Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корп шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
5.51 Mб
Скачать

19. Банкроттық нысандары.

Банкроттық - борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Банкрот деп тану негізінде үш түрде болуы мүмкін: Банкроттық ерікті түрде немесе мәжбүр ету тәртібімен танылуы мүмкін.Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушінің, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады. Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылып, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Дәрменсіздік – борышкердің –жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі. Банкроттық – бұл құқықтық үрдіс деп сенімді айтуымызға болады.Негізгі мақсаты – кәсіпорын активтерін тарату. Барлық елдерде тарихи қалыптасқ банкроттықтың мақсаты - борышқорды қаржылық жазалау ғана

емес, сонымен қатар дәрменсіз кәсіпорындарды өзге ұйымдық-құқұқтық нысанада қайта ұйымдастыру. Экон/қ дәрменсіздік (банкроттық) – бұл шаруашылық сот шешімімен н/е заңдарға сәйкес қабылданған, заңды негізде борышқор деп жарияланған, тұрақты сипат алған немесе тұрақты сипат алушы кәс/ң төлемқабілетсіздігі. Банкроттықтың мазмұны кәсіпорынның өз міндеттемелерін өтеуге қаражаттың жоқтығы, бұл қаржылық қамтамасыз етілмегендік жағдай, өндірістік-шаруашылық қызметтің абсолютті құлдырауы кәсіпорынның күйзелуі мен жойылуына себеп болады. Банкроттық нарықтық қатынастардың мазмұнымен анықталған: әрдайым жоғалту тәуекелділігі, қойылған мақсаттарға жету белгісіздігі және қате мақсаттарды белгілеу ықтималдығы Банкроттықтың кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады:- таратылушы кәсіпорынның жұмысшыларының жұмыс орындарын жоғалтуы, осымен байланысты қоғамда әлеуметтік жағдайдың шиеленісуі;- банкротқа ұшыраған кәсіпорынға салынған кредиторлардың (банктер, инвестициялық компаниялар, қорлар, мемтекеттік бюджет т.б.)

елеулі қаражаттарының жоғалуы;- таратушылардың өтпейтін мүлікке сатып алушыларды таба алмауына байланысты, ол мүлікті жою. Банкроттықтың артықшылықтары:- рентабелді емес өндірістің жабылуы, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату мен шығындардың төмендеуіне әкеледі;- босатып алынған ресурстарды бәсекелестікке қабілетті өндіріске тарту;- біліктіліктің өсуін қамтамасыз ететін менеджерлік қызметкерлердің алмастырылуы, кәсіпкерліктің күшеюі, басқару аппаратының қызметкерлері мен жұмысшалардың өз жұмыстарының қортындысына мүдделілігі;- инвестициялық ұйымдардың тиімді инвестициялық саясатты құруы және тәжірибе жинақтауы және т.б.

20. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі. Басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі ж/е әлеу.эк. жоспарл/ң құрамды бөлігі. Қ.ж. бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Ж/у басқарудың элементі ретінде қаржы саясат құралдарының бірі б.т. Қ.ж. объектісі шжс/ң мемлекеттік қаржылық қызметі. Ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлар мен жеке мәміленің сметаларынан бастап мем/ң жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау б.т. Әр бір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірстер мен шығыстар анықталады. Қ.ж. мазмұны: ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау бөлу ж/е қайта бөлуді эк. үрдістермен оңтайландырылған күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді ж/е осының негізінде орталықтандырылған ж\е орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру ж/е пайдалану.

