
- •3. Корпорацияның қаржылық ресурстары.
- •4. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің экономикалық табиғаты, құрамы және оларды бағалау әдістері.
- •7. Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының( жоспар) сипатттамасы
- •8. Ақшаның уақытша құнылығы жай және күрделі пайыздар.
- •10.Банкроттық нысандары
- •11. Өндірістік айналым қорларының құрамы,құрылымы ж/е арналымы
- •12. Компанияның эмиссиялық қызметі: қарыздық міндеттемелер мен облигациялардың әр түрлі нысандары.Қаржы құралдарын бағалау:акциялар,облигациялар.
- •13 Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының (жоспар) сипаттамасы.
- •14. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың рөлі
- •15. Ақшаның уақытша құндылығы. Жай және күрделі пайыздар
- •16. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары мен қаржылық стратегия мәселелері
- •17 Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •18. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
- •19. Банкроттық нысандары.
- •20. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері
- •22. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.
- •23. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері:
- •24. Корпорацияның меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау.
- •7.Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті ( к сдп )
- •28. Рентабельділік шегі және қаржы қорының беірктілігі. Операциялық талдау тұтқа.
- •29. Банкроттық мәні және негізгі сатылары мен оны іске асыру процедурасы.
- •31.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жоспарлауының мақсаттары мен міндеттері.
- •32.Кәсіпорынның пайдасын (табысын) жоспарлау әдістері
- •33.Рентабілділік коэффициенттерінің экономикалық мәні
- •34. Корпороцияның жоспарлы табысын есептеу мен жоспарлау әдістері
- •36. Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны
- •37. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен маңызы
- •38. Корпорацияның қаржылық коэффициентінің сипаттамасы
- •39. Ақ бағалы қағаздарының түрлері мен олардың айналыс реті.
- •40. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері
- •41. Стратегиялық, ағымдық және жедел қаржылық жоспар
- •42.Қарыз капитал және банк капиталын тарту құнын бағалау
- •43.Корпорацияда қалған таза табыстың маңызы.
- •44. Арнайы мақсаттағы қорлар (компанияның жиынтық қоры, тұтыну және резервтік қор), олардың қалыптастыру көздері және оларды пайдалану бағыттарры.
- •46. Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық-құқықтық негіздері
- •47. Компания капиталының құны мен құрылымы арасындағы өзара байланыс
- •48.Қаржы тұтқасының әсері
- •49.Корпорация шығыстарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның ақша шығыстарының жіктелуі.
- •50.Қосымша капитал негізгі қорларды, компанияның эмиссиялық қызметінінің және т.Б қайта бағалаудың нәтижесі ретінде.
- •51.Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті қаражатының негізгі алғашқы қалыптасу көзі.
- •Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
31.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жоспарлауының мақсаттары мен міндеттері.
Негізгі мақсаттары: алдын ала белгілі параметрлердің жиынтығы бойынша компанияның кысқа, орта жэне үзақ мерзімді қаржылық түрақтылығының қалыптасқан деңгейін бағалау; - қаржылық тұрақтылықтың өзгеруінің артықшылықтарын жэне оның себеитерін анықтау; қаржылық түрақтылықты (қаржылық жағдайдың қолайлы деңгейін) арттырудың артықшылық бағыттары мен міндеттерін анықтау. кэсіпорын активтері (қаражаттары) мен пассивтердің (қаржыландыру көздері) оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ету; басқаша айтқанда, қаржыландыру көздері мен активтерінің турақты және экологиялық тиімді сэйкестігін қамтамасыз ету; төлем айналымының кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі, яғни кэсіпорынның барлық міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралдарының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету. Міндеттері: мақсатгы анықтау; компанияның болашақ жагдайының үлгісін (моделін) жасау; оган қол жеткізу эдістерін анықтау; кеткен нәтижелерді мақсатқа айналдыру (трансформация) жэне орындаушылардың міндеттерін белгілеу; мақсаттарды жүйелі қалыптастыру жэне оларға қол жеткізу шараларын жасау; - компания кызметінің параметрлерін үлгілеу (жобалау), олардың озара байланысын, қол жеткізу шарттары мен мерзім-дерін анықтау; болашақ окиғалармен байланысты басқарушылық шешімдерді жүйелі дайындау.
32.Кәсіпорынның пайдасын (табысын) жоспарлау әдістері
Пайданы жоспарлау –жасау процесінде мүмкін болатын қаржылық нәтижелердің мөлшеріне әсер ететін факторларды ғана есепке алмай, сонымен қатар жасалған бағдарламалардың нұсқаларын қарастырып, соның ішіндегі максималды пайданы қамтамасыз ететін бағдарламаны таңдау да маңызды.
Жоспарлаудың объектісі болып баланстық пайданың жоспарланатын элементтері, ең алдымен өнімді өткізуден түскен пайда, жасалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады. Есептеу үшін тұтынушылардың тапсырыстарында және шаруашылық келісімшарттарында негізделетін жасалған бағдарламалардың көлемі негіз болады
Ұйымның (кәсіпорынның) пайдасын жоспарлаудың негізгі әдістеріне
мыналар жатады:1. Есептеудің тікелей әдісі.
2. Талдау әдісі:а) базалық рентабельділік деңгейі бойынша;
б) 1 т-ге шаққандағы өндіріліп өткізілген өнімнің шығындары деңгейі б-ша.
3. Кешенді әдіс – бірінші және екінші әдістерінің жиынтығы.
4. Нормативті әдіс (бюджеттеу жүйесін енгізу үшін негіз болып табылады).
