Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС Эканомика казакстана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
75.61 Кб
Скачать

Электр энергетикасы нарығы

Қуаттарды қалпына келтiру мен дамытуға инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында 2008 жылдың соңында заңнамалық деңгейде электр станциялары (энергия өндiрушi ұйымдар) үшiн шектi, есептiк және жеке тарифтердi көздейтiн баға белгiлеудiң жаңа тетiгi енгiзiлдi.

Осы тетiк электр станцияларына Үкiмет қаулысымен 7 жылға бекiтiлген шектi тарифтер негiзiнде өздерiнiң қаржы қаражатын жоспарлауға мүмкiндiк бердi.

Облыстар бойынша электр желiлерiнiң жай-күйi жоғары тозу деңгейiмен (70% дейiн) сипатталады, ауылдық электр желiлерi бойынша тозу одан да жоғары, ал Өңiрлiк Электр желiлерi Компаниялары электр желiлерiн дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзе, жаңадан iске қосылып жатқан әлеуметтiк-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық құрылыс объектiлерiн қоса алмайды, өйткенi олардың тарифтерiнде инвестициялық құрамдас жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi тұжырымдамалар өздерiнде энергия өндiретiн және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшiн орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясының белгiлi бiр көлемiн сатып алу мiндеттiлiгiнiң белгiленген нормаларын қамтиды. Тұжырымдамада1 айқындалған талаптар орындалған жоқ, бұл электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымын қалыптастыруға мүмкiндiк бермедi. Тұжырымдамада анықталған нарықтың оңтайлы құрылымы Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған нарығының үлесiн арттыруға және тиiсiнше орталықсыздандырылған нарықтың үлесiн азайтуға алып келуi тиiс. Бұл шаралар нарықта айқын баға белгiлеуге және электр энергиясына әдiл баға белгiлеуге алып келуi тиiс.

Споттық сауда-саттық қарбалас сәтте өндiрiлетiн электр энергиясы нарықтағы ағымдық жағдайды, аптаның күнiне, жыл мезгiлiне қарай әрдайым қымбатқа түсетiнiн ескере отырып, өндiрудiң/тұтынудың тәулiктiк кестесiнiң ауыспалы (шектi) бөлiгiн қалыптастырудың тиiмдi құралы бола алады.

1 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту тұжырымдамасы»;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 сәуiрдегi № 465 қаулысымен бекiтiлген «Қазакстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi жетiлдiру тұжырымдамасы»;

Дегенмен, мұндай нарық негiзiне салынған орталықтанған нарықтыққа еркiн қатысу қағидасы, әртүрлi себептерге, оның iшiнде сұранысқа ие болмаған қуаттардың болуына байланысты бiрқатар өндiрушi компаниялардың аффилиирленгенi тиiмдi жұмыс iстейтiн споттық нарықты қалыптастыруға мүмкiндiк бермедi. Осы нарықтағы сату көлемi жылдық барлық сату көлемiнен кемiнде 1% құрады, ол объективтi баға индикаторы ретiнде қызмет ете алмайды. Спот сауда-саттық негiзiнен электр станцияларындағы қуаттардың iстен шыққан жағдайларында сұранысқа ие болды. Еркiн қатысу бәсекелi споттық электр энергиясы нарығын құруға, баға белгiлеудiң қалыпты нарықтық тетiгiн жолға қоюға мүмкiндiк бермедi.

Бәсекенiң жеткiлiксiздiгi 2007 жылға қарай көтерме сауда нарығында қалыптасқан бағалар әлеуеттi инвесторларға өндiрудiң қалпына келтiрiлуi мен дамуына инвестиция құюға ынталандырмады.

Жаңа құрылыстарды ауқымды инвестициялау үшiн жеке тетiктер және есептiк тарифтер заңнамада көзделген.

Бiрақ, банктер кредиттерiн тарту кезiнде банктер мемлекет тарапынан электр энергияны мемлекеттiк кепiлдiк түрiнде инвестициялардың қайтуын қамтамасыз ететiн баға бойынша сатып алу кепiлдiгiн белгiлеудi талап етедi.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелi электр энергиясы нарығының нормативтi-құқықтық базасы мынандай: электр қамтамасыз етудiң сенiмдiлiгi, электр энергияны жеткiзуге өнiмнiң дайындығы, нарық субъектiлерiнiң өзара кепiлдiктерi тәрiздi нарықтық экономикасы дамыған елдердiң жалпай қабылданған коммерциялық шарттарын қамтымайды.

