Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС Эканомика казакстана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
75.61 Кб
Скачать

Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерiнiң зор әлеуетiне ие.

Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға терiс әсердi төмендету және Киото хаттамасы бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау, сонымен қатар Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысы нашар өңiрлердi электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды дамыту қажет.

Жел энергетикасы

Қазақстан Республикасы өзiнiң географиялық жағдайы бойынша солтүстiк жартышардың желдiк белдеуiнде орналасқан және Қазақстанның едәуiр аумағында негiзiнен солтүстiк-шығыс, оңтүстiк-батыс бағыттарында айтарлықтай әуе ағымдары байқалады. Қазақстанның бiрқатар аудандарында желдiң орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с астамды құрайды, ол осы аудандарды жел энергетикасын дамыту үшiн тартымды етедi.

Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстанның жел энергетикалық әлеуетi жылына 929 млрд. кВт. caғ. бағаланады.

Жел энергетикасы жөнiндегi БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының шеңберiнде жүргiзiлген Қазақстанның өңiрлерi бойынша жел энергетика әлеуетiн зерттеу, Оңтүстiк аймақта (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары), Батыс аймақта (Маңғыстау және Атырау облыстары), Солтүстiк аймақта (Ақмола облысы) және Орталық аймақта (Қарағанды облысы) ЖЭС салу үшiн жақсы жел әлеуетiнiң барын көрсеттi.

Жел энергетикасын дамытуға басты кедергi құрылысқа арналған жоғары үлестiк күрделi шығын және электр энергиясына жоғары тариф болып табылады. Алайда, қуат көздерiне бағаның тұрақты өсуi, өндiрушi қуаттардың жаңғырту мен жаңартуға инвестициялар тарту жағдайларында дәстүрлi көздерден және жел электр станциясынан электр энергиясына баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

Гидроэнергетика

Қуаты кемiнде 35 мВт құрайтын шағын су электр станциялары (ГЭС) ерекше маңызға ие. Шағын ГЭС дамытуда ең үлкен перспектива айтарлықтай әлеуетке ие, бiрақ бұл ретте электр энергиясын солтүстiк облыстардан импорттайтын Республиканың оңтүстiк облыстарында бар.

Елдiң оңтүстiк облыстарының тау өзендерiнде гидроэнергия ресурстарының шамамен 65 %-ы шоғырланған. Алынған зерттеулерге сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы су әлеуетi жылына 170 млрд. кВт.сағ., техникалық тұрғыдан iске асыру мүмкiндiгiн - 62 млрд. кВт.сағ, оның iшiндегi шағын ГЭС әлеуетi шамамен 8,0 млрд. кВт.сағ. бағалауға болады.

Шағын ГЭС пен шағын бөгетсiз ГЭС электр энергиясын өндiрудiң төмен өзiндiк құны бар, сондай-ақ басқа энергия көздерiмен салыстырғанда қоршаған ортаға түсетiн жүктеме мейлiнше аз болады.

ГЭС каскадын құру құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей, қуаттарды кезең-кезеңмен iске қосуды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бiрiншi агрегаттардың iске қосылуы мен электр энергиясын алуды жеделдетедi, сондай-ақ қор қайтарымы мен қаржы салымдарының тиiмдiлiгiн арттырады.

Күн энергетикасы

Қазақстанның табиғи жағдайы күн энергетикасын дамыту үшiн қолайлы. Елдiң оңтүстiк аудандарында жүргiзiлген зерттеулердiң қорытындысы бойынша күн сағаттарының саны жылына 2200-2300 сағатқа жетедi, бұл өз кезегiнде күн батареяларының панельдерiн, фото электр көздерiнiң портативтi жүйелерi мен суды күнмен қыздырғыштарды пайдалануға мүмкiндiк туғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]