5. Факторлық әдіс – ф-дың жиы-на бай-ты пайданың факт.талдауында нег-н
6. Экономико-математикалық әдіс.
Есептеудің тікелей әдісі. Бұл әдістің көмегімен барлық ассортимент б-ша пайданы есептеу өндірілген және өткізілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) әр түрі бойынша жеке есептелінеді.
Есептеудің қағидасына мынадай көрсеткіштер кіреді:
Сату көлемі (өткізу көлемі) – өткізу барасында өндірілген және
өткізілген өнім (жұмыстар, қызметтер)көлемін сату санына көбейту;
Ұсталымдар (шығындар) – өндірілген және өткізілген өнімінің бір
данасының толық өзіндік құнын олардың санына көбейту.
Талдау әдісі. Осы әдіс бойынша пайданы есептеудің негізгі қағидасы бұл болашақтағы кезеңдердегі шығындар немесе рентабельділік деңгейін талдау негізінде жүргізіледі. Есептеулерде жоспарлы, есеп беру, анықталған мәліметтер қолданылады. а) Өндірілген және өткізілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) базалық рентабельділігі бойынша пайданы жоспарлау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
Есептік кезеңдегі белгілі бір өзгерістерге түзетілген нақты есеп берулерге сүйене отырып, базалық пайданы есептеу;
Ағымдағы жылда өндіріліп өткізілген өнімнің базалық рентабельділік пайызы анықталады. Ол түзетулерді ескере отырып, пайданың өзіндік құнға немесе пайданың өткізу (сату) көлеміне қатынасы ретінде анықталады;
Жоспарлы жылға өндіріліп өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі ақшалай түрде есептеледі;
Көлемді рентабельділіктің базалық пайызына көбейту арқылы өткізуден түскен пайда есептеледі;
Алынған пайда мөлшерін есептеудің тікелей әдісін қолдану арқылы өндірілген және өткізілген өнімнің есептелінген пайда сомасына түзетеді.
Мұндай әдіс тек қана өнім (жұмыстар, қызметтер) салыстырмалы
болса ғана қолданылады, яғни егер өнім алдыңғы жылы шығарылған болса.
б) Өндіріліп өткізілген өнімді 1 т-ге шаққандағы шығындар деңгейі бо-ша пайданы жоспарлау базалық рентабельділік бойынша есептеулеріне ұқсас анықталады. Бірақ базалық рентабельділік көрсеткіштің орнына базалық шығындар көрсеткіші қолданылады.
Пайданың жоспарлы сомасы болашақта төменде көрсетілген факторлардың әсер ету өзгерісімен байланысты түзетіледі:
Ассортименттегі өзгерістер;
Сапаның өзгеруі;
Бағалардың өзгеруі.
Біріктірілген (кешенді) әдіс. Егер кәсіпорында салыстырмалы өнім (жұмыстар, қызметтер) шығарылатын болса, онда пайданы есептеудің талдау
әдісі қолданылады, егер де салыстырмалы өнім (жұмыстар, қызметтер) шығарылатын болса, онда есептеудің тікелей әдісі қолданылады. Талдау әдісі тексеру немесе салыстыру үшін пайдаланылады.
Нормативті әдіс (бюджеттеу әдісі). Бұл әдіс ұйым жауапкершілігінің орталығы бойынша белгілі бір өнім түріне (тікелей және жанама шығындар), отын, материалдар, жалақы шығындарына норма және нормативті бекітуге мүмкін болғанда қолданылады. Жауапкершілік орталығының кәсіпорын ресурстарын қолдану бойынша нақты тапсырыстар бекітілген кезде ғана, пайда есептеудің тікелей әдісі арқылы анықталады. Бұл әдіс есептеудің тікелей әдісі мен норма және нормативтердің бекітілуімен бірігуін көрсетеді.
Факторлы әдіс пайда мөлшерін жос-ың төмендегідей кез-рін өзіне қосады:
Есепті кезеңдегі базалық көрсеткіштерді анықтау – жиынтық пайда, өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен пайда, т.б. кірістер мен шығыстар, өнімнің өзіндік құны және т.б.;
Ұйымның шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерін анықтау – өнімді өндіру және өткізу көлемінің өсуі, өзіндік құнның түсуі, т.б. табыстар мен шығыстардың өзгеруі және т.б.;
Инфляция индексін анықтау – өнімді өндіру және өткізу бағалары, қолданылатын материалды ресурстарға бағалары, қолданылатын еңбек ресурстарына бағалары;
Басқа өзгерістер бойынша индекстерді анықтау, соның ішінде: амортизациялық аударымдар, басқа да шығындар. Есептеулердің негізгі қағидасының мағынасы мынада болып табылады: пайданың негізгі сомасы пайданы жоспарлаудың әр түрлі әдісімен анықталады, содан кейін инфляциялық күтілім және т.б. өзгерістеріне бай-ы түзетулер жасалады.
Экономико-математикалық әдіс. Бұл әдіс тек қана есептік ақпараттық базаны, есептеуіш техниканы және компьютерлік бағдарламаларды қолдану
мүмкіндігі бар ірі және одан да ірі ұйымдарда (кәсіпорындарда) қол-ды.
Жоспарлы пайданың көрсеткіштері мынадай есептеулерде қол-ды: қызметтің критикалық нүктелерінде, залалсыздық нүктелерінде, қаржылық беріктігі мен дербестігінде, ұйымның (кәсіпорынның) дербестігінің дамуында және т.б..