Осы шарттардың болмауы Қазақстанның қолданыстағы бәсекелi электр энергиясы нарығының жаңа өндiрушi қуаттарды салуда инвестиция үшiн қажеттi ынтаны тудырмайды, бұл меншiктi өндiрушi қуаттардың тапшылығының туындауына алып келедi.

Электр энергиясы нарығының нысаналы моделiнде тетiгi инвесторларға кепiлдiктер жасау РҚАылы жаңа электр станциялар құрылысын және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғыртуды/кеңейтудi қамтамасыз ететiн қуат нарығын енгiзу көзделген.

Қолданыстағы заңнамаға қуат нарығын енгiзу бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi.

Қуат нарығының негiзi мақсаты тұтынушылардың талап ететiн жүктемесi мен генераторлардың энергия жүйеге беретiн қуатының арасындағы теңгерiм болып табылады.

Қуат нарығының операторы ретiнде «KEGOC» АҚ ұйғарылды.

Қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның, қолданыстағы практика мен саланың дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

энергия тұтынушылардың сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру және электр және жылу энергиясы нарығына қатысушыларды тұтынушыларға электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау мүмкiндiгiне кепiлдiк беретiн, нарықта бәсекелi шарттар тудыру РҚАылы қорғау құқығы; Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң өмiршеңдiгiн қамтамасыз ететiн аса маңызды жүйесi ретiнде басқару бiр тұтастығы.

Қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында мынадай заңдар мен нормативтi-құқықтық актiлер күшке ие:

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 588 Заңы,

«Табиғи монополиялар мен реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 272 Заңы,

«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шiлдедегi № 165-VI Заңы,

«Шектi тарифтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысы,

«Жаңартылатын энергия көздерiн қолдануға мониторинг жүргiзу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысы,

«Жаңартылатын энергия көздерiн қолдану объектiлерiнiң құрылыстарының техника-экономикалық негiздемелерiн және жобаларын келiсу және бекiту мерзiмдерi мен ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысы;

«Электр энергиясын пайдалану ережесiн және Жылу энергиясын пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығы;

«Электр және жылу желiлерiне қосылудың ең жақын нүктелерiн анықтау және объектiлердi жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануға қосу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 1 қазандағы № 270 бұйрығы;

«Электр энергияны бiлiктi энергия өндiретiн ұйымдардан сатып алу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 29 қыркүйектегi № 264 бұйрығы;

«Жүйелiк оператордың қызмет көрсету, жүйелiк және көмекшi қызметтер нарығының ұйымдастыру және жұмыс iстеу ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегi № 213 бұйрығы;

«Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме сауда нарығының қызмет ету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығы;

«Теңгермелi электр энергиясы нарығының қызмет ету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 11 қарашадағы № 269 бұйрығы;

«Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының орталықтандырылған саудаларын ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 228-НҚ бұйрығы;

«Электр энергия көтерме нарығын қалыптастыру және ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi № 232 бұйрығы.

Iрi электр энергетикалық қуаттарды салуға тартылған инвестицияларды қамтамасыз ету үшiн ҚР ТМРА ҚР ИЖТМ-мен бiрлесiп, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы және табиғи монополиялар және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзiрлеу бойынша жұмысты жүргiзiп жатыр.

Орын алып отырған проблемалы мәселелердi шешу жөнiндегi Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмдеуге болатын шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу

Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу электр энергетиканы дамытуға барлық шығындарды жабу үшiн бiр ғана бәсекелi нарықтың жеткiлiктi бола алмайтынын көрсеттi. Көптеген елдерде электр энергиясын жеткiзушiлерге нарықтық құннан үстеме төлемдер жасаудың тетiктерi ұсынылды: Ұлыбританияда барлық жеткiзушiлерге арналған бiрыңғай үстеме бар, Латын Америкада (Панама, Никарагуа, Гватемала) жеке қуат нарықтары бар, АҚШ-та (PJM нарықтары, Жаңа Англия) қуат нарығында аукциондар 2008 жылдан бастап өткiзiлуде, Ресей де әлемдiк тәжiрибенi үш жылға жуық зерделедi және осы жылы Ұзақ мерзiмдi қуат нарығы туралы тұжырымдама қабылданған болатын және алғашқы бәсекелi қуат iрiктеудi жүргiзу күтiлуде (2010 жылғы қыркүйек).

