
- •3. Корпорацияның қаржылық ресурстары.
- •4. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің экономикалық табиғаты, құрамы және оларды бағалау әдістері.
- •7. Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының( жоспар) сипатттамасы
- •8. Ақшаның уақытша құнылығы жай және күрделі пайыздар.
- •10.Банкроттық нысандары
- •11. Өндірістік айналым қорларының құрамы,құрылымы ж/е арналымы
- •12. Компанияның эмиссиялық қызметі: қарыздық міндеттемелер мен облигациялардың әр түрлі нысандары.Қаржы құралдарын бағалау:акциялар,облигациялар.
- •13 Корпорацияның қаржылық сауықтыру бағытының (жоспар) сипаттамасы.
- •14. Корпорация қызметіндегі меншік капиталдың рөлі
- •15. Ақшаның уақытша құндылығы. Жай және күрделі пайыздар
- •16. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары мен қаржылық стратегия мәселелері
- •17 Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •18. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
- •19. Банкроттық нысандары.
- •20. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері
- •22. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.
- •23. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері:
- •24. Корпорацияның меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау.
- •7.Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті ( к сдп )
- •28. Рентабельділік шегі және қаржы қорының беірктілігі. Операциялық талдау тұтқа.
- •29. Банкроттық мәні және негізгі сатылары мен оны іске асыру процедурасы.
- •31.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жоспарлауының мақсаттары мен міндеттері.
- •32.Кәсіпорынның пайдасын (табысын) жоспарлау әдістері
- •33.Рентабілділік коэффициенттерінің экономикалық мәні
- •34. Корпороцияның жоспарлы табысын есептеу мен жоспарлау әдістері
- •36. Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны
- •37. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен маңызы
- •38. Корпорацияның қаржылық коэффициентінің сипаттамасы
- •39. Ақ бағалы қағаздарының түрлері мен олардың айналыс реті.
- •40. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері
- •41. Стратегиялық, ағымдық және жедел қаржылық жоспар
- •42.Қарыз капитал және банк капиталын тарту құнын бағалау
- •43.Корпорацияда қалған таза табыстың маңызы.
- •44. Арнайы мақсаттағы қорлар (компанияның жиынтық қоры, тұтыну және резервтік қор), олардың қалыптастыру көздері және оларды пайдалану бағыттарры.
- •46. Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық-құқықтық негіздері
- •47. Компания капиталының құны мен құрылымы арасындағы өзара байланыс
- •48.Қаржы тұтқасының әсері
- •49.Корпорация шығыстарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның ақша шығыстарының жіктелуі.
- •50.Қосымша капитал негізгі қорларды, компанияның эмиссиялық қызметінінің және т.Б қайта бағалаудың нәтижесі ретінде.
- •51.Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті қаражатының негізгі алғашқы қалыптасу көзі.
- •Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
22. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы.
Жеке қызмет ететін, өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүргізетін кез келген шаруашылық субъект шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қажет құқықтар мен артықшылықтарды алу үшін шығындардың, қаржылық салымдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттардың жиынтығы болып табылатын белгілі бір капиталға ие болу қажет. Корпорацияның қаржылық негізін оның меншікті капиталы құрайды. Меншікті капитал мөлшері кәсіпорынның баланс пассивінде көрініс табады.
Ол мына элементтерден қалыптасады:
Жарғылық капитал;
Акционерлік қоғам алып сату үшін немесе жою үшін иелерінен
сатып алған меншік акциялары (пайлары);
Резервтік капитал;
Қосымша капитал;
Бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған залал);
Мақсатты қаржыландыру.
Меншікті капитал тұрақты (жарғылық) және өзгермелі капитал болып бөлінеді. Өзгермелі бөлігі көбінде,
кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне байланысты. Оның есебінен резервтік капитал, қосымша капитал, бөлінбеген пайда қалыптасады.
Резервтік капитал таза пайда есебінен қалыптасады, ол кәсіпорынның жыл сайын жасайтын аударымдары есебінен құрылады да ақша қаражаттарының резервін танылтады. Бұл капиталдың құрылуы мен
пайдаланылу тәртібі кәсіпорыннның жарғысында қарастырылады.
Қосымша капитал қайта бағалау кезінде кәсіпорынның құнының өсімін, эмиссиялық табысты, қайтарусыз алынған құндылықтар мен басқада түсімдерді танылтады. Қосымша капитал құрамына көбінде мыналар жатады:
- айналымнан тыс активтерді қосымша қайта бағалаудан сомалар;
- акционерлік қоғамның эмиссиялық табысы (орналастырылған акциялардың номиналды құнынан атам, оларды сатумен байланысты шығындарды шегергендегі сома);
- басқа ұйымдардан қайтарусыз (немесе сыйға) алынған мүлік;
- индекс-дефляторларын қолдану арқылы есептелінген негізгі құралдар бойынша тозу сомалары;
- бөлінбеген пайданың күрделі салымдарға бағытталған бөлігі, және басқа да түсімдер.
