiр артықшылығы – акционерлiк компания жабылатын жағдайда бұл акцияларды иеленушiлерге бiрiншi кезекте ол кәсiпорынның мүлiктерiн сатудан түскен ақшаның бiр бөлiгi берiледi.

Акционерлiк қоғам – өздерiнiң ресурстарын орталықтандыратын немесе тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару жолымен жұмылдыратын кәсiпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың ерiктi бiрлестiгi. Бұндай қоғамдар өздерi қабылдаған жарғының негiзiнде жұмыс жасайды және кез келген шаруашылық саласында құрылуы мүмкiн. Iс жүзiнде акционерлiк қоғамдарды акциялардың бiршама көпшiлiгiн иеленетiн iрi кәсiпкерлер (капитал иелерi) толық билейдi. Акционерлiк қоғамда үстемдiк етуге мүмкiндiк беретiн акциялардың санын акциялардың бақылау пакетi деп атайды.

Облигация дегенiмiз, көрсетiлген кiрiстi оның иесiне төлеу жөнiндегi мiндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсiпорындар шығарады. Облигация, оның иесiнiң ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған белгiленген проценттi төлеу уақыты көрсетiлген нақты (номиналды) құнының орнын толтыру мiндетiн дәлелдейдi. Процент, әдетте бiрдей мөлшерде займның барлық мерзiмi бойына төленедi. Кейбiр облигациялар бойынша процент ресми есептелмейдi, бiрақ өтеу кезiнде облигациялар сатып алынатын баға мен олардың иелерiне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрiнде төленедi.

Облигацияның бiрнеше түрi болады: мемлекеттiк, жергiлiктi (муниципалды) және кәсiпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлiмдеушiге арналған, проценттi және процентсiз (мақсатты), еркiн айналатын немесе айналым өрiсi шектелген облигациялар болып та шығарылады. /2, 405 б./

Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель – талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде кешелекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.

Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін.Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.

Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе,аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді. Кез келген вексельдің бұйрығы керсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін. /2, 411 б./

Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 проценті мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша есептеледі.