- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы: Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
- •Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
- •2. Электр энергиясын өндiру секторы
- •3. Электр энергиясын беру секторы
- •4. Электрмен жабдықтау секторы
- •5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
- •6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
- •Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
- •Қазақстандық қамту
- •Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
- •Жел энергетикасы
- •Гидроэнергетика
- •Күн энергетикасы
- •Электр энергетикасы нарығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •Дұрыс жауаптар кілті:
7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
ҚР БЭЭЖ-дiң жүйелiк операторы мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-i бойынша электр энергиясын беру жөнiндегi жүйелiк қызметтердi көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалануға әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етедi;
ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдерiне орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелiк қызметтер көрсетедi;
ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
электр энергиясын өндiру-тұтынуын теңгерiмдеудi ұйымдастыру бойынша жүйелi қызметтер көрсетедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн қаржылық реттеудi жүзеге асырады;
энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерiнiң пайдаланылуын айқындайды;
электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
қосарлас жұмыс режимдерiн басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен өзара әрекет етедi;
бiрыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебiнiң автоматтандырылған жүйесiн жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiн релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
электр энергиясы теңгерiмiнiң ұзақ мерзiмдi болжамын әзiрлеудi жүзеге асырады.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы iске қосылады.
ҚР БЭЭЖ орталықтандырылған диспетчерлiк басқаруды Жүйелiк оператордың Ұлттық диспетчерлiк орталығы жүзеге асырады.
Субъектiлердiң электр энергиясы нарығына ашық кемсiтусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағаның объективтi индикаторын қалыптастыру мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы жұмыс iстейдi.
Күштi және әлсiз жақтарды, бұл сала үшiн мүмкiндiктер мен қауiп-қатердi талдау
1. Күштi жақтары
Электр энергетикасы саласының күштi жақтарына мыналар жатады:
арзан көмiрдi пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндiрудiң жоғары үлесi (2009 жылы жалпы өндiрiс көлемiнiң шамамен 74%-ы)
кернеуi 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желiлерiнiң дамыған схемасы;
жедел диспетчерлiк басқарудың орталықтандырылған жүйесi;
жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетiнiң болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
Қазақстанның БЭЭЖ-нiң Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдiң БЭЖ-мен қосарлас жұмыс iстеуi;
электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн нормативтiк-құқықтық база жасалды;
электр энергиясын экспорттау мүмкiндiгi және транзиттiк әлеуеттiң болуы;
отын-энергетика ресурстарының елеулi қорының болуы.
2. Әлсiз жақтары
Электр энергетикасы саласының әлсiз жақтарына:
өндiрушi жабдықтардың парктiк ресурсын айтарлықтай ендiру, бұл жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндiру мүмкiндiктерiн шектейдi (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктiк ресурс 18-30 % құрайды);
гидроэлектр станцияларының өндiрушi қуаттар құрылымындағы төмен үлесiне байланысты (12% жуық) ең ұшқары жүктемелердi жабу үшiн маневрлi өндiрушi қуаттардың тапшылығы;
өндiрушi қуаттар таралуының әркелкiлiгi (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);
өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың электр желiлерi тозуының жоғары деңгейi (~ 65-70%);
жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететiн тетiктiң жоқтығы;
Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткiзiлетiн электр энергиясына тәуелдiлiгi жатады.
3. Мүмкiндiктерi
Электр энергетикасы саласының мүмкiндiктерiне:
Батыс аймақты КР БЭЭЖ негiзгi бөлiгiмен бiрiктiру;
елдiң жекелеген өңiрлерiнде энергетикалық қауiпсiздiкке қол жеткiзу;
қуат нарығын iске қосу;
Республика өңiрлерiн iшкi энергетикалық ресурстармен жеткiлiктi қамтамасыз ету;
елдiң экспорттық және транзиттiк мүмкiндiктерiн арттыру;
электр энергетикасы объектiлерiн дамытуға инвестиция тарту үшiн саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнiнде шаралар қабылдау.
4. Қауiп-қатерлер
Электр энергетикасы саласының негiзгi қауiп-қатерi:
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларында иелiк және қондырылған қуат арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және негiзгi жабдықтардың iстен шығуы;
жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;
елдiң шектес мемлекеттердiң электр энергиясына тәуелдiлiгi.
Саланы дамытудың негiзгi проблемалары, үдерiстерi мен алғышарттары
1. Жабдықтардың жай-күйi
2010 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда электр станцияларының белгiленген қуаты 19,1 мың МВт, қолдағы қуат — 14,8 мың МВт. құрады.
Қуаттың алшақтығы мен шектеу - 4,3 мың МВт. құрады, оның iшiнде:
1,1 мың МВт - су шығыны бойынша шектеуге және төменгi бьефтiң жоғары тiреуiне, сондай-ақ су ағысы бойымен шағын СЭС жұмыс iстеуiне байланысты ГЭС-те;
1,5 мың МВт - жұмыс iстеуге қабiлетсiз жағдайдағы № 1, 2, 8 энергия блоктарды консервациялауға байланысты ЕМАЭС-1-де;
1,7 мың МВт — жылу электр станцияларының негiзгi және қосалқы жабдықтарының қанағаттандырғысыз жай-күйде болуы мен жылу тұтынудың жетiспеушiлiгiне және жобалық емес отынды жаққандықтан.
Бүгiнгi күнi өндiрушi қуаттардың 41% жуығы 30 жылдан астам пайдаланылды.
Электр қуаты және энергиясына перспективтi қажеттiлiктiң өсуiн жабу үшiн электр станцияларын дамыту мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде:
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының жабдықтарын техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғырту;
жұмыс iстеп тұрған электр станцияларында жаңа қуаттарды iске қосу;
жаңа электр станцияларын салу (ЖЭО, КнЭС, СЭС, ГТЭС)
теңгерiмге дәстүрлi емес жаңартылатын энергия көздерiн енгiзу (ЖЭС, КЭС).
2014 жылға қарай электр жүктемесiнiң 15,4 мың МВт дейiн артуы күтiлуде. Электр жүктемесiнiң артуын жабу үшiн жұмыс iстеп тұрған электр станцияларын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ жаңасын салу жөнiндегi iс-шаралар қажет.
Саланың жүйе құрушы инфрақұрылымы ретiнде Ұлттық электр желiсiн оңалту жөнiндегi шаралар қажет. Бұдан басқа, ҚР БЭЭЖ маңызды торабы болып табылатын және алдыңғы кезеңдегi салымның болмауы себептi қанағаттандырғысыз жағдайдағы Екiбастұз МАЭК-1 500 кВ АТҚ оңалту қажет.