Көптеген кәсіпорындарда қосымша капитал меншікті капиталдың қомақты мөлшерін құрайды (70-90%).
Бөлінбеген пайда меншікті капиталдың қалыптасу көздерінің маңызды көрсеткіші. Қолданыстағы заңнама шаруашылық жүргізуші субъектілеріне олардың пайдалануына түскен таза пайданы оперативті маневлеуге құқық береді.Бұл бап мыналарды өзіне кіріктіреді: өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (залалы); есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы). Бұл бап бойынша өткен жыл нәтижесі бойынша акционерлік қоғамнын өкімін қалған пайдасының қалдықтары көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нормативтік құжаттарына сәйкес, құрылтайшы құжаттары мен қабылданған есеп саясатына сәйкес арнайы қорлардың (қорлану қоры мен тұтыну қоры), жыл қорытындысы бойынша жеке көрсетілмейді. Таза пайданы қолдануды сипаттайтын әйкесті түсініктемелер бухгалтерлік баланс пен табыстар мен залалдар және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте келтіріледі.
Өткен жылдарда бөлінбеген пайданы пайдалану келесі мақсаттарға жұмсалады:
- резервтік капиталды толықтыруға;
- жарғылық капиталды өсіруге;
- құрылтайшы құжаттарына сәйкес қоғам құрылтайшыларына табысты төлеуге бағытталған арнайы мақсаттағы қорларды өсіруге.
Өткен жылдардың залалдарын есептен шығару олардың орынын жабуға мыналарды жұмсау арқылы жүзеге асырылады:
- есептік жыл пайдасы;
- резевтік капитал қаражаттары;
- құрылтайшылардың мақсатты үлестері арқылы.
Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы бабы бойынша сома пайда мен бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдер айырмашылығы арқылы анықталады (салық салу шарттарын бұзушылық үшін қолданылған
санкцияларды ескере). Есептік жылдың пайдасының бір бөлігі кәсіпорын құрылтайшыларының табыстарын төлеуге бағыттала алады. Есептік жылдың залалын жабуға резервтік және қосымша капиталдар қаражаттары мен құрылтайшылардың мақсатты салымдары бағытталады.
Мынадай тұжырым жасауға болады:
- бөлінбеген пайда күрделі салымдардың қаржыландыру көзі болып табылады;
- есептік жылдың соңында пайда болған бөлінбеген пайда кәсіпорынның айналым қаражаттарын толықтыру көзі болып қарастырыла алады;
- меншікті капиталдың үлесін аталған көздердің біреуімен өсіру кәсіпорынды сыртқы қаржыландыру көздерінен қаржылық тәуелсіз болуын күшейте түседі.
Мақсатты қаржыландыру бабына мақсатты бағыттағы іс-шараларды (күрделі салымдар, НИОКР және т.б.) жүзеге асыруға арналған ақшалай қаражаттардан тұрады (заңды тұлғалардан түсетін және мемлекеттен
бюджеттік ассигнованиялар ретінде түсетін ақшалай қаражаттары). Кәсіпорынның қосымша капиталы негізгі капиталды, яғни негізги құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау нәтижесінде қалыптасады, сонымен қатар эмиссиялық табыс есебінен құрылады. Қорлану және тұтыну қорлары кәсіпорынның құрылтайшы құжаттары мен қабылдаған есеп саясаты негізінде құрылады. Олар мынлар арқылы қалыптасады: кәсіпорынның өкімінде қалған пайда; күрделі салымдар мен ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, күдікті қарыздар бойынша резервтерді және т.с.с. жабуға бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландыруға алынған ақшалай қаражаттар.
Бөлінбеген пайда – кәсіпорынның мүлкін жинауға немесе айналым
қаражаттарын толықтуру мен басқада мақсаттарға жұмсалады. Сонымен, меншікті капиталдың құрылымы барлық құраушы баптарының жеке үлес алмақтарын сипаттайды. Бұл капиталдың құрылымына ішкі және сыртқа факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар (менедж жағдайы)басқарушылардың бақылауында болады. Сыртқы факторлар: қаржы нарығының жағдайы, мемлекеттің ақша-несие саясаты және т.б. Сыртқы факторларды максималды ескерген жөн. Бірнеше есептік кезеңдердің меншікті капиталының құрылымы жәйлі мәліметтері зерттеліп болашаққа болжам құрылады.