Жасалып жатқан қуат нарығы өзiне шоғырландырушы қуаттарды дамыту мақсатында электр энергетикасы саласын уақытылы инвестициялау үшiн тетiктi бiлдiредi.

Қазiргi уақытта әлемнiң дамыған электр энергиясы нарықтарындағы электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымы мынадай түрде көрiнедi:

тәулiктiк кестенiң базалық бөлiгiн қалыптастыру үшiн 90 пайызға дейiнгi электр энергиясы орталықтандырылған және орталық нарықта ұсынылған ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттарда еркiн бағалар бойынша сатып алынады;

тәулiктiк кестенiң ауыспалы бөлiгiн қалыптастыру үшiн 10 пайызға жуық электр энергия мiндеттi түрде электр энергиясының спот сауда-саттықта сатып алынуға тиiс, ал 5 пайызға дейiн электр энергия теңгермелi нарықтан сатып алынуы мүмкiн.

Оның пайдасына дәлел споттық сауда-саттық электр энергиясының көтерме сауда нарығының қажеттi сегментi болып табылатынына шетелдiк нарықтар тәжiрибесi кепiл болады. Осылайша, тиiмдi жұмыс iстейтiн энергетикалық биржалар ең алдымен ашық баға реттегiш болып табылады, өйткенi споттық сауда-саттық бағасына қазiргi кезде нарықта бар барлық сыртқы және iшкi факторлар әсер етедi, бұл: маусымдылық, қуаттардың апатты iстен шығуы және тағы басқалар. Қазiргi уақытта, озық шетелдiк электр энергетика нарықтарындағы споттық сауда-саттық электр энергияның сатылу көлемi көтерме нарықта сатудың барлық көлемiнiң 20 %-дан (PJM нарығында, АҚШ) 70%-ға дейiн (NORD POOL, Скандинавия) құрайды. Мысалы, Ресей Федерациясында Үкiметтiң қаулысымен электр энергияны споттық сауда-саттықта кезең-кезеңмен еркiн бағамен мiндеттi түрде сату нормалары 15 % -дан бастап одан әрi ұлғаюмен белгiленген.

Электр энергиясын споттық сауда-саттықта сатып алудың бiрқатар артықшылықтары бар:

1) сауда-саттық биржа қағидаттарымен түсiнiктi де ашық баға белгiлеумен өткiзiледi;

2) мәмiлелер жасау үшiн әртүрлi байланыс жүйелерiн және ең алдымен internet — технологияларды пайдалану;

3) мәмiлелердi орындаудың қаржылық кепiлдiгiнiң болуы;

4) нарық субъектiлерiнiң электр энергиясына қажеттiлiгiн дәл жоспарлау мүмкiндiгi, осылайша екiжақты келiсiмшарттардан электр энергияны тәулiктiк жеткiзу/тұтыну кестесiнiң базалық бөлiгi қалыптасады, ал нарықтың көмекшi сегменттерiнiң көмегiмен (споттық сауда-саттық, теңгермелi нарық) нарық субъектiлерi жүктемелердiң дәлме-дәл 100 %-ға (шарықтау шегi, жартылай шарықтау шегi) жоспарлау мүмкiн емес бөлiгiн жабады, бұл келiсiмшарттық емес көлемнiң шығынын азайтуға мүмкiндiк бередi.

5) инвесторларға салынған қаражатты қайтару бойынша қосымша кепiлдiктер бередi.