Қаржы көрсеткіші бірнеше әдіс/ң көмегім жоспарланады. Жосп/у әдісі жоспарлы есеп-қисап/ң нақты тәсілі м жолы б.т.Әдіске: 1)есеп-айырысу талдамалы жоспарлау әдіс/де қаржы көрсеткіші/ң қол жетіск мөлшері/ң негізінде о/ң келешектегі деңгейі болжанады.бұл әдіс/ң көмегім тауар/қ-мат/қ құндылық запасына салынғ айн/м қаражатына қажеттілік,А/қ аударым м пайда/ң мөлшері белгіленуі мүмкін.2)Қаржы көрсеткішін нормативтік жос/у әдісінде корпора/ң ақша/й ресурсқа ж/е ол пайда болатын көзге қажеттілігі алдын ала белгіленг норма м норматив нег/де анықталады.бұл нормативке салық ставкасы,мемл/к бюджеттен тыс қорға салынатын жарна тарифі,нег ка/л м мат/қ емес актив/ң А нормасы,банк пайызы/ң есеп/к ставкас ж/е т.б. жатады.3)Қаржы көрсеткішін баланс/қ жос/у әдісінде қолда бар қаржы ресурсы м оған нақты қажеттілікті үйлестіруге б/ды.Баланс/қ әдіс ақша қорынан түсетін түсім м төлемді,кіріс п шығыс/ң тоқсан/қ жоспарын,ай/қ төлем балансын ж/е т.б.болжау кезінде қолд/ды.4)жоспарлы шешімді оңтайландыру әдісінде жоспарлы есеп айырысу/ң бірнеше нұсқасы жасалып,о/ң арасына ең оңтайлысы таңдалады.мұның өзінде таңдау/ң бірнеше өлшемін пайдалануға б/ды:-келтірінді шығын/ң ең аз мөлшері,-ағы/ғы шығын/ң ең аз мөлшері,-келтірілг пайда/ң ең жоғары мөлшері,салынғ 1 тг кап/лға шағылғ пайда/ң ең жоғары мөлшері,-қаржы ресурсы/ң ең жоғары мөлшерде сақталуы 5)Экон/қ-мат/қ модельдеу әдісі қаржыны жоспарлауда қаржы көрсеткіші м о/ң мөлшеріне ықпал ететін фактор/р/ң арасындағы өзара б/ныс/ң санын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш өзара б/ныс экон/қ процесті мат/қ символ м тәсіл/ң(теңдеу,теңсіздік,график,кесте)көмегім дәл сипатталатын эконо/қ-мат/қ модельде байқалады.

21. Корпорацияның қаржылық стратегиясы. Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық стратегия мәселелері.

Корпорацияның қаржылық өсуiн қамтамасыз ету үшiн ұлғаймалы ұдайы өндiрiстi қаржыландырудың көздерiн ескеретiн тиiстi қаржы стратегиясы қажет.

Каржы стратегиясы бұл кәсiпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған iс-әрекеттердiң басты жоспары. Ол қаржыларды қалыптастырудың теориялық және тәжiрибелiк мәселелерiн, оларды жоспарлау және қамтамасыз ету мәселелерiн, нарықтық жағдайда кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерiн шешудi қамтиды. Қаржылық стратегияның теориясы шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық жағдайларының объективтi заңдылықтарын зерттейдi, қаржылық стратегиялық операцияларды дайындау және жүргiзу әдiстерi мен нысанда-рын жүзеге асырады. Кәсiпорынның қаржылық стратегиясы оның қызметiнiң барлық жағын қамтиды, оның iшiнде – негiзгi және айнымалы қаражаттарды оңтайландыру, пайданы бөлу, қолма-қолсыз есеп айырысулар, салық және баға саясаты, құнды қағаздар сферасындағы саясат. Кәсiпорынның қаржылық мүмкiндiктерiн жан-жақты ескере отырып, iшкi және сыртқы факторлардың сипаттарын объективтi қарастыра отырып қаржы стратегиясы кәсiпорынның қаржылық–экономикалық мүмкiндiктерiнiң өнiм нарығында қалыптасқан жағдайға сай келуiн қамтамасыз етедi. Олай болмаған жағдайда кәсiпорын банкротқа ұшырайды.

Қаржылық стратегия кәсiпорын стратегиясын және тиiстi iс- әрекеттер бағытын жүзеге асыру үшiн қажеттi қаржы ресурстарын пайдалануды және олардың қалыптасуын бiлдiредi. Ол экономикалық қызметтерге қаржы ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және өзгертуге, сондай-ақ әртүрлi жағдайларда кәсiпорын-ның мақсаттарына жету үшiн оларды тиiмдi пайдалануды анықтайды.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен

анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастырған қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегиясы кәсiпорынның экономикалық дамуының жалпы стратегиясының бөлiгi бола тұра, оған қатысты бағынышты сипатта болады және оның мақсаттары және бағыттары-мен үйлесуi керек. Бұл функционалды стратегияның маңызы функционалды мақсаттардың теңгермешiлiгi мен кәсiпорын қызметiнiң барлық iс-әрекеттерi экономикалық көрсеткiштер арқылы қаржыда сипатталатындығында. Екiншi жағынан, қаржылар – басқа функционалды стратегияларды жасаудың негiзгi көзi, бастамасы, себебi қаржы ресурстары кәсiпорын қызметiнiң бағыттары мен масштабына әсер ететiн басты шектеулердiң бiрi болып табылады. Қаржылық стратегияның iшiнде басты қаржылық стратегияны (генеральная), оперативтi қаржылық стратегияны және жекелеген стратегиялық мiндеттердi (жекелеген стратегиялық мақсаттарға жету) жүзеге асыру стратегиясын бөлiп көрсетуге болады.

