
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы: Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
- •Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
- •2. Электр энергиясын өндiру секторы
- •3. Электр энергиясын беру секторы
- •4. Электрмен жабдықтау секторы
- •5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
- •6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
- •Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
- •Қазақстандық қамту
- •Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
- •Жел энергетикасы
- •Гидроэнергетика
- •Күн энергетикасы
- •Электр энергетикасы нарығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •Дұрыс жауаптар кілті:
Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын iске асыру мақсатында 2004 жылы өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi қызметi оны беру жөнiндегi қызметiнен бөлiнген болатын және энергиямен жабдықтау ұйымдары, оның iшiнде электр энергиясына кепiлдiк беретiн жеткiзушiлер құрылды.
Кепiлдiк беретiн жеткiзушiлермен және өзара бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзгенi үшiн бәсекелесетiн жеке тәртiппен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құрылады және осылайша бөлшек сауда нарығында бәсеке қамтамасыз етiлетiн болады деп болжанды.
Сонымен қатар, ҰЖҰ арасында нақты бәсеке құру мүмкiн болмады және бөлшек сауда нарығында өңiрлiк электр желiлiк компаниялар құрған ЭЖҰ (ЭКЖ) үстем болды.
Сондай-ақ, электр энергиясының көтерме сауда нарығы бәсекелестiктiң төменгi деңгейiнде сипатталады, осы нарықтағы олардың нарықтық үлесiнiң жыл сайынғы нығаюымен компаниялардың бiрнеше топтарымен олигополизацияланды.
Көбiнесе қалыптасқан жағдай өндiрушi станциялар, энергия берушi ұйымдардың ЭЖҰ-мен аффилирленгенiмен түсiндiрiледi, бұл бәсекенi дамытуға және инфрақұрылымға тең қол жеткiзуге кедергi жасайды.
Бұдан басқа бөлшек сауда нарығында бәсекенi дамытуға кедергi жасайтын шешiлмеген мәселе:
өңiрлiк деңгейде ЭКЕАЖ құрудың аяқталмағаны;
электр энергиясы нарығындағы жекелеген ЭЖҰ басқа ЭЖҰ электр энергиясын қайта сатуға мәжбүрлейтiн қызметi болып табылады.
Осыған байланысты көрсетiлген нарықтағы бәсекелестiктi дамыту жұмыстарын жалғастыру керек.
Қазақстандық қамту
2009 жылы электр энергиясын тұтыну 77,95 млрд.кВт.сағ., өндiру 78,43 млрд.кВт.саг., экспорт пен импорттың көлемi тиiсiнше 1,87 млрд.кВт.саг. және 1,4 млрд.кВт.сағ. құрады. Электр энергиясын тұтыну бөлiгiнде қазақстандық өнiмнiң үлесi 90% астамды құрайды, ағымдағы бағдарлама шеңберiнде жоспарланатын iс-шаралар есебiнен 2014 жылға қарай электр энергиясын тұтыну үлесiн арттыру және оны 98% жақындату жоспарланып отыр.
Электр энергетикасы саласында 75 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде: энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда 45 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Бұдан басқа сервистiк қызмет саласында (iске қосу-реттеу, құрылыс-монтаж, жобалау-iздестiру, сараптық және т.б.) 30 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта республикада: трансформаторлар (Кентау трансформатор зауыты), кәбiл өнiмi (Павлодар қаласындағы Қазақэнергокәбiл, Талдықорған қаласындағы Азия Электрик және т.б.) өндiрiсi бар, шетелдiк өндiрушiлердiң негiзiнде (ABB, Siemens) тарату шкафтарын құрастыру, тiректер, оқшауланған өнiм және т.б. жолға қойылған.
Энергетика саласы үшiн кадрлар даярлау 80 кәсiптiк техникалық оқу орындарында 11 мамандық 24 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылуда, онда 23,9 мыңнан астам адам оқып жатыр.
Энергетика саласындағы жобаларды iске асыру үшiн 2010-2014 жылдары кадрларға болжамды қажеттiлiк 6,5 мың адам, ал оқу орындары 23,4 мың адам даярлайтын болады.
Кадрларды жаңа мамандықтар мен бiлiктiлiктер бойынша («Лифттер
бойынша электр механигi», «Термошы», «Стропальщик», «Энергетикалық
жабдықтарды қараушы-жүргiзушi», «Жоғары вольтты жабдықтарды
жөндеушi», «Дефектоскопшы» және т.б.) қайта даярлау Талғар агробизнес
колледжiнiң, Көксу ауыл шаруашылығы колледжiнiң, Атырау қаласы
политехникалық колледжiнiң, Көксу ауыл шаруашылық колледжiнiң, Атырау
қаласындағы политехникалық колледждiң базасында және Атырау қаласындағы № 2 және № 6 кәсiптiк лицейлерiнiң, Алматы қаласындағы № 6 және № 9 кәсiптiк лицейлердiң базасында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар ҚР БҒМ-мен және ҚР Еңбекминiмен бiрлесiп электр энергетикасы саласындағы кәсiптiк стандарттарды әзiрлеу, сондай-ақ кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мәселесiн пысықтау жоспарланып отыр.
Жаңартылатын энергетика саласында жоғары технологиялық өндiрiстер және Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында өнеркәсiптiк енгiзу тетiктерiн құру. Жел энергетикалық қондырғылар құрастыру және дайындау технологияларын дамыту бойынша айқын негiз қажет. Дамытудың негiзгi бағыты халықаралық тәжiрибенi, технологияларды және бiлiмдi пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастық болуы мүмкiн. Балама энергетика технологияларын өндiру бойынша жобаларды (жел қондырғыларын, жел және су турбиналарын, электр генераторларын, күн батареяларын және т.б.) iске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға және шығарылатын өнiмнiң қазақстандық қамтуын ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.