Органикалық отынды пайдалану қазiргi уақытта әлемдiк энергетиканың негiзiн құрайды. Халықаралық энергетика агенттiгiнiң (ХЭА) деректерi бойынша 2006 жылы әлемдiк электр энергияны өндiру 16691 ТераВатт құрады. Органикалық отынды пайдалана отырып, өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 66,4 %, iрi гидростанциялардың үлесi 15,9 %, атом энергетикасы 15,8 %, жаңартылатын энергия көздерi 1,9 % құрайды. Сонымен қатар, 21 ғасырдың басында энергетиканы дамытуға энергетика ресурстарын тұтынудың артқан кезiнде қазынды отын ресурстарының шектеулiлiгi мен бөлудiң әркелкiлiгi, елдердiң энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, парник газдардың шығарындылары бойынша экологиялық шектеулерге ұмтылысы сияқты факторлар әсерiн тигiзiп отыр. Осы факторлар энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесiн арттыру қажеттiгiне алып келедi. Халықаралық энергетикалық агенттiктерi мен институттардың зерттеулерi көрсеткенiндей, 2050 жылы әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесi энергияға артып отырған сұранысты қанағаттандыру және атмосферадағы парник газдардың құрамын тұрақтандыру үшiн шамамен 18%-ды немесе одан жоғары құрауы мүмкiн. Дамыған елдер жаңартылатын энергия көздерiн дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қабылдауда. Осылайша, Еуропалық Одақ 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерiнен электр энергияны өндiру үлесiн 20 %-ға дейiн ұлғайту туралы шешiм қабылдады (iрi су электр станцияларын есептеусiз). Қазақстанда iрi су электр станцияларында өндiрiлген электр энергияның үлесi шамамен 12% құрайды.

Жаңартылатын энергия көздерiнiң iшiндегi ең серпiндi дамып келе жатқан коммерциялық түрлерiнiң бiрi жел энергетикасы болып табылады. 2009 жылы жел электр станцияларының (ЖЭС) қондырылған қуаты шамамен 160 000 МВт құрады, ЖЭС-те жылына шамамен 340 млрд. электр энергия немесе әлемдiк электр энергияны тұтыну көлемiнiң 2% өндiрiлдi. Жел энергетикасы жылына 20-30% дейiн қуаттың тұрақты артуын көрсетiп келедi

Қазiргi уақытта әлемнiң шамамен 16 елiнiң электр энергетикасы құрылымында ЖЭС бар. Әлемнiң 43 елiнде таяу және орта мерзiмдi перспективада қуаты жүз және мың МВТ қондырғылары бар жел энергетикасын дамытудың Ұлттық Бағдарламасы бар. Бұл Бағдарламалар, әдеттегiдей, жел энергиясы құрылымының өзiндiк базасын дамытуды көздейдi, бұл жел қондырғылары жабдықтарының құнын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Мысалы, немiс құқықтық негiзiнiң шеңберiнде Германия өзiнiң электрмен жабдықталуының 30%-ын ЖЭК есебiнен қамтамасыз етудi жоспарлап отыр. Жаңартылатын энергетикаға жәрдемдi қаржылай қолдау жоспарында, Германияда төрт тетiк пайдаланады: тiкелей инвестициялық қолдау, жеңiлдiк тарифтерi, жеңiлдiктi қарыздар мен салықтық жеңiлдiктер пайдаланылады. Қаржылық бастамалар мен Қолдау бағдарламалары ұлттық деңгейде, сондай-ақ федералдық жерлер деңгейiнде жүзеге асырылады, бұл ретте кейбiр жергiлiктi билiк орындары, сондай-ақ электр энергияны жергiлiктi жеткiзушiлер қосымша қолдау сызбаларын әзiрледi.

Жаңартылатын энергия көздерiн қолдануда айтарлықтай дамыған елдердiң бiрi Нидерланды Корольдiгi. Күн технологиялары экспорттық өнiм болып табылады. Малиде бұл күн энергия орталығын ойдағыдай жасауға мүмкiндiк бердi. Ubbink Solar компаниясының панельдерiнен түсетiн күннiң мол энергиясы аккумуляторларда сақталады және шағын-желi РҚАылы тұрғындарға жiберiледi.

Испанияда Жаңартылатын энергия көздерi жөнiндегi жоспарын Испанияның Министрлер Кеңесi бекiттi, оның мақсаты 2010 жылдың аяғына қарай елдегi тұтынылатын энергияның 12% жаңартылатын энергия көздерi есебiнен өндiру болып табылады. Испания жел энергиясын пайдаланып энергия өндiру бойынша көшбасшылардың бiрi. Елде жаңартылатын энергия көздерiнен барлық пайдаланылатын энергияның 27% жел турбиналары өндiредi.

Зерделенген халықаралық тәжiрибенi назарға ала отырып, ЖЭС саласында қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi қолдайтын ең озық тиiмдi тәжiрибенi қолдану мәселесiн қарау қажет.