Оперативтi қаржылық стратегия басты қаржылық стратегия шегiнде жасалып, белгiлi бiр уақыт мезетiнде оны нақтылай түседi. Жекелеген мақсаттарға жету стратегиясының мағынасы басты стратегиялық мақсатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық операцияларды тиiмдi орындауда жатыр. Қаржылардың басты стратегиялық мақсаты кәсiпорынды қажеттi және жеткiлiктi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Кәсiпорынның қаржылық стратегиясы:

 қаржы рестурстарын қалыптастыруды және оларды орталықтан

стратегиялық түрде басқаруды;

 шешушi бағыттарды анықтауды және оларды жүзеге асыруда күш –

жiгердi шоғырландыруды;

 кәсiпорынның қаржылық iс-әрекеттерiнiң экономикалық жағдайы

мен материалдық мүмкiндiктерiне сай келуiн;

Басты стратегиялық мақсатқа жету үшiн нарық талаптары мен кәсiпорын мүмкiндiктерiне сай кәсiпорынның басты қаржылық стратегиясы жасалады.

Қаржылық стратегияның мiндеттерi:

 нарықтық шаруашылық жағдайда қаржыны қалыптастырудың

заңдылықтары мен сипаттарын зерттеу;

 кәсiпорынның тұрақсыз немесе кризистiк қаржылық жағдайында

қаржы ресурстарын қалыптастырудың және қаржылық басшылықтың iс-

әрекеттерiнiң мүмкiн болатын нұсқаларын даярлау;

 жабдықтаушылар және сатып алушылармен, барлық деңгейледегi

бюджеттермен, банктермен және басқа да қаржылық институттармен

қаржылық қарым - қатынастарды анықтау;

 резервтердi анықтау және өндiрiстiк қуаттарды, негiзгi қорларды

және айнымалы құралдарды тиiмдi пайдалану үшiн кәсiпорынның

ресурстарды жұмылдыруы;

 кәсiпорынды өндiрiстiк-шаруашылық қызметке қажеттi қаржылық

ресурстармен қамтамасыз ету;

 максималды пайда алу үшiн кәсiпорынның уақытша бос ақша

қаражаттарын тиiмдi салымдарға бағыттау;

Қаржылық стратегияны қалыптастыруда ақшалай кiрiстердiң толықтылығына, iшкi ресурстарды жұмылдыруға, өнiмнiң өзiндiк құнын

максималды төмендетуге, пайданы дұрыс бөлу мен пайдалануға, айналым

қаражаттарындағы қажеттлiктердi анықтауға, кәсiпорын капиталын оңтайлы

қолдануға ерекше көңiл бөлiнедi.

Қаржылық стратегия төлемсiздiк тәуекелiн инфляция және басқа да

форс-мажорлы (күтiлмеген) жағдайларды ескере отырып жасалады. Ол

өндiрiстiк мiндеттерге сай болуы тиiс және қажет жағдайда өзгерiс енгiзуге,

түзетуге бейiм болуы тиiс. Қаржылық стратегисының жүзеге асуын бақылау

кiрiстердiң түсуiн, оларды экономикалық және рационалды пайдалануды,

iшкi резервтердi анықтауды шаруашылықтың рентабелдiлiгiн арттыруды

қамтамасыз етедi.

Қаржылық стратегияның маңызды бөлiгi, шетел компанияларының

тәжiрибесiнде тиiмдi қолданылатын, iшкi нормативтердi құру болып

табылады (олардың көмегiмен, мысалы, табысты бөлудiң негiзгi бағыттары

анықталады).

Қаржылық тұрақтылық

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша “Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы”.

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:

“Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән

айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын

еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу

процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге

және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның

қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорын-

ның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады”. Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді. “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы”. В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:

“Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.

Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді

пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына

жағдай жасайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды келесідей түрлерге жіктеуге болады:

1. Пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі

емес;

3. Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

4. Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байл болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы

ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен

көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты

және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –

бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару

стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз

қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорыннның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар

нарығандағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.