Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корп шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
5.51 Mб
Скачать

7.Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті ( к сдп )

К сдп = жиынтық міндеттеме / сатудың таза мөлшері

Жиынтық міндеттеменің құрамына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз қаражат кіреді. Борыштық міндеттемені өтеу үшін қажет ақшалай қаражаттың мөлшері түпкілікті қорытындыдағы соңғы парамертге тәуелді , сол себепті жиынтық борыш пен сату мөлшері өзара байланысты болады. Егер қарыз алушының міндеттемесі сату мқлшеріне үйлесімді ұлғаятын болса , онда қаржы менеджерлері борышты ұлғайтуға жұмсалатын шығынды бұдан арзан несие көзін іздестіруге не болмаса сатудан алынатын кірістің қомақты бөлігі пайдаға айналуы үшін шартты түрде тұрақты шығысты төмендету арқылы өтеуге тиіс болады.

28. Рентабельділік шегі және қаржы қорының беірктілігі. Операциялық талдау тұтқа.

Рентабельділік шегін анықтап алмай, ағымдағы шығындарды тиімді басқару мүмкін емес. Рентабельділік шегі – кәсіпорынның шығыны болмай тұра, әлі де табыс көрмеуі барысындағы сатудан түскен қаражаттар. Жалпы маржа тұрақты шығындарды жабуға толық жетеді де, табыс нөлге теңеледі.

Рентабельділік шегі арқылы шығындардың орнын толтыру кезеңі анықталады. Рентабельділік шегі төменірек болған сайын, шығындардың орны да тезірек толады және керісінше – рентабельділіктің жоғары шегі шығындардың орнын толтыруды бәсеңдетеді.

Рентабельділік шегі = Тұрақты шығындар/Жалпы маржа (сатудан

түскен қаражатқа салыстырмалы түрде)

Рентабельділік шегінің сатудың көрсетілген бағасы барысында өндірілетін тауарлардың қандай мөлшеріне сәйкес келетіндігін анықтағаннан кейін, өндіріс көлемінің шектік мәнін аламыз. Рентабельділіктің бұл шегінен өткен соң, фирманың әрбір кезекті тауар бірлігіне қосымша жалпы маржа сомасы болады, бұдан, әрине, табыс салмағы да өседі. Егер сатудан түскен қаражат рентабельділік шегінен төмен түскен жағдайда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды, өтімді қаражаттардың тапшылығы қалыптасады. Қол жеткізілген нақты сатудан түскен қаражат пен рентабельділік шегі арасындағы айырмашылық кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының

босалқы қорын құрайды.

Қаржы қорының беріктілігі= Сатудан түскен қаражат (немесе оны Өндірістік өнімді өткізуден түскен түсім деп те атайды)– Рентабельділік шегі

Мысалы: Қаржылық тұрақтылық қоры = 54176535 –20046753,8 =34129781,2 мың

теңге.

Есептеулерден көрініп тұрғандай, қаржылық тұрақтылық қоры –

34129781,2мың теңгені құрайды, бұл сатудан түскен қаражаттың шамамен 62,9%-на сәйкес. Демек, кәсіпорын сатудан түскен қаражаттың 62,9 пайыздық төмендеуін, өзінің қаржылық жағдайына күрделі қауіп төндірместен, көтере алады.

Операциялық талдаудың негізгі элементтері болып операциялық тұтқа,

рентабельділік шегі мен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры саналады. Сыртқы қаржылық талдауға қарағанда, операциялық (ішкі) талдаудың нәтижелері кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайды.

Операциялық талдау Е.Стоянованың жұмысында жақсы көрініс тапқан. Оның пікірі бойынша, өнімді сатудан түскен қаржыны жиынтық шығындармен салыстыру өндірістің берілген көлемінде, өзгермелі және тұрақты шығындардың қатынасында алуға болатын табыстың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық менеджер табыс көлемін оптимизациялау мақсатымен, өзгермелі және тұрақты шығындардың берілген қатынасында табыс көлеміне жасайтын әсерін анықтап алуы тиіс. Кәсіпорынның мүмкіндіктері шегінде өзгермелі және тұрақты шығындар арасындағы қатынасты өзгерте отыра, табыс көлемін қолайландыру мәселесін шешуге болады. Мұндай тәуелділік «Өндірістік тұтқа әсері» деп аталады. Операциялық (өндірістік, шаруашылық) тұтқаның әсері сатудан түскен қаражаттың қандай да өзгерісі әр кезде табыстың қатты өзгеруін тудыратындығында көрініс табады. Өндірістік тұтқа әсері сатудан түскен пайданың өзгермелі шығындарын есептемегенде, сатудан түскен қаражатты бөлудің бір бөлігі ретінде анықталады. Операциялық тұтқа әсерінің күшін анықтау үшін, тәжірибелік есептерде жалпы маржаның (өзгермелі шығындардың орнын толтырудан кейінгі сатудың қорытындысы) табысқа қатынасын қолданады. Жалпы маржа сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар арасындағы айырманы білдіреді. Бұл көрсеткіш экономикалық әдебиеттерде «орнын толтыру» деп

белгіленеді. Жалпы маржаның тек тұрақты шығындарды ғана емес, сондай-ақ табысты қалыптастыруға да жеткілікті болғаны абзал.

Операциялық тұтқа әсерінің күші = Жалпы маржа/Пайда

Мысалы: Компанияның өзгермелі шығындары - 40314844 мың.тг,

тұрақты шығындары - 5212156мың.тг. Өнімді өндіріп өткізуден түскен түсім

- 54176535мың.тг. Пайда - 4863933мың.тг.

Операциялық тұтқа әсерінің күші = (54176535-40314844) : 4863933=2,84

Бұл сатудан түскен қаражатты, мысал үшін, 5%-ға арттыратын болсақ, табыс 5% * 2,84=14,2%-ға өседі; сатудан түскен қаражатты 6%-ға төмендететін болсақ, табыс 6% * 2,84 = 17,04 %-ға төмендейді. Шығындардың жалпы көлемінде тұрақты шығындардың үлесі неғұрлым көбірек болса, өндірістік тұтқа әсерінің де күші соғұрлым күштірек болады. Мұндай заңдылық сатудан түскен түсімнің өсуі жағдайында орын алады. Оның төмендеген жағдайында, операциялық тұтқа әсерінің күші тұрақты шығын үлесіне тәуелсіз жылдамырақ өседі. Операциялық тұтқа әсерінің күші айтарлықтай дәрежеде қорсыйымдылығының орташа салалық деңгейіне байланысты болады: негізгі құралдардың құны көбірек болған сайын, тұрақты шығындар да көбірек болады. Тұрақты шығындардың үлесінің артуы өндірістік тұтқа әсерінің күшін